Сөз тіркесі
Сөз тіркесі
Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.
Мысалы: самал жел, оқыған жігіт дегенде самал, оқыған — бағыныңқы сыңарлар, жел, жігіт — басыңкы сыңарлар. Мысалы, ағаш үй, алтын сағат, темір күрек, ойлап сөйлеу, ақырын жүру дегендер — жай тіркес те, ақ боз ат, ойға беріліп кетпеу, жүз шақты кісі, теңіз жағасында жүру, сары ала тон дегендер — күрделі тіркестер. Өйткені бұл тіркестер сөз бен күрделі сөздердің өзара бірі екіншісіне бағына байланысуы арқылы жасалған. Сөздер бір-бірімен тіркескенде, кейбірі есім сөздің, кейбірі етістіктің айналасына топталады. Осыған сәйкес сөз тіркесі есімді сөз тіркестері және етістік сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Қабыса байланысқан есім сөз тіркестерінің құрамы былай болады.
1. Зат есімді тіркестер: алтын қасық, темір балға.
2. Сын есім мен зат есім тіркесі: ақ құба жігіт, боз інген, сұлу қыз.
3. Сан есім мен зат есім тіркесі: бес ешкі, алты комбинат.
4. Есімше мен зат есім тіркесі: жаңарған дала, дамыған ел.
5. Есімдіктер мен зат есім тіркесі: сол сәт, бұл фабрика.
Матаса байланысқан есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары ілік
септігіндегі зат есім немесе заттанған сөздер, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауындағы зат есім немесе заттанған сөздер болады. Алматы — Отанымыздың жүрегі. Осы сөйлемдегі Отанымыз-дың ілік септігіндегі зат есім жүрегі деген тәуелдік жалғаулы зат есіммен матаса байланысып тұр. Ал жақсының ісі, аттың жүйрігі, білгеннің сөзі, баланың жақсысы т. б. дегенде бірде ілік септіктегі сөз, тәуелдік жалғаулы сөз заттанып тұр. Кейбір сын есімдер септік жалғаулары арқылы зат есімді меңгеріп тұрады. Малға бай, сөзге жүйрік.
Етістікті тіркестердің сыңарлары бір-бірімен қабыса, жанаса, меңгеріле байланысады. Үстеу мен етістіктен құралған сөз тіркесі жанаса байланысады: биыл бітіреді, кеше келді т. б. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері төмендегідей түрге бөлінеді:
1. Үстеу мен етістік тіркестері: төмен түсті, тез жүгірді.
2. Еліктеуіш сөзді етістік тіркестері: жылт-жылт көрінді, сырт-сырт соғады.
3. Көсемшелік етістік тіркестері: сөйлей кірді, жүре сөйледі.
4. Сын есімді етістік тіркестері: жақсы сөйледі, әдемі жазды.
5. Сан есімді етістік тіркестері: екі келіп, екі кетті.
6. Сан есім мен зат есімнен тіркескен тізбектер орын тәртібі арқылы етістікпен қабыса байланысады: екі рет айтты, бес метр өлшеді. Меңгере байланысқан етістікті тіркестердің басыңқы сыңары салт және сабақты етістіктер болады да, бағыныңқы сыңары шылау тіркескен сөздерден немесе барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерден құралады: шығысқа қарай ауысты, темірден жасалды, хатыңды оқыды.
Сөз тіркесі кем дегенде екі толық мағыналы сөзден құралатындықтан және олар бір-бірімен сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысатындықтан, онда сөз байланысының матасу, меңгеру, қабысу түрлері болады да, қиысу болмайды. Өйткені қиысу — бастауыш пен баяндауыштың арасындағы байланыс түрі, сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды, негізгі ойды білдіреді. Сөз тіркесі сөйлем ішіңде болады да, ойды білдіре алмайды.
Сайт мне не очень так понравился) я не нашла то что искала)ну в основном можно тут кое что найти) но очень мало информации)))
извините это не я писала) это подруга) мне сайт очень очень нравиться я здесь уже давно нахожу очень многое) спасибо вам)
Ka3akwa 6iJ|eCiHdep ma?
kazakwa bilesinder ma?
сайт маған ұнады !