Үстеудің сөйлемдегі қызметі
Үстеудің сөйлемдегі қызметі
Сөйлемде үстеу негізінен пысықтауыш қызметін атқарады. Өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне-көп қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әртүрлі сын-сипатын яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін. (М. Ә.). Ескі бише отырман бос мақалдап (А). Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті (Ғ. Мұст).
Берілген мысалдағы тез (қалай жылына қоймайтын?), ерте (қашан көктемейтін?), бише (калай отырман?), жоғары (қайда кетерілу?) деген сөздер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
Кейбір үстеулер жіктеліп келіп баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Сендер осындасыңдар ма? Бірлік қайда болса, жеңіс сонда. Бұл сөйлемдердегі осындасыңдар (көпше III жақ), сонда (III жақ) үстеулері жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.
Кейде үстеу атау септікте тұрып заттанып келіп бастауыш қызметінде де жұмсалады: Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (макал). Бугін — мереке.
Күшейткіш үстеулер сапалык сын есімдермен тіркесіп келіп, онымен бірге күрделі анықтауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Сауықшыл сорлы бүкшиді, Тым-ақ қиын іс болды (А). Мәжіліске ең қадірлі, ең шаңдаулы адамдар келмек.
Берілген сөйлемдердегі тым-ақ және ең деген күшейткіш үстеулері қиын және қадірлі, таңдаулы сын есімдермен тіркесіп келіп, іс және адамдар сөздерінің күрделі анықтауышы болып тұр.
Үстеуді талдау.
Үстеудің сөз түрлендіретін тұлғалары жоқ. Сондықтан әдетте сөйлем ішінде үстеуді тапқаннан кейін, біріншіден, мағыналық түрін (мезгіл, мекен сын-қимыл, мөлшер, күшейткіш, мақсат, ссбеп-салдар), екіншіден, құрамын (негізгі я туынды түбір, күрделі біріккен, қосарланган, тіркескен түбір) ажыратамыз.