Дене тәрбиесі
Дене тәрбиесі — валеология ғылымдарының бір саласы. Дене тәрбиесі көне заманда Грецияда, Римде және басқадай еддерде дамыған. Ол туралы ғылыми тұрғыдан жиналған деректер бар. Дене тәрбиесінің маңызы — адамның денсаулығын нығайтып, күш-жігерін, ақыл-ойын арттырады. Осыған байланысты Францияда Ф.Рабле, М.Мантель, дене тәрбиесін ақыл-ой, біліммен бірге қарау керек екенін насихаттаған.
Чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменский «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» атты классикалық еңбектерінде балалар гигиенасы, денсаулығы, тамақ режимі проблемаларына, ойындары мен дене шынықтыру жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесін балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенін дәлелдеп, оны педагогикалық үрдістің аса маңызды бөлігі деп есептеді.
Орыс халқының алдыңғы қатардағы педагогтары мен қоғам қайраткерлері В.Н.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышев-ский балалардың дене тәрбиесіне үлкен мән берген болатьш. Ұлы педагог К.Д.Упшнский дене тәрбиесін еңбекпен байланыстыра зерттеді. Ол адамның ақыл-ой мен көзқарасының, күш-жігерінің қалыптасып дамуына еңбектің маңызын жан-жақты көрсетті. Орыстың атақты анатом-педагогы П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесінің ғылыми жүйесін құрды. Ол балалардың түсінігі мен ойлау қабілетін дамытуда дене тәрбиесінің маңызы бар деп көрсетті.
ХІХ-ХХ ғасырларда көптеген елде спорт түрлері дене тәрбиесі ретінде кеңінен өріс алып, дами түсті. Дене тәрбиесінің ғылыми негізде бірнеше ғылыми әдістемесі жасалынды. Ол валеологиялық тәрбиенің ең негізгі бағыттарының біріне айналды.
Гигиеналық-жаттығулар мен ұдайы шұғылдану, жугіру, шаңғы тебу, жүзу, қайық есу сияқты спорт ойындары мен арнаулы жаттығулар адамның тыныс алу үрдісін күшейтеді. Қан айналысып, зат алмасуын жақсартады.
Дене тәрбиесі адамның жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі. 1—3 жастағы балаларға арналған дене тербиесінің міндеті — балаларды гигиеналық күтімге алу, олардың дұрыс, уақытымен тамақтануын қадағалау, жас сәбилерді тазалыққа т.б. дағдыландыру. Мектеп жасына дейінгі (3—7 жас) балалардың дене тәрбиесі төзімділігін, қозғалғыштығьш, ептілігін қалыптастыруға бағытталған. Балалар бақшасында аптасына бір рет 20—30 минут арнайы жаттығулар, күн сайын таңертең 4—5 минут гимнастика өткізілгені дұрыс. Дене тәрбиесінің негізгі саласы — гимнастика, ол спорт және мектептен тыс жұмыс ретінде де жүргізіледі. Дене тәрбиесі міндетті пән ретінде оқу бағдарламасына енгізілген.
Дене тәрбиесі барлық жоғары оқу орындарында жалпы дене шынықтыру курсы ретінде жүргізіледі.