Есірткі
Есірткі
Есірткі зат гашишті Қытайда сауығу үшін пайдаланған. Ассириялықтар сораны шылым ретінде шеккен. Шығыс елдерінде сорадан әр түрлі химиялық заттар алып, әр түрлі мақсаттарға қолданған. Олар: анаша, банг (бонг, ганжа, харос және т.б. қосылыстар).
Бұл тараудың негізгі мақсаты оқушыларға және студенттерге адам ағзасына ішімділіктің, темекінің, есірткінің әсерлеріне ғылыми тұрғыдан түсінік беру. Зиянды дағдылардың алдын алуға әсерін тигізетін кейбір қалыптасқан ережелерден тартымды етіп түсінік беру. Оқушылардың, студенттердің және халық арасына кең тараған темекі шегу, арақ-шарап ішу, есірткелік заттармен әурелену, улы қосылыстарды иіскеп, денесіне жағу мен әуестенудің алдын алу тақырыптарына әңгіме, лекциялар оқып, лабораториялық практикалық сабақтар өткізу. Зиянды дағдылардың түрлерінен есірткі қосылыстарының қазіргі кездегі классификациясына түсінік беру. Есірткі қосылыстарға деген тәуелділік факторларын ашып түсіндіру. Адам ағзасына әсіресе жас жеткіншектер ағзасына есірткінің (наркотикалық заттардың) тигізетін әсерін түсіндіру. Арақ-шарап ішу мен шұғылданудың кезендері, темекі есірткісі-темекі түтінінің адам ағзасына өсері. Зиянды дағдыларды боддырмауға қолдан келгеннің бәрін жасау керек екенін жан-жақты түрде айтып беру. Жасыратыны жоқ жер шарының көптеген мемлекеттерінде залалды дағдылар қисапсыз көбейіп кеткені туралы газет журналдар күн демей, түн демей жазып жатыр. Қояға түскен есірткі заттарды аяусыз түрде отқа жағып, ұсталған адамдарды ешқандай аяусыз соттап жатыр. Осындай қатаң шараларға қарамастан, есірткі сатушылар азаймай-ақ тұр. Олар жылдан-жылға көбейе түсуде. Мұның кең етек алып, кең таралуын бір қатар ғалымдар және педагогтар, психологтар, медиктер алдыңғы катарлы саналы және сауатты адамдар басқа келген апат деп түсіндіреді. Ол негізінен дұрыс. Құдай сақтасын есірткімен айналысатын адамдарды естігенде жаныңыз шошиды. Бұл адамдардың басына келген нағыз бақытсыздық. Мұны ғалымдар өркениет ауруы дейді. Есірткі заттармен айналысу медиктердің алдында тұрған үлкен шешуі табылмай келе жатқан проблема.
Адам денсаулығына зиян келтіретін дағдылар: темекі шегу, арак-шарап ішумен шұғылдану, есірткі және улы қосылыстармен (токсикоманиямен) айланысу. Айта кететін бір жәй барлық наркотикалық заттар тек қана жасыл өсімдіктерден (апыйыннан, қалақайдан, коноплядан) өндіріледі. Оларды көне заманнан бері қолдан өсіріп келеді. Ал жабайы түрі де жеткілікті. Бір ғана Жамбыл облысының территориясында 500 мың гектар жерде конопля өседі.
Ш.Айтматов өзінің кітаптарында жазды ғой. Конопля гүлдеген кезде оның тозандарын жинап алып, сақтап, кептіріп сатуға даярлайды. Бұл үлкен қылмыс. Одан анаша ендіріледі. Наркотикалық заттарды үш жолмен пайдаланады. Біріншісі -тарту, екіншісі — ішу, үшіншісі арнаулы инелер (шприц) арқылы денеге инекция ретінде дарыту. Бұл үшеуінің ішіндегі ең ауыры наркотикалық заттарды инекциялап денеге тарату. Бұл тәсіл емдеуге келмейді. Өйткені есірткі заттар қанға бірақ барып әсер етеді. Мұндаймен шұшлданған адамдар ұзақ ғұмыр сүрмейді 25-26 жасында өмірмен қоштаса береді. Ал бірінші және екінші тәсілмен айналысқан адамдарды емдеп жазуға болады. Ол үшін өте күшті ерік болуы тиіс. Онсыз ойдағыдай ем-дом ешқандай нәтиже бермейді.
Дағды — бір немесе бірнеше қимылды бірнеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сонымен бірге табиғатына танылып қалатын мінез-құлықтагы «автоматтандырылған элемент». Адам-ның нерв жүйелерінде, әсіресе ми қыртыстарында шартты рефлскстер тізбегі пайда болып, ол дами түседі. Бұл шартты рефлекстен қүтылуға әбден болады. Егер, таң ертсң гимнастика жасаса, ұйықтар алдында серуен құрып жүрсе, тамақтану тәртібін қатаң сақтаса, зиянды дағдылардан адам емін-еркін құтылып кетеді. Ағза тазарады. Қан құрамы өзгереді. Адамның көңіл-күйі көтеріле түседі.