БУЫН
Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішін де қазақ өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көптен-көбі буында жатыр. Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Керек десеңіз, тіпті ұйқассыз (ақ) өлеңнің өзін өлеңге айналдыратын ден-бір күш, құрал осы — буын. Демек, қазақ өлеңінің буынын бажайлап қарау да керөк, абайлап санау да керек.
Сонау керек? Қалай санаймыз?! Мысалы, мынау
өлең:
Эх, трубка, (3)
Сен серігісің (5)
Майдандық жолымның, (6)
Түтінің тізбегіндей, (7)
Жауға атылар зауал оғының (10) в
Ширатылып аспанға ұшады, (10)
Бейне бір шумағындай (7)
Кеудедегі ыза шоғының, (9)
Эх, трубка, трубка! (5)
(Ә. Сәрсенбаев )
Санай қалсақ, әр тармақтың буын саны әр түрлі; ода: да гөрі үңіліңкі-реп қарай қалсақ, кәдімгі көзіміз үйренген “төрт аяғы тең жорға” өлең кестелерінен гөрі оқшау, бір аяғы поэзияда, бір аяғы прозада тұрған аралық айшық секілді; ал оқи жөнелсек,— өлең — ақынның трубка
туралы ойын, ұғымын ғана емес, осы ой тұсындағы сыры мен сезімін, тіпті сол сәттегі көкірегі қарс айырыла күрсінуіне дейін дірілдетіп әкеп дәл жеткізіп тұрған қызулы өлең. Бұ қалай?.. Және осы сықылды оқыс айшықтар қазіргі қазақ поэзиясында күннен-күнге көбейіп келеді. Соған қарай ма, кім білсін, кейбіреулер қазақ өлеңінің буынғанегізделген силлабикалық сипатына күмән келтіре бастады.
Жоқ, күмәнданудың керегі жоқ: қ а з а қ ө л е ң і — қ а ш а н н а н с и л л а б и к а л ы қ ө л е ң, қ а з і р д е с о л а й. Мұндағы буын атқарар роль бұрынғыдай.Қазақ өлеңінің мазмұны мен пішінін жеке алып зерттей-тін арнаулы ғылми еңбектердің, * бәрінде буын мәселесі айрықша сөз болатыны да сондыктан.
Жоғарыдағы шумақ — лирик ақынның бір алуан көңіл күйін өлеңге айналдыру үстінде творчестволық ізденуінен туған сәтті табыс. Бұл даусыз. Бірақ мұны ойда жоқта табылған жаңа пішін деудің де, ойға келгенді жасаған жалаң пішіншілдік деудің, де керегі жоқ. Мұны айтьш отырған себебіміз,— кейбір жекелеген өлеңшілер өзі өлең деп жазған дүниеліктің буынын не созып, не қысқартып, не иіп, не сындырып, аз-кем эксперимент жасаса болғаны, күллі қазақ өлеңінің заңын өзгерткендей, силлабиканы тоникаға айналдырғандай, бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген жаңалық ашқандай өрепкіп шыға келетіні бар. Бұл, әрине, ағаттық.
Талас жоқ, жаңалық керек. Өмірде де, өнерде де талай жаңалық болған, болып жатыр һәм бола бермек. Бірақ жаңалық — дәстүрді жалғастыра алса ғана жаңалық. Бұл ретте, бәрінен бұрын, жаңалық деген ұғымның өзін мықтап байыптап алған жөн.
Айталық, әлгі шумақ. Осында жаңалық бар ма? Бар. Жазылып, жарық, көрген тұстағы (1945 жыл) басқа өлеңдермен салыстырғанда, мұнда бір түрлі бір еркіндік, жаңа леп, кәдімгідей кең тыныс барды. Өзінің өлшемі де әдеттегідён өзгеше: ақын жырлап отырған жоқ, жай шешіле сөйлеп отырғандай. Қезінде бұл, шынында да, әжеп-тәуір жаңа айшық болатын
*Қ Жұмалиев, Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі, А, 1948; Б. Кенжебаев, Қазақ өлеңнің құрылысы туралы, А , 1955;
3 Ахметов, Қазақ өлеқшщ құрылысы, А , 1964
Жә, осы айшықты ақын қай жолмен жасады? Инверсия жолымен жасады. Егер автор өлең тармақтарың инверсияға салмай, әр сөзді орын-орнымен Эх, трубка сен — майдандық жолымның серігісің, түтінің жауға атылар зауал оғының тізбегіндей ширатылып аспанға ұшды… деп тұтастырса, поэзия емөс, оп-оңай проза болады да шығады. Демек, бұл арада ақын қолданған негізгі тәсіл — и н в е р с и я. Ал инверсия қазақ поэзиясындағы ырғақты атам заманнан бері тек буын заңына лайық қана жасап келе жатқаны әмбеге аян. Бұдан шығатын түйін: соңғы кезде жаңалық көрініп жүрген (мейлі, көрінеі берсін, қарсы емеспіз!), ырғағы, ырғағына сай дауыс толқындары инверсия мүмкіндігінің мөлшерінде аз-кем түлеген немесе түрленген тың айшықтар, қандай күйге түссе де бәрібір, қазақ өлеңінің силлабикалық сипатын тіпті де өзгерте алмайды. Бұл — бір.
Екіншіден, сырт көзге буын емес екпінге иек артқан секілденіп, әр тармағын әр түрлі буыннан құрайтын айшықтар бұрын көз көріп, құлақ естімеген нәрселер емесі қазақ поэзиясында баяғыдан бар нәрсе. Демек, дәстүрлі нәрсе! Бұл заңды, өйткені бұл дәл осылай белгілі бірі дәстүрді жалғамаған болса, жаңалық ретінде орын тебе де алмас еді.
Мына шумақтарға қараңыз:
Бұдырайған екі шекелі, (9)
Мұздай үлкен көбелі, (7)
Айдаса қойдың көсемі, (8)
Сөйлесе, қызыл тілдің шешені, (10)
Ұстаса, қашағанның үлкен құрығы, (12)
Қалайлаған қасты орданың сырығы .. (12)
(Қазтуған.)
Тоғай, тоғай, тоғай су (7)
Тоғай қондым, өкінбен (7)
Толғамалы ала балта қолға алып, (12)
Топ бастадым, өкінбен (7)
(Доспамбет.)
Көк қоянның қос құлағын тұндырған, (11)
Көгілдірдің жез канатын сындырған, (11)
Тегеурінді болат темірдің (9)
Тегеуріні өзіңсің. (7)
(Шпліез.)
Таудан мұнартып ұшқан, тарланым, (10)
Саған ұсынсам қолым жетер ме? (10)
Арызым айтсам өтер ме? (8)
Арыстаным көп болды-ау, (7)
Саған да менің арманым! (8)
(Махамбет.)
Міне, осылардың бәрі тармақ мөлшері әр түрлі болғанмен, екпінге емес, буынға негізделген; тоникалық өлеңдер емес, силлабикалық өлендер. Өйткені бұл өлеңдердегі ырғақты буыннан буынға аттап, көшіп жүрген ай-нымалы екпін емес, буын-буындарды бунаққа топтап, тәртіпке келтіріп жүрген дауыс толқындарынын, соқпа-соқпасы белгілеп түр.
Мұны айтқанда, біз силлабикалық өлеңнің буынға байланысты кейбір ерекшеліктеріне назар аударумен бірге, қазақ поэзиясын бұрын-сонды мазмұнды пішін жағынан түрлендірген, байытқан жаңалықтардың, бәрі баяғыдан бар дәстүрдің, занды жалғасы, басқа жақтан ауысып келген емес, өз топырағынан өсіп-өнген, жасанды емес, табиғи құбылыс екенін аңғартқымыз келеді. Бұл жайды өлең туралы келелі зерттеуінде профессор 3. Ахметов жан-жақты дәлелдейді. Ол, мәселен, өлеңді шығармадағы әр жолдың буын саны бірдей болып келмеуін силлабика заңынан шығып, тоника тәртібіне түсу деп қарамайды. Оған керегі — әр тармақтағы буын саны емес, сапасы: “Қазақ поэзиясының түбегейлі қадыр-қасиетін — өлең сөзінің ырғағын, пішін үйлесімі мен үндестігін” 3. Ахметов әр тармақтағы ұзынды-қысқалы буын мөлшерінен емес, сол “буындардың, жол ішінде топ-тасу” табиғатынан іздейді. Бұл өте дұрыс.
Қазақ өлеңіне айта қалғандай тамаша реформа жасаған ақын — Абай.
Б. Кенжебаевтың, анықтауы бойынша, “Абай 17 өлеңнің шумағын, ұйқасын жаңаша, өзінше қиыстырды”. Бірақ ол өзінің осы реформасы арқылы қазақ өлеңінің силлабикалық сипатын өзгертті ме? Жоқ, өзгерткен жоқ. Қазақ өлеңінің, шумағын, ұйқасын ғана емес, буынын да түрлендіре тұра, осының бәрін онын, табиғи топырағынан өсіріп шығарды. Абайдың шын мәніндегі жаңа пішін етіп қалыптастырған өлең өлшемдерінің бір алуаны түптеп келгенде өзге емес, өз әдебиетімізде — қазақ фольклорында — қазақтың байырғы мақалдары мен мәтелдерінде, жұмбақтары мен шешендік сөздерінде, жырлары мен толғауларында жатыр. Бірнеше мысал:
Бойы бұлгаң, Көзімнің қарасы,
Сөзі жылмаң… Көңлімнің санасы…
(Абай.) (Абай)
Апан-апан, Жақсыдан шарапат,
Ескі шапан… Жаманнан кесепат…
(Фольклор.) (Фольклор )
Алыстан сермеп Қамырықты көңіл,
Журектен тербеп… Қайтсе болар жеңіл’
(Абай.) (Абай.)
Жақсыдан үйрен, Досы көппен сыйлас,
Жаманнан жирен… Досы жоқпен сырлас.
(Фольклор.) (Фольклор.)
Бұл мысалдар, біріншіден, Абайға дейінгі қазақ, өлеңінің өлшемі екі-ақ түрлі (жеті буынды жыр мен он бір буынды қара өлең ғана) деген тұжырымның ұшқарылығын танытса, екіншіден, Абай жаңашылдығының ең елеулі сипаты өзіне дейінгі игі дәстүрлерді заңды жалғастыра ‘келіп, жаңа өрісіке алып шығуында екенін аңғартады. Абай өзінің мазмұн жағынан да, пішін жағынан да поэзиясының түп тамырын алдымен туған топырағына терең бойлата сіңіріп жіберген де, бейнелеп айтсақ, жаңа үнмен жамыраған жасыл жапырақтарын содан соң барып жайқалтқан. Абай жаңашылдығының табиғилығы мен ғұмырлылығы осында жатыр. Қазақ өлеңіне бұрын-соңды буын елшемі жөнінен-қосылған жаңалықтарға осы тұрғыдан қараған орынды.
Енді қазақ поэзиясының күллі дамуының кезең-кезеңдерівде қалып-тасып, уақыт сынынан өткен, жұрт санасына сіңген буын түрлерінің кейбіреулеріне қысқаша тоқтап өтейік.
1. Он бір буынды өлең. Бұл — қазақ өлеңінің қашаннан келе жатқан көне түрі. Есте жоқ ерте замандағы ауыз әдебиетінің әсем үлгілерінен осы күнгі жазба поэзиямыздың ең соңғы туындыларына дейін, баяғы суырып салма сөз сайысынан қазіргі қолма-қол экспромтқа дейін, кешегі “Қаратау-дың басынан көш келедіден” (Халық әні) бүгінгі “Ассалаумағалайкүм Алатауыма” (Мақатаев) дейін он бір буынмен жазылмаған өлең жоқ. Өзі бір әдемі өлшем: үнсіз оқысаңыз үйіре жөнеледі,
дыбыстап оқысаңыз көкірегіңізді күйге бөлеп, тіпті ән .салғыза жаздап, әлдилей тербеп тұрады:
4 3 4
/Құлагердей/. /алдымда/ /бүкіл еңсең/
3 4 4
/Тұратын/ /жыр бейнесін/ /күтіп өңшең/
4 3 4
/Маңдайына/ /қазақтың/ /өлең бітсе/
3 4 4
/Өлеңнің/ /маңдайына/ /бітіп ең сен/
(Г. Есімжанов.)
Әлгі қасиетінен болуға тиіс, бунақтары ылғи бұлайша араласа бермей, буын сандарына қарай ықғайласа текшеленіп, кібіртіксіз қылаң ұра қатар түзеп, әлдебір әнге бейім ағыммен татаусыз төгіліп тұрады.
3 4 4
/Бір солдат/ /туған жері/ /Қарабалық/
3 4 4
/Майданнан/ /оралыпты/ /жараланып/
3 4 4
/Питерді/ /өз көзімен/ /көрмек болып/
- 4 4
/Қалыпты/ /достарынан/ дараланып/
(Қ. Жармагамбетов.)
Бұл шумақтың бас бунағы үш буын да, басқа бунақтары төрт буыннан түзіліп тұрса, мына төменгі шумақта үш буынды бунақ түп-түгел өлең, тармағының ортасына көшіп кеткен:
4 3 4
/Туған елім/ /күн сүйген/ /Қазакстан/
4 3 4
/Түлегіңмін/ /төріңді/ /қалап ұшқан/
4 3 4
/Сырлы қобыз/ /жүрегім/ /күй толғайтын/
4 3 4
/Саған арнап/ /соғыпты/ /қазақ ұстан/
(М. Айтхожина)
Ал мына шумақтағы үш буынды бунақтар әр жолдың аяғына сусып шығып, ырғақ қана емес, ұйқас арқылы да үндесе жымдасқан:
4 4 3
/Көкше қандай/ /көктем қандай/ /май қандай/
4 4 3
/Айнакөлді/ /айдан қиып/ /қойғандай/
4 4 3
/Түкті кілем/ /тоқып шебер/ /табиғат/
4 4 3
/Оқжетпестің/ /етегіне/ /жайғандай/
Т. Әбдірахманова.)
Буындардың бұлайша симметриялы тізбектелуі тегін емес, мұнда, шынында да, ертеден келе жатқан бір жазусыз заң бар тәрізді. “Ертедегі қазақ өлеңдерінің қай түрі болсын әнге келеді,— дейді профессор . Б.Кенжебаев,— баяу, желдірме, шырқама әнмен айтылады, оқылады. Әсіресе, қара өлең шырқамалы, ырғақты әнмен айтылады”. Бұл — дұрыс пікір.
Қара өлең демекші, он бір буынды өлеңді Шоқан Уәлиханов үш түрге бөліп, той-думанда, ойын-сауықта айтылатын, әр шумағы төрт тармақты әзіл, әжуа, жұмбақ, айтыс өлеңдерін — қ а й ы м ө л е ң, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” сияқты ұзақ дастандар мен хиссалар әуенін — қ а р а ө л е ң, өз тұсындағы ақындар қолданып жүрген өзге машықтың бәрін — ө л е ң атағаны * мәлім. Шоқан пікірінің теориялық құнын өз алдына қойып, тек тарихтық байыбына барғанның өзінде, он бір буынды өлең — қазақтың акындық өнері баяғыда туғызған, қалыптастырған, дамытқан етенё, тума өлшем, адамдардың қуанғанда әні, қайғырғанда мұңы болған, қашаннан көңілдегі сырын, өмірдегі шындығына сәулелендірумен келе жатқан, аса икемді, сұлу, сазды да назды өлең. Бұл өлшемнің ықлым ғасыр жасаса да, көнеру орнына жаңарып, қартаю орнына жасарып ‘келе жатуы да сондықтан. Бүгінде де бұрынғыша он бір буынмен жазбайтын қазақ ақыны жақ. Бүгінде де бұрынғыша он бір буын әрбір талантты ақынның ешкімге ұқсамай, тек өзінше, тек өз өзгешелігімен ғана жазуына ешқашан кедергі болған емес, болмайды да; бұл өлшемнің мүмкіндігі мол, ғұмыры ұзақ болу себебі де сондықтан.
2. Он буынды өлең. “Алпамыс” жырының қарақалпақ вариантында: “Айыл тартқаным бедеудің белі, ішкен сусыным Байсынның көлі”,— деп келетін он бушнды өлең
Ш. Уәлиханов, Шыр., СПБ, 1904, 227—228-беттер.
жолдары бар еді. Бірақ бұл қазақ поэзиясына арнаулы өлшем ретінде шұғыл сіңіп кете қойған жоқ-ты.
Оның есесіне, он буынды егіз тармақтар, қазақтың байырғы мақал-мәтелдерінде, ақыл-нақылдарында жиі ұшырасады. ,
2 5 3
/Бардың / /пайдасы тиер/ /тар жерде/
2 5 3
/Жоқтың/ /залалы тиер/ /әр жерде/
деген секілді ырғақты, ұйқасты тармақтар біздің ауыз әдебиетімізде бірқыдыру. Басқы бунағы екі буыннан кілт айырылып, одан арғы екі бунақ кәдімгі сегіз буынды өлең ырғағымен қитықсыз көсіле, есіле жөнелген соң ба, алай, әйтеуір осы өлшем революциядан бұрынғы қазақ өлеңінде ара-тұра әжептәуір әнге айналып жүрді.
Жарты ғасырдан соң он буын жазба поэзиямызда тағы бір қылаң берді. Бұл жолы біздің өз замандасымыз— соғыста жүрген жауынгер ақын ән салды; ажал аузында тұрып ауылда қалған арманын жырлап, тыңдаушы-ның жан-жүрегін тебіренте тұтқындап, баршамызды баурап алды:
5(6) 5(6)
/Өңімде ме* еді/ /түсімде ме еді/
5 5
/Қөріп ем ғой бір/ /армандай қызды/
5 5
/Бір нәзік сәуле/ /күлімдеп еді/
5 5
/Сұрапыл соғыс/ /соқты да бұзды/
5 5
/Сапырды дауыл/ /тебіренді теңіз/
5 5
/Тулады толқын/ /шайқалды шың-құз/
5 5
/Қып-қызыл оттың/ /ішінде жүрміз/
5(6) 5
/Қайда екен қайда/ /дариға сол қыз/
(Қ. Аманжолов.)
* Өлеңде қатар келген екі дауысты дыбыс кейде бірігіп, өз ара кірігіп кетш, екеу емес, бір буын құрайтыны (өң-ім-де-ме-е-ді емес, өң-ім-де-ме-ді боп оқылатыны) әмбеге аян. Мүны ежіктеп жатуды ерсі көреміз. Сондықтан жалпы буынды жақшаға алып өте береміз — 3 Қ.
Осы әннің шырқалуы-ақ мұң екен, он буын өз алдына өлшем боп орнықты да қалды. Бүгінде бұл өлшеммен әркімдер-ақ жазып жүр.
3. Тоғыз буынды өлең. Бұл да бір тынысы кең, лепті ойнақы өлшем. Әрбір үш буыннан кейінгі дауыс толқынының соқпа-соқпасы айрықша ашық ырғақпен нақпанақ, кейде тіпті тақпақтап естіліп, іркіліссіз, жүрдек оқылады. Әнге де келеді (“Отаным кең байтақ, орманды…”), жалпы жұртка жария айтылар толғамды, ойлы жарлай арнауға да көнеді (“Тынықсын тимеңдер адамға”).
Енді бірде бұл ырғақ өлеңде суреттеліп отырған құбылыстың, не қимылдың құдды өз дыбысы секілденіп, өмірден өнерге тура ырғып түсетіні бар:
3 3 3
/Жолдағы/ /төбелер/ /жоғалды/
3 3 3
/Көк орман/ /күзетті/ /арнаны/
3 3 3
/Сарқырап/ /өмірге/ /жол алды/
3 3 3
/Халықтың/ /қашанғы/ /арманы/
(X. Ерғалиев )
Бұл арада тоғыз буыннан туған әуез сөз толқын емес, Донға қол созған Еділ өзенінің өз толқыны секілденіп, Еділге Донды тоғыстырған қаһарман халықтың жеңіс тойының үстіндегі шаттық үніндей шалқып естіледі.
Қысқасы, тоғыз буынды өлең де — өмірге жанасымды, шындықты өз. мүмкіндігінің көлемінде ұтымды реттей алатын нұсқалы түр.
4. Сегіз буынды өлең. Туған кезі тым әріде жатқа? мен көнермей, ажарына ажар қоспаса, әжім түсіруді білмей келе жатқан аса сұлу, сырбаз, сылқым өлең. өлшемнің тамаша үлгілері атам заманғы ауыз әдебиеті де де бар:
5 3
/Ақ қоян қашар/ /жотадан/
5 3
/Ақ тайлақ өсер/ /ботадан/
(“Жар-жар” )
арғы тұстың Асанқайғысында да:
5 3
/Қырын да киік/ /жайлаған/
5 3
/Суында балық/ /ойнаған/
бергі тұстың Махамбетінде де бар:
5 3
/Арай ма сұлтан/ /арай ма/
5 3
/Астыма мінген/ /арғымақ/
5 3
/Аяңдай түсіп/ /марай ма/
Абай тұсында бұл өлең қарға аунаған түлкідей түлеп, тіпті құлпырып кетті:
5 3
/Өзгеге көңлім/ /тоярсың/
5 3
/Өлеңді қайтіп/ /қоярсың/
5 3
/Оны айтқанда/ /толғанып/
5 3
/Іштегі дертті/ /жоярсың/
Бұл өлшем біздің күндерде де тұғырдан таяр емес; қуаныш па, реніш пе, мұң ба, зар ма, кек пе, күлкі ме… әйтеуір адамға тән қандай сезім болса, соның бәрін сыйғызып, әр мазмұнды тек өз пішініне тән көркем кестемен өрнектеп келе жатыр. Мәселен,
5 3
/Басыма кидім/ /ақ қалпақ/
5 3
/Оюлап шетін/ /сырғызған/
5 3
/Менің де бетім/ /жап-жалпақ/
5 3
/Айырмам қайсы/ /қырғыздан/
деп Ә. Тәжібаев әдемі әзіл, шуақ юмормен үлкенше күлсе, А. Шамкенов үлкенге деген тілегін еркелей айтьш, балаша назданады:
5 3
/Болсаң да қанша/ /балажан/
5 3
/Мейрімді кезің/ /мөлдіреп/
5 3
/Аяма мені/ /анажан/
5 3
/Оқудан шаршап/ /келді деп/
Сегіз буын осы сезімдердің бәріне сәйкес, әрқайсы-сына өз үндестігі мен үйлесімін тауып бере алады, І
Бұл өлшемді төменгі тәрізді тағы бір тың машыққа көшіріп, тақпақтай оқып, әндете айтып, өзгеше сылаң жүріске салуға да болады:
3 3
/Түгестім/ /төзімді/
2
/қарғам/
3 3
/Бір көру/ /өзіңді/
2
/арман/
Мұндайда цезура екеуден үшеуге ауысып,клаузула бунағы екі буынға түседі де, кенет ырғақ өзгереді. Ерекшелік осында. Алайда бұл машық әзірше некен-саяқ. ақындар бұдан гөрі Пушкинді аудару үстіндегі Абай әуеніне (“Жарым жақсы киім киіп…”) жиірек көше бередіі
4 4
/Ойшыл орман/ /мүлгіп-қалғып/
- 4
/Төңіректің/ /сырын аддып/
4 4
/Жайлап қана/ /тартып сырнай/
4 4
/Сыр шертеді/ /ну қарағай/
Қ.Аманжолов
5. Жеті буынды өлең. Академик Корш былай деп жазды: “Мейлінше ықшам, мейлінше мол тараған, түрік жазу-сызуының тіпті көне ескерткіштерінен кездесетін жеті буынды өлеңді хронологиялық жағынан, сірә, бар өлеңнің басы деп білген жөн болар”*. Дәл осындай пікірді академик Гордлевский де айтты: “Түрік нәсілдес халықтардың бәріне жаппай таралуына қарағанда, жеті буынды өлең түрік әнінің ең негізгі ж-әне ең ескі өлшемі тәрізді”**, Осы тұжырымдар тегін емес.
* Ф. Корш, Түрік нәсілділердің байырғы халық өлеңі, СПБ, 1909,, 26-бет,
** В. Гордлевский, Түрік әніне жасалған байқаулардан, “Этно- графиялық шолу”, 1908, 79-кітап, № 4, 69-бет,
Қыпшақ тілінін әлемге әйгілі тарихи ескерткіші “Кодекс куманикустың” 1303 жылы көшіріліп алынған текстінің 1880 жылғы Будапешт басы-лымында мынадай жұмбақ өлеңдер бар
4 3
/Косkаг тіzi/ /kоjигтаk/
4 3
/Қо]игтаkdап/ /kоjиг-іг/
4 3
/ Те§е тиsі/ /tj угтаk/
4 3
/Тіугтаkdап/ tіугтаk/
Егер біз қазақ тілі түрік нәсілділердің қыпшақ тобына қосылатынын мойындасақ, қыпшақ сөздігіндегі өлеңнің мынадай жеті буынмен жазылуын тағы да тегін дей алмаймыз.
Қазақтың тума, төл әдебиетіне келсек, оның фольклорлық үлгілеріндегі жеті буынды жырдан аяқ алып жүре алмайсыз. Өлеңді мақалдар мен мәтелдердің, нақылдар мен жұмбақтардың көбі жеті буынды болып келеді және бұл өлшемнің ырғағы әр күйге бір түсіп, қүбылып тұрады.
а) Бас бунағы төрт буын:
4 3
/Қайраны жоқ/ /көлден без/
4 3
/Қайыры жоқ/ /елден без/
б) Бас бунағы үш буын:
3 4
/Біреуді/ /өзі жақсы/
3 4
/Біреудің/ /көзі жақсы/
в) Бас бунағы екі буын:
2 5
/Қайғы/ /қан аздырады/
2 5
/Мылжың/ /мый тоздырады/
Батырлар жырының көптен-көбі жеті буынмен жазылған. Ақпа-төкпе жыраулар, суырып салма ақындар -_ бәрі де жыр жырлаған. Ал жыр үлгісінің жазба әдебиетіміздегі жетілген, ұстарған түрі, әрине, Абайда бар.
Бұл өлшеммен бүгінгі ақындар да жиі жазады:
4 3
/Ару өтті/ /сымбатты/
4 3
/Көз күлімдеп/ /ым кақты/
4 3
/Үнсіз көңіл/ /тіл қатты/
(Қ Ыдырысов.)
6. Алты буынды өлең. Бұл да бұрыннан бар өлең. Жалғыз-ақ, әр тармағы үш буыннан тепе-тең екі бунаққа бөлінген бұл өлшем бұрын өзінен-өзі нақпа-нақ, тақпақтап айтылатын:
3 3
/Жүргенге/ /жол жақсы/
3 3
/Қалғанға/ /үй жақсы/
Абай тұсында әндетіп кетті:
3 3
/Мен сәлем/ /жазамын/
3 3
/Қарағым/ /қалқама/
3 3
/Қайғыңнан/ /азамын/
3 3
/Барушы/ /айта ма/
7. Аралас буынды өлең. Мұның түрлері көп, Абай туғызған түрлері тіпті көп және қазақ өлеңінің Октябрьден кейінгі дамуына (ойға бағынған еркін өлшемдерге) сәйкес, әр ақынның тың пішін іздеу, түр табу нәтиже-леріне қарай көбейе бермек. Әрине, әр түрдің табылу һәм тұрақтану заңдылығы болмақ. Бірақ біз аралас буынды өлең түрлерінің әрқайсысын жеке мінездеп жатпай-ак, жұртқа таныс көрнекті үлгілерінің бірнешеуін ғана таңдап ұсынамыз:
4
І /Бойы бұлған/
4
/Сөзі жылмаң/
4 3
/Кімді көрсем/ /мен сонан/
4
/Бетті бастым/
4
/Қатты састым/
4 3
/Тұра қаштым/ /жалма-жан/
(Абай.)
5
ІІ /Алыстан сермеп/
5
/Жүректен тербеп/
5 3
/Шымырлап бойға/ /жайылған/
5
/Қиуадан шауып/
5
/Қисынын тауып/
5 3
/Тағыны жетіп/ /қайырған/
5 3
/Толғауы тоқсан/ /қызыл тіл/
5 3
/Сөйлеймін десең/ /өзің біл/
(Абяй.)
III.
5
/Сайрай бер, тілім/
4 3
/Сарғайған соң / /бұл дерттен/
4
/Бугілді белім/
4 3
/Жар тайған соң / /әр серттен/
6
/Қамырықты көңіл/
6
/Қайтсе болар жеңіл/
(Абай;)
IV.
3 3
/Ет жүрек/ /өртенді/
4
/От боп жанып/
4
/Жалын салып/
3
/Ішіме/
4
/Иттей қормын/
2
/Зармын/
4
Сен үздің ғой/ /бұл желкемді/
3 3
/Кім білер/ /ертеңді/
4
/Өлім айтпас/
4
/Келсе қайтпас/
3
/Кісіге/
4
/Бүгінгі күн/
2
/Бармын/
4 4
/Жолдас еттің/ /сен бөтенді/
(Абай.)
V.
4 4
/Сүйер ұлың/ /болса, сен, сүй/
4 3
/Сүйінерге/ /жарар ол/
4 4
/Сүйкімі жоқ/ /құр масыл би/
4 3
/Сүйретіліп/ /өтер сол/
5
/Табылмас қайла/
3
/Ойбайла/
3
/Не пайда/
(Абай.)
VI
4
/Тайға міндік/
4
/Тойға шаптық/
4 3
/Жақсы киім/ /киініп/
4
/Үкі тақтық/
4
/Күлкі бақтық/
4 3
/Жоқ немеге/ /сүйініп/
5
/Күйкентай күтті/
3
/Құс етті/
3
Не бітті/
4 (Абай.)
VII. /Мен паң едім/
4
/Бейқам едім/
4 3
/Еш нәрседен/ /қайғысыз/
4
/Тез дерттендім/
4 (5)
/Кейде өртендім/
3
/Қейде мұз/
(Абай.)
3 3
VIII. /Сырмақ қып/ /астына/
3 3
/Байының/ /тоқымын/
3 3
/Отының / /басына/
3
/Төрінің/ /қоқымын/
3
/Бүксітіп/ .
3
/Бықсытып/
3 3
/Қоқсытып/ /келтірді/
3
/Осының/ /бәрімен/
3 3
/Көңлінде/ /міні жоқ/
3 3
/Жүзінің/ /нәрі мен/
3 3
/Бойынын/ /сыны жоқ/
3
/Бүкшиіп/
3
/Сексиіп/
3 3
/Түксиіп/ /өлтірді/
(Абай.)
IX.
4
/Сәйгүлігім/
4 3
/Қеше қырдық/ /жабысы/
4
/Дүрсілдесін/
4 3
/Жерді жарып/ /дабысы/
4
/Кер кұлашты/
4
/Жер қыл тасты/
4
/Жел қыл қасты/
4
/Тұлпарымның/
4(5) 3
/Белплі екпін/ /шабысы/
(С Сейфуллин.)
2
Х /Жастар/
5 3
/Заманның қызыл/ /гүліміз/
2
/Жастар/
5 3
/Наданның сәуле/ /күніміз/
3 3
/Тегістік/ /тұрмысқа/
2
/Жастар/
5 3
/Ортақшыл, өркен/ /жаңа тап/
294
2
/Жастар/
5 3
/Лениншіл, өрен/ /жаңа топ/
3 3
/Тұрмысқа/ /ол нұсқа/
4
/Лениншіл жас/
4(5)
/Атта алға бас/
4
/Кел, аралас/
3
/Еңбекке/
4
/Елмен жетіс/
4
/Еңбек етіс/
4
/Елге жеміс/
3
/Бермекке/
(/. Жансүгіров.)
Бұлар — аралас буынды өлеңнің қазақ поэзиясындағы кейбір үлгілері ғана. Мұндай мысалдарды, әрине, жалғастыра беруге де болады. Бірақ біз олай етпедік, аралас буынды өлең ғана емес, қазақ өлеңіндегі жалпы буын түрлерінің әбден қалыптасқан, қалың жұрт қабылдаған, санаға сіңген даусыз үлгілерін ғана таңдап алдық.
Содан соң мынаны ескеру керек: қазақ өлеңінің буын жайын сөз еткенде, біз мұның өзіндегі жалпы заңдылыққа ғана назар аудардық. Әйтпесе әрбір өлшем қаққан қазықтай қалшиып, бір орында өзгермей тұрып қалады десек, қателескен болар едік. Айталық, он бір буынды өлең. Басқаны былай қойғанда, баяғыдан келе жатқан осы түрдің өзі “қырық” құбылады. Бунақтардың өз ара орын ауыстырып, ырғақты қалай өзгертетінін жоғарыда көрсеттік. Ал енді, кейде осы өлеңнің бір шумағындағы үш тармақ он бір буынмен қүйылып келіп, соңғы төртінші тармақтың жеті буынмен түйіліп тоқтайтыны бар:
295
3 4 4
/Жүректің/ /тарпып басып/ /талай қылын/
3 4 4
/Әлемнің/ /аспанына/ /тарайды үн/
3 4 4
/Оркестр/ /замананың/ /қақ төрінде/
3 4
/Бастайды/ /Адай күйін/
(Д. Қанатбаев )
Шумақтыд мұндай түрі қазір бұдан басқа өлшемдер-де де кездесе береді. Бірақ біз мұны Абайдан басталатьш айналасы жұп-жұмыр, теп-тегіс боп келетін әр алуан аралас буынның жаңа үлгісі ретінде ұсынбадық. Өйткені алғашқы үш жолдағы он бір буын да, соңғы жолдағы жеті буын да — қазақ- өлеңіндегі қашанғы өлшемдер. Бұл арада ақынның екі өлшемді бір шумаққа сыйғызуы тың айшық екенін ғана атап өту ләзім. Осының өзі Ф. Е. Корштың он бір буынды өлең жеті буынды өлеңнен кейін туғандығы, дәлірек айтқанда, жеті буынды өлеңнің екінші цезурасынан кейін тағы бір төрт буын қосылып (7 + 4)) барып он бір буынды өлшем қалыптас-қандығы туралы айтқан пікірін еріксіз еске түсіргендей.
Мынау да өз келесінде тым тәуір тың айшық:
3
/Гавана/
3
/Арада/
3 3
/Мұхит бар/ /тулаған/
3
/Тобыр бар/
3
/Обыр бар/
3 3
/Обам деп/ /шулаған/
(С. Сейітов.)
Дегенмен мұны да жаңа өлшем ретінде ұсыну қиын. Өйткені бұл да — бұрыннан бар, кәдімгі алты буынды өлең; ақын соның бірінші, үшінші тармақтарын әр цезураның тұсында ойната ұйқастырып, оған өзгеше саз берген.
296
5 5 3
/Мен ғашық едім/ /кезімнен сонау/ /ес білген/
5 5 3
/Сәби боп жүріп/ /сағыныш көлін/ /кештім мен/
(Д. Канатбаев.)
4 3 4 3
/Көркемдік бар/ /дегенді/ /ғашықтардың/ /тілінен/
4 3 4 3
/Еркіндік бар/ /дегенді/ /ескен желден/ /біліп ем/
(Ж. Нэжімеденов)
4 4 4
/Толқыныннан/ /қайтпас қайрат/ /жойқын күшті/
3
/көрём мен/
4 4 4 3
/Асқак үнді/ /жыр шумағын/ /таптым теңіз/ /сенен мен/
(3. Шүкіров)
4 4 4 4
/Жол жыландай/ /ширатылып/ /мың оралып/ /шың тасына/
4 4 4 4
/Құз қойнынан/ /өрмелейді/ /қарт Балқанның/ /қырқасына/
(Ә. Сэрсенбаев )
5 5 5 3
/Үмітке толы/ /арманға толы/ /әр жерде бір түп/ /қарағай/
5 5 5 3
/Сағынбай жүрсе/ /қалуы мүмкін/ /жамырасуға/ /жарамай/
(Т. Айбергенов)
Бұл мысалдардағы әр тармақ, он үш, он төрт, он бес, он алты, тіпті он сегіз буынға жеткен. Демек, ұйғыр өлеңін зерттеуші М. Хамраевтың “Қазақ өлеңінің тармағы он бір-он екі буыннан аспайды, яғни оның түрлері ұйғыр поэзиясынан гөрі аз”* дегені — асығыс айтылған пікір. Алайда
М. Хамраевтың он төрт буынды туркум (тармақ) деп ұсынып отырғаны (Билди булбул әмәсмән қизил гүлгәә бепәрва) ұйғыр поэзиясында бұрыннан бар жеті буынды туркумның (Сени хойма сеғиндим / / Күн пе-тишқа беқиндим) екі жолға емес, бір жолға бірігіп жазылуы ғана екені сияқты, жоғарыдағы мысалдар да қазақ поэзиясында бұрыннан бар әр буынды тармақтардың,
М. Хамраев, Түрік өлеңі теориясының очерктері, А, 1969,
бір жолға тұтасуының түрліше вариациясы екенін ескеріп, бұларды да қазақ өлеңіндегі тың өлшем ретінде ұсынуды орынсыз көрдік. Әрине, бұл айтылғандар жоғарыдағыдай созалаң буынды тармақтардық ақындар үшін ой еркіндігіне, шындық пен сурет сыйымдылығына әжеп-тәуір мүмкіндік беретінін жоққа шығармасқа керек. Дәл осы ретте ғана біз М. Хамраевтың: “Түрік тілдес -лықтар поэзиясындағы революциядан кейінгі дамудың жалпы тенденциясы — еркін өлшемді өлеңдердің молаюы”,— деген тұжырымын кұптаймыз. Аралас буынды өлендердің көбею себебі де осы тенденцияда жатыр. Тііпті, бұрыннан бар үлгілердің өзі түрленіп, тың машықтарға көшуі де сондықтан. Жоғарыда аралас буынды өлеңнің бір түрі ретінде С. Сейфуллиннен мысалға келтірілген шумақтың пішін жағынан жаңалығы — үш жолға жазылған және жағалай ұйқасқан он екі буынды үшінші тармағында ғана, әйтпесе, ол — әдеттегі он бір буынды өлең. Сол секілді мынау да басқа жақтан келген емес, өзімізде бұрыннан бар, кәдімгі жеті және сегіз буынды өлшем:
Жүйткі, кара айғырым,
Ұрпағын мол жайғырым’
Терісі — темір,
Сүйегі —
Болат,
Шеп — сым,
Демі — от
Айғырымның барында
Кімнен кем менің байлығым’
(С Мұқанов )
Бірақ мұндағы цезуралар мен клаузулалар жаңа ырғаққа көшкен де, өлең тармақтарының сол жаңа ырғаққа қарай бөлінген әр баспалдағында өз алдына тың мағына пайда болған. Мазмұнға бағынған пішін осылай құбылып, қызық айшық тапқан. Сәтті тәжірибе!
Осы айтылғандардың бәрі е к п і н ге е м е с, б у ы н ғ а н е г і з д е л г е н с и л л а б и к а л ы қ ө л е ң ж ү й е с і н і ң де а л у а н-а л у а н е р к і н ө л-ш е м д е р т у ғ ы з у м ү м к і н д і г і м о л ек е н і н а ң ғ а р т а д ы.