ЭПОС
Эпос (грекше ероз—баян, әңгімелеу, тарихтап айгу) — к ө р к е м ә д- е б и е т т і ң б а й ы р ғ ы, н е гі з г і т е к т е р і н і ң б і р і, д ә л і р е к а й т қ а н д а, ө м і р ш ы н д ы ғ ы н м е й л і н ш е м о л қ а м т ы п, к е ң с у р е т т е й т і н, а д а м м і н е з і н м ү м к і н д і г і н ш е т е р е ң а ш -ып, ж а н-ж а қ т ы т а н ыт а т ы н і р г е л і, к ү р д е л і ж а н р.
Осындай теориялық анықтамаға келмес бұрын профессор Л. И. Тимо-феев эпосты термин ретінде екі түрге бөліп алады да, алдымен “әдеби-тарихтық мағынада эпос — халық поэмалары мен ертегілері (орыстың халық эпосы, көне дүние эпосы т. б.)”* — деп түсіндіреді. Мұнда да үлкен логика бар: әдебиет теориясында эпос жанр атанғанмен, әдебиет тарихында халық дастандары, айталық, “Қобланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” сияқты батырлар жыры екені рас. Әйтседе, мәселеге историзм принципінен қарасақ, бұлайша бұтарлай бермей-ақ, бәрін бір жүйеде тексеруге әбден болады. Өйткені эпос деген терминнің әдебиет тарихындағы мағынасы әдебиет теориясындағы мағынасымен сабақтас; сондықтан біз бұл жанрдың байыбына дәл осы тұрғыдан барған дұрыс деп білеміз.
Эпостың туу, қалыптасу тарихы тым әріге, адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтық болмасын, баяғы бабалар заманынан бермен қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырып келе жатқан әдеби туындыларының дені — эпостық шығармалар. Олай болса, эпос — көркем творчествоның ең бір егде, етене, қең тынысты, кәмелетті түрі. Бұл тарихты шолу түрінде болса да ойға орнықтырмай тұрып, эпостың жанрлық сыр-сипатын түсіну қиын.
Эпостық шығарманьщ арқауы — автор үшін “ішкі” субъективтік шындық емес, “сыртқы” объективтік шындық,— жекелеген адамдардың көңіл күйі ғана емес, күллі халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық даму заңдылықтары. Осыдан келеді де дәуір-
* Л И Тимофеев, Әдебиет теориясының негіздері, М, 1966, 343-бет.’
лік кұбылыстар мен қоғамдық қатынастарды көркем жинақтаудағы жұртқа мәлім эпикалық кұлаш деген ұрым шығады. Бұл — эпосқа тән айрықша сипаттардың бірі Адамның көңіл күйінен туатын лирика мен қимыл-
әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы —.мұнда шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог-монологта-
ры — эпостық баянды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Мұны Горький де айтқан-ды. Ал Белинский эпикалық шығарманың тары бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе — адам болса,эпостағы басты нәрсе — оқиға екенін ескертеді. Бұдан шығатын түйін — э по с ж а н-ж а қ т ы ж а н р:э п и к а л ы қ ш ы ғ а р м а д а а д- а м н ы ң ө м і р ж о л ы к е ң і н е н б а я н д а л а д ы, он ы ң б а с ы н а к е ш к е н т а ғ д ы р м е н т і р ш і л і к т о л ы қ ж и н а қ т а л а д ы, о л қ а т ы с қ а н о қ и ғ а л а р м о л ы н а н с у р е т т е л е д і, о л ж а с а -ғ а н і с-ә р е к е т т е р тұ т а с б е й н е л е н е д і,сайып келгенде ,ад а м -д ар а р а с ы н д а ғ ы қ а р ы м-қ а т ы н а с т ар ә р қ ы р ы н а н а й-
қ ы н к ө р с е т і л ед і.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: 1) ш а ғ ы н к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р: 2) о р т а к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р; 3) к е ң к ө л е м д і э п и- к а л ы қ т ү р. Қандай эпостық шығарма болмасын, бәрібір, осынау үш түрдің біріне жатады. Эпостың ендігі ерекшеліктерін неғүрлым ұтымды аңғарту үшін осы айтылған жанрлық түрлердің әрқайсысын (құрамын-дағы кейбір үлгілерін мысалға ала отырып) жеке-жеке сипаттауға көшеміз.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қа-тысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мүндай шығарманың көлемі де шарын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы — шығарма сыртында — баяндаудан да, суреттеудеі тыс авторлық материал — нағыз қажетті детальдар ен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақжелілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы да — жинақы, үйірімді, ширақ.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихыньщ әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды — м и ф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері —а ң ы з,е р т е г і, м ы с а л
н о в е л л а т. б.
Миф — т а б и ғ а т қ ұ п и я л а р ы н, а д а м н е қ о ғ а м ө м і р і н і ң с а н а л у а н с ы р ы н қ и я л а ж а й ы п о қ и ғ а ғ а а й н а л д ы р а бе й не л е й т і н ф а н т а с т и к а л ы қ б а я н. Бұл байырғы халықтар-дың бәрінде бар, бірақ түпкі туған төркіні көне Греция (Троя, Фивы циклдері); кейін римляндарға ауысқан.
‘ Ежелгі Грецияда туған көп-көп шағын эпостың бір мысалы ретінде Антей туралы мифті еске түсіруімізге болады: көне дүниенің керемет қаһарманы Антейдің күллі күш-қуаты өзін дүниеге әкелген Жер-анада екен. Антейдің аяғы жер басып тұрса-ақ болғаны, оны ешбір жау ала алмайтын болған. Өйткені оның тал бойындағы барлық қасиет Жерде — өзін тапқан анада. Соны білген Геркулес Антейдің аяғы қайыптан тайып Жерден ажырауын бағып жүреді де, бір жолы қыл елі көтерілген сәтте оған енді қайтып жер бастырмай, алыпты әуеде тұншықтырып өлтіреді…
Бұл секілді мифтер көне дүние көркем әдебиетінде көп және әр алуан; бәрі бірігіп, әлемге әйгілі грек мифологиясын құрайды. Мұны әдебиет теориясында мифологиялық эпос деп атайды.
М и ф о л о г и я л ы қ э п.о с —ж а л п ы э п о с а т а у л ы н ы ң б а с ы. Бұл эпостың идеялық-тақырыптық негізі — адам баласының табиғат пен қоғам туралы ғылымтумай тұрғандағы сонау алғашқы қауымға тән идеологиялық синкретизм тұсында етек алған аңқау әрі аңғырт ұрым-нанымдары. Демек, мифологиялық эпосты адамдардың басын айналдырран бірыңғай діни сенімдер рана турызды деуге тіпті де болмайды. Мифологиялық эпос — халықтың бүкіл қауым боп қанаттан-дырған қиялынан туған қымбат қазына.Ондағы негізгі мотив жеке бастың күйкі тіршілігі емес, кейінірек өрбіген батырлар жырындағыдай, жалпы жұрт тағдыры бо луы да сондықтан.
Сайып келгенде, шағын көлемді эпикалық түр ретің. де сипаттасақ, миф — аңыз. Кейіпкерлері — кұдайлар батырлар, әр алуан сиқырлы кереметтер. Әрқайсысы адам танқалғандай тартымды, соншалық қызық сюжет-ке құрылады. Көркемдік бояуы қанық, идеясы айқың аса әсерлі, сол себепті мифтік аңыздар — мазмұнындағы көптеген кісі нанғысыз аңғырт һәм албырт жайларға қарамастан кезінде айта қалғандай эстетикалық және тәрбиелік роль атқарған әдеби туындылар.
Миф — “адам баласының сәбилігі туралы” (Маркс) шежіре; ендеше, оның біздер үшін таным тарапындары мәні де үлкен.
Эпостың көне түрлерінің бірі — а ң ы з. Бұл да миф секілді ә с і р е қиял а р а л а с ф а н т а с т и қ ал ы қ х и к а я. Бірақ мифтен өзгешелігі — аңыздың, негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Әр халықтың тарихын-дағы әлдебір абзал адамдар — аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.
Қазак ауыз әдебиетінде Асан қайғы туралы аңыз бар. “Бұл — тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір кешіп еді. Ол жайының ешқайсысыная дәл дерек жоқ”*. Бір ескеретін нәрсе—Асан жайлы аңыз дар екі ұдай; бірі — халыққа жат, онда Асан Жәнібек ханның жанындағы кертартпа сәуегей халінде көріне- ді, екіншісі — халықтық аңыз, онда Асан жалпы жұрт үшін “қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын” жайлы қоныс, құтты мекен іздеп жүрген ел қамқоры кейпінде! көрінеді. Соңғысы — қызық аңыз, бізге керегі де осы аңыз. Бұл аңыз — шағын эпикалык түрдің қазақ әдебие тіндегі тәп-тәуір, нұсқалы туындысы да, Асан — кәдімгідей көркем шығарманың кейіпкері.
Осындай аңыздар әр халықта бар. Мәселен, орыс қының “суы — сүт, жағасы — бал қаймақ” өзен тур аңыздары — әлгі сарындас әдемі эпос.
М Әуезов, Әр жылдар ойлары, А, 1959, 245 бет,
Аңыз әлі де онша ескіре қойған жоқ. Кейде ел аузында, кейде жазба түрде тарихта болып өткен белгілі адамдар, не оқиғалар жайлы толып жатқан тамаша хикаялар әлі күнге әсіреленіп айтылады. М. Горькийдің “Изергиль кемпірі” мен С. Мұқановтың “Патшаны қуған батыры”,
А. Твардовскийдің “Москва туралы балладасы” мен X. Ерғалиевтің “Аңыз атасы” ел аузында аңызға айналған шындықтарға негізделген. Мұндай аңызды шығармалар көптен-көп.
Көркем пішін тұрғысынан қарағанда, аңыз шынында да мифті еске сала береді: көлемі шағын, оқиғасы қызық, адамдары аз, тілі таза, идеясы айқын. .
Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі — е р т е г і. Бұл да миф пен аңызға ұқсас а д а м ө м і р і н д е, н е х а й у а н а т д ү н и е— с і н д е б о л у ғ а л а й ы қ әр а л у а н қ ы з ы қ, к е й д е т і п т і ғ а ж — а й ы п о қ и ғ а л а р д ы о й д а н ш ы ғ а р ы п, ө с і р е ә ң г і м е л е й –т ін к ө р к е м б а я н, ә с е р л і х и к а я.
Ертегілердін, тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан. Бізге кез келген ертегі емес, бәрінен бұрын “халық жанының айнасы” (Белинский) бола алатын, “ен, алдымен халықты мінездейтін” (Добролюбов) ертегілер ғана қымбат. Ондай ертегілер қазақ әдебиетінде сала-сала,
Қазақ ертегілерін жете зерттеп, казак, әдебиетінің тарихына ертегілер туралы арнаулы бөлім жазып енгізген ғалым-жазушы М. О. Әуезов шағын көлемді эпиканың бұл түрін үш салаға (хиял-ғажайып ертегілер, хайуанат жайындағы ертегілер, салт ертегілері) бөліп, әрқайсысына жеке-жеке мінездеме береді.
Көркемдік жағынан бағалағанда, ертегінің көлемі қысқа, сюжеті ықшам, композициясы жинақы, тілі ауы-зекі айтуға лайық.қарапайым, бірақ образды, өткір, дәл, мазмүны тартымды, идеясы бүкпесіз, ашық. Оқиғаға қатысатын адамдар да санаулы, аз, жалғыз-ақ олар әрқашан жан-жақты ашылған толық канды тұлға, кесек образ дәрежесінде көріне бермейді, мінез-құлқы көбіне бір-ақ қырынан, ең елеулі ерекшелігімен ғана көзге түседі. Іс-әрекеті де соған лайық, өлшеулі.
Ертегілер ауыз әдебиетінде ғана емес, жазба әдебиетте де мол; мысал үшін А. С. Пушкиннің өлеңді ертегілерін, М. Е. Салтыков-Щедриннің көркем қара сөзбен жазған немесе А. Н. Островскийдің драматургия тіліне көшірген ертегілерін атасақ та жетіп жатыр.
Осынау ертегілерден, оның ішінде хайуанат жайындағы ертегілерден ту-ындап шығып, шағын эпостың өзгеше бір түріне айналған нәрсе -м ы с а л (басня).
Мысал — эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанмен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.
Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б. э. б. VI ғ.) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов — бәрі солай жазған. Қазіргі мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты атауға болады. Бұлар да өлеңмен жазып жүр.
Көркемдік дамудың ‘жаңа кезеңдерінде эпикалық шығармалардың да бұрынғы түрлері өзгере, жаңғыра тұра, тіпті тың түрлері туып отыратыны сөзсіз. Феодализм мен капитализм тұсындағы шағын эпоста сондай жаңа-дан туған түрдің бірі — н о в е л л а (итальянша поъе, Іа — жаңалық, соны сөз) — “бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымді әңгіме” (Гёте).
Новелланың алғашқы белгілері грек әдебиетінде біздің эраның бас жағында көріне бастағанмен, ол шағын эпикалық түр ретінде Европадағы ояну дәуірінде туып қалыптасты. Бұл тұста қоғам назары бір түрлі жеке адамдарға ауа бастады: әркімнің дара тіршілігі, іс-әрекеті, оның басынан өтетін оқшау оқиғалар, кездейсоқ құбылыстар жұрт назарын көбірек аударатын болды Новелла осындай жеке адамдар басынан кешкен оқы оқшау оқиғалардан туған еді. Ренессанс кезіндегі Ит лияның көрнекті жазушысы Боккаччоның әйгілі “Дек мероны” — сондай новеллалар циклі. Бүкіл дүние жү, әдебиетінде жұртқа мәлім айрықша шебер новеллистер—Н. Гоголь мен А. Чехов (Россия), П. Мериме ме
Г. Мопассан (Франция), Эдгар По мен ОТенри (Амери-ка) т. б.
Біз новелланы эностың шағын түріндегі даму сырларын қатерге алған-дықтан ғана атап отырмыз. Әйтпесе, новелла біздің дәуірімізде көркем әңгімемен ұласып, екеуінің ара жіктері жойылып бара жатыр. Әдебиет білімпаздарының бірқатары тіпті бұл екеуін бір-бірінен айыра қарауға қарсы, екеуін бір нәрсе деп түсіндіреді. Сондықтан біз кей реттерде новелланың жанрлық ерекшеліктері боп көрінетін сюжеттегі оқшау шиеленіс, оқыс шешім сияқты жайттарға арнайы тоқтап, айрықша мән бермей-ақ, көркем әңгіме мәселесін пайымдауға көшеміз. Айтса-айтпаса да, ә ң г і м е н о в е л л а д а н к е й і н і р е к т у ғ а н ұ ғ ы м б о л ғ а н –м е н, е к е у і н і ң т а б и ғ а т ы б і р е к е н і д а у с ы з. Оның үстіне, әңгіме — шағын көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз жыл ішіндегі нағыз классикалық үлгісі.
Әңгіме деген не?
Бұл сұраққа жауап беру қиын, әңгіменің сыр-сипаты біржола кесіп-пішуге көнбейді, бірыңғай анықтама шеңберіне сыймайды. Дегенмен “Әңгіме,—дейді Сомерсет Моем,— ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқып бітіруге болатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір ғана окиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтын етіп жазу керек”. Бұл арада Моем әңгіменің жанрлық сипатын анықтай отырып, оны жазудың екі түрлі ерекшелігін, біріншіден, қысқа жазылуы керектігін, екіншіден, шебер жааылуы қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі бір-біріне тығыз байланысты.
Сөз жоқ, әңгіме — бес жүз бет роман емес; көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Сергей Антонов, мәселен, бұл жанрдың классикалық үлгісі — жеті-сегіз беттік әңғіме деп біледі. Қалай болғанда да, әйтеуір, әңгіме оқу үшін бір жеті керек емес, Моем айтқандай, бір-ақ сағат жетуі мүмкін.
Ал мұншалық қысқа мерзімде оқырманға қыруар, эстетикалық ләззәт беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемін-де үлкен өмірдің бір бөлегін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтш, жаманынан түңілтіп отыру—. ірі шеберлік. Мұндай шеберліктің үлгісін, мәселен А. П. Чехов көрсеткені, ұлы суреткердің шебер қолынаң қандай ғажайып миниатюралар шыққаны әмбеге аян, Кез келгенін оқыңыз, қас қаққанша қандай терең сезімге салады, қалайша баурап алады сізді? Қөз алдыңызда сан түрлі типтер тұрады: Пришибеев, Беликов, Очумелов… Бұлардың дәл бір тірі кісідей жанды бейнеде жасалатыны сондай, кітаптан оқып отырғаныңызды ұмытып, кейбіреуін қолыңызбен түртіп қалғыңыз келсе, кейбіреуін дауыстап шақырып алғыңыз келеді, Бірінің қимылына сақылдап күлесіз, бірінің мінезінен түңілесіз, бірін аяйсыз, біріне сүйсіне қарайсыз. Енді біреулерінің кейбір оспадар қылығы кездейсоқ та болса өз бойыңыздан табыла қалса, сәл ұяла беріп… сабақ аласыз. Енді бір алуан ұнамды типтердің жақсы қасиеті сізге дари түседі. Бұл — әңгіменің тәрбиелік күші.
Ә ң г і м е — қ и ы н ж а н р. Алдымен, көлемі шағын. Ол — жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң, оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ак оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруге тиіс. Адам тұл көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам — соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қабат, шұрайлы сөз байлығын, жіті байқағыштықты, асқан талғам-паздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяра апарар терең білім мен биік мәдениетті талап етеді. Мұның бәрі — күрделі, қиын жұмыс; сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауым әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұрады.
Рас, әңгіме — шеберлік мектебі. Ірі жазушылардың бәрі қаламын осы “мектептен” ұстартып шықты. М. Горький мен А. Серафимович,
А. Толстой мен М. Шолохов…— бәрі де романнан бұрын әңгіме жазған адамдар. Олардағы зор шеберліктің бір ұшы осында жатса керек.
Қазақ совет жазушыларының үлкен ұрпағы да (Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т. б.) алғашқы бетте әңгімемен көрінді. Осы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы қазақ прозасының дені әңгіме болатын; прозадағы ұнамды кейіпкер сол әңгімелерден басталған. Бүгінде бұл жанр біздің әдебиетімізде одан әрі дамып, өркен жайып, жан-жақты жетілу процесін бастан кешіріп отыр.
Ә ң г і м е — әдемі дүние: ж а у ы н г е р, ұ ш қ ы р, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Ұзақ поэманың қасындағы қысқа лирика секілді, көп актылы драманың қасындағы бір актылы пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, шапшан, тарайды. Жақсы әңгімені сахнадан тыңдауға, егіс басында қарау-ға, станок жанында оқуға, қалтаға салып, жолға алып шығуға болады… Әдебиет сүйетін адамға әр жерде-ақ сыршыл серік, сыр мінез дос боп кетеді; оның ойын тербеп, қиялын қозғап, жанына жалын қосады. Бұл — әңгіменің эстетикалық күші.
Жоғарыда айтылғандар, әрине, әңгіменің кейбір ерекшеліктерін еске салады, бірақ бұлардың бірде-бірі оның ережесі не анықтамасы бола алмайды. Әңгіменің жанрлық табиғаты тым құбылмалы. Мысалы, жоғарыда біз әңгімедегі сюжет туралы айттық; ал, сюжетсіз әңгіме бо-лады, оны қайттік? Әңгіме көркем қара сөзбен жазылады, оны білеміз; ал егер, Джефри Чосердің “Кентербери әңгімелері” сияқты, өлеңмен жазылса ше? Әңгіме кейіп-кері — әрине, адам; ал егер ат немесе тіпті ит болса ше?..
Қысқасы, ә ң г і м е — ш а ғ ы н к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р д і ң а йр ы қ ш а а с ы л ү л г і с і әңгіме, негізінен, қысқа жазылады, ал “ең парасаты проза — дәл және қысқа жазылған проза” (Пушкин) әңгіменің ең елеулі ерекшелігі — жинақылығы, ал “нағыз күшті, нағыз құдіретті проза — жинақы проза; одан басы артық, айтпауға болатын жайдың бәрі алынып тасталған да, тек айтпауға болмайтын шындық қана қалған… Жинақылық — мұқият мықтының ісі” (Паустовский).
Әңгіме жайлы әңгімелесе қалған жағдайда осы айтылғандардан әріге барып, бәріне бірдей ортак, анықтама жасамақ болу — онша өнімді әрекет емес.
Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі — о ч е р к. Бұл да қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс.
Бірақ очерктің әңгімеден бірнеше өзгешелігі бар. Ең бастысы: о ч е р к –т е с у р е т т е л е т і н ш ы н д ы қ— о й д а н ш ы ғ а р ы л ғ а н н ә р с е е м е с, ө м і р д е б о л ғ а н н е б а р а қ и қ а т; о ч е р к т і ң қ а һ а р –м а н ы —о й д а н ж а с а л ғ а н б е й н е е м е с, ө м і р д е б о л ғ а н н е б а р а д а м. Содан соң, очерк өткен шақтын көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан ғана туады. Бұл ретте, очерк — өз кезінің үні, жаңаның жар-ш ы с ы.
Очерк туралы пікірлер көп және әр алуан. Мәселен, М. Горький очеркті шын мәніндегі көркем шығарманың өзі емес, эскизі деген. Кейде ол очерк-ті ғылми-зерттеу мен әдеби шығарманың ортасында тұрған аралық зат деп те түсіндіреді. Екеуінде де шындық бар. М. Горькийдің өзі тарихтан белгіл -лі “Қанды жексенбі” оқиғасына байланысты “Күннен туғандар” драмасы мен “Клим Самгин” романынан бұрын “9 январь” очеркін жазған болса, А. Фадеев “Жас гвардия” романынан бұрын дәл осы тақырыпқа очерк жаз-ып, барлау жасағаны мәлім. Сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі М. Әуезовтің “Өскен өркені”, С. Мұқановтың “Тыңдағы толқындары”, Ә. Нұрпейісов-тың “Курляндиясы” тәрізді бірқатар күрделі туындылар да әуелі очерктер-ден басталған. Осы түрғыдан қарағанда очерк кейде өзінен кейін дүниеге келетін көркем шығарманың “эскизі” секілді екені де рас. Сонымен қатар очерктің негізінде нақты өмірдің ақиқат деректері жатуы—оны ғылми зерттеуге ұқсатса, шындықтың шынайы суреттеліп, көркем жинақталуы шын мәніндегі әдеби шығармаға ұластырады. Оның үстіне о ч е р к т е б е л л е т р и с т и к а н ы ң д а, п у б л и ц ис т и к а н ы н д а с и п а т т а р ы б а р. Мұнда да о л — а р а л ы қ н ә р с е! Очеркті, тіпті, тегі жағынан алып қарасак та әрі ә д е б и ж а н р, ә р і г а з е т ж а н р ы екенін аң-ғарар едік.
Очерктіқ түрлері туралы пікірлер де көп және әр тарап. Әдебиет зерттеушілері В. Сорокин мен Ф. Головенченко ғылми очерк, тарихи очерк, публицистикалык. очерк, этнографиялық очерк деген түрлерге бөлсе, жазушы В. Абрамилов бір кезде социологиялық очерк, психо-логиялық очерк, мемуарлық очерк, сатиралық очерк немесе зерттеу очеркі, тұрмыс очеркі, кейде тіпті очерк-пейзаж, очерк-фотография деп түрлендірген. Мұны кезінде М. Горький қатаң сынағанды. Сондай-ақ очерк отызыншы жылдарда тақырыпқа қарай топтастырылып, өндірістік очерк, колхоз очеркі, әскери очерк, мінез очеркі деген салаларға бөлінсе, “казіргі кездін, өзінде қайсыбір очерк теоретиктері мен әдебиет зерттеуші-лері әңгіме-очерк, документті очерк, беллетристикалық очерк, очерк-репортаж, очерк-фельетон деп, жанрлық өзгешелігіне қарай жүйелеп жүр”* Мұның да онша дәйекті саралау емес екені көрініп-ақ тұр. Айталық, әңгіме-очерк деген, біріншіден, әңгіме-роман немесе әңгіме-драма деген сияқты ерсілеу көрінсе, екіншіден, очерк-әңгіме болса, беллетристикалық шығарма болғаны емес пе? Олай болса, беллетристика-лық очерк деген жеке түр белгілеудід қанша қажеті бар?.. Бұдан гөрі қазақ очеркінің тарихы мен теориясын арнайы зерттеп жүрген журналист-педа-гог Т. Ыдырысовтьщ өз тұжырымы әлдеқайда дәлелді де дәйекті: “Партия-совет баспасөзінде қазір жол-сапар очеркі, очерк-портрет, оқиғалы очерк, публицистикалық очерк, проблемалық очерк түрлері бар”**.
Қазіргі қазақ очеркінің III. Уәлихановтан басталып, біздің күндерге дейін келетін тарихын қозғасақ, жүз жылдың шежіресін шерткендей қыруар әңгіме қоздатқан болар едік. Бірақ бұл — өз алдына жеке тақырып.
Эпостың шағын түріне жататын очерк секілді аралық жанрдың бірі — ф е л ь е т о н (французша {еиіііе-іоп — парақ); бұл да әрі әдеби жанр, әрі газет жанры, Өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді. М ұ н ы ң ә д е б и қ а с и е т і м о л ж а қ с ы ү л г і л е р і н д е к ә д і м г і д е й к ө р к е м б е й н е л е р, қ ы з ы қ м і н е з д е р, с а т и р а л ы қ т и п тер ж ас а л -ғ ан .
* Т. Ыдырысов, Очерк туралы ойлар, А., 1969, 40-бет.
** Т. Амандосов, т. б. Газет жанрлары, А., 1964, 182-бет.
Фельетонның газет жанры ретіндегі болмыс-бітімін профессор
Д.Заславскийдің “Газеттегі фельетон” (М.г 1952) деген кітапшасынан оқып байқауға болады. Ал қазіргі қазақ фельетонының тарихы мен теориясын арнайы зерттеп жүрген журналист-педагог Т. Қожакеев бізде Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Асқар Тоқмағамбетов, Сейділдә Төлешев секілді шебер қаламгерлер туғызған таңдаулы шығармалардың сатиралық һәм публицистикалық сырлары мен көркемдік ерекшеліктерін сипаттай келіп, жанрға мынадай анықтама береді: “Фельетон дегеніміз шағын көлемді, публицистикалық үнді, көркем тілді, сын-сықаққа бай, күлкі шақыратын әдеби шығарма”.
Кейбір әдебиет зерттеушілері м е м у а р, п а м ф л е т, э с с е секілді әдеби-публицистикалық жазбаларды да шағын эпостың очеркке жақын түрлері ретінде атап жүр. Бірақ бұл — даулы пікір: біріншіден, баспа-сөз жанрларының бәрін көркем әдебиетке бүйдалап әкеле беру ағат болса, екіншіден, А. Герценнің “Оқиғалар мен ойлары”, С. Сейфуллиннің “Тар жол—тайғақ кешуі” тәрізді мемуарлық шығармаларды шағын көлемді эпикалық түрге жатқызу тіпті мүмкін емес. Бұлардың қай-қайсысы да — күрделі баян, көлемді хикая, дәлірек айтқанда, ұзақ әңгіме.
Ал ұзақ әңгіме, яки п о в е с т ь — о р т а к ө л е м д і э п и к а л ы қ түрдің үлгісі.
Повесть деген не?
Әдебиет зерттеушілері бұл сөзді алдымен термин ретінде анықтамақ боп, оның тамырын тереңге әкетеді. В. Шкловский, мысалы, ежелгі орыс шежіресінде, одан келе “Игорь полкі туралы сөзде” п о в е с т ь деген атау бар екенін, екеуінде де бұл термин “болған оқиға жайлы әңгіме” деген ұғымда қолданылғанын, ал ХҮІІІ ғасырдық елуінші жылдарында Тредиаковский бұл сөзге бұрынғыдан гөрі анығырақ жанрлық сипат беріп, французша “роман” — орысша “повесть” деп түсіндіргенін айтады. Сөйтіп, повесть ғасырлар бойы бірде әңгіме деген ұғымды берсе, бірде роман деген ұғымды берген.
Повесть туралы бүгінгі пікірлер де әр тарап: В. Сорокин оны — үлкен әңгіме немесе кішкене роман деп дәлелдесе, Ф. Головенченко повестің бұл секілді аралық сипатын мойындай тұра, Пушкиннің “Капитан қызы” повесі Лермонтовтын, “Біздің заманның геройы” романынан үлкен екенін тілге тиек етеді де, п о в е с т і ң ж а н р л ы қ е р е к ш е л і г і к ө л е м і н- д е е м е с, м а з м ұ н т е р е ң і н д е ж а т қ а н ы н е с к е с а л а д ы.
“Повестің тандайтын тақырыбы,— депті бір жолы Гоголь жанрға теориялық анықтама бермек боп: — кез келген кісінің басында шынымен болған не болуы мүмкін жайлар, психологиялық жағынан бір түрлі қызық жайттар; осының өзі кейде біреуге бірдеңе үйрету үшін емес, әр нәрсені байқап, байыптай алатын адамның әшейін көңілін аударып, көзін тоқтату үшін жазылады. Повесть қилы-қилы; оның поэзиялық қасиеті аса биік болатыны сондай, кейде тіпті повесть емес, поэма атанып кетеді…”* Бұл арада Гоголь повестін, аса құнды қасиеттерін — мазмұны мөлдір шындықтан туатынын, оқиғасы адам мінезін ашуға ғана қызмет ететінін, идеясы жалаңаш емес, тереңде жататынын, көркемдік дәрежесі биік бо-латынын саралап айтқан. Гогольдің осы тұжырымдарына, әсіресе, повесте “психологиялық жағынан бір түрлі қызық жайттар” суреттелуге тиіс дегеніне сүйенген кейбір әдебиет теоретиктері бұл жанрға тән негізгі ерекшелік —’ шығарманың сюжеттік арқауы біреу болуы және бір адамның тағдырына құрылуы, дәлірек айтқанда, бас қаһарманнын, мінезін ашып, бейнесін даралауы деп те түсіндіреді.
Бұл пікірде азын-шоғын логика болғанмен, бұлайша кесіп-пішудің қажеті жоқ. Жалпы әдеби шығарма жазуға рецепт берілмейтіні секілді, повесть жазуда да штамп болмайды. Әрбір нұсқалы повесть өмірге тек қана өз өзгешелігімен келеді. Осыны еске ала парықтасақ, орта көлемді эпикалық түрдің, үлгісі болып табылатын повестің жұрт таныған кейбір жанрлық сипаты — мұнда шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмірінің, бір, не бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді құбы-лыстары кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Сондық-тан, әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі, ондағы өмірлік тартыстардың, оқиғаларға тұтаса басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі де әлдеқайда табиғи, занды, оқиғаларға қатынасатын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу, кейде тіпті ондап саналады. Персонаждардың ішкі-сыртқы бітім бейнеле-
*Н. В. Гоголь, Шығармалар, М., 1889, V том, 210-бет
рі бедерлі, арақатынастары арналы, әжептәуір өріле, өрістетіле, қалыптасу, даму үстінде көрсетіледі. Повесть мазмұнындағы ең өзекті шындық, әрине, бас қаһарманның өмірі болмақ. Мысалы, Ш. Айтматовтың “Құс жолы” повесінің негізгі желісі — Толғанай тағдыры болса, Т. Ахтановтың “Дала сыры” повесінің арқауы — Қоспан өмірінің композициялық жағынан тұтасқан бір алуан келелі һәм кезеңді эпизодтары.
Орта көлемді эпостың повестен басқа тағы бір түрі — п о э м а (грекше роіета — туынды)—өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс к ү р д е –л і қ ұ б ы л ы с т а р м е н к е л е л і о қ и ғ а л а р д ы, а л у а н- а л у а н а д а м т а ғ д ы р ы м е н з а м а н ш ы н д ы ғ ы н к ө л е м д і, ж е л і л і, э п и к а л ы қ н е л и р и к а л ы қ с и п а т т а ғ ы ө л е ң м е н с у р е т-т е у. Поэмалар түрлі-түрлі: сюжетті поэмалар да, сюжетсіз поэмалар да болады. Позмаларда жасалатын адам образдары да әр алуан: эпикалық образ да, лирикалық образ да, романтикалық образ да, реалистік образ да болады.
Поэма өзінің туу, даму тарихының әр кезеңінде әр сипатта болды. Көне дүние әдебиетінде классикалық халық эпосы (“Илиада”, Одиссея”)түрінде туған болса, ауыз әдебиетінде батырлар жыры (“Қобланды батыр”, “Ер Тарғын”), лиро-эпос (“Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “Қыз Жібек”) немесе тарихи жырлар (“Бекет”, “Бекболат”) түрінде дамып, жазба әдебиеттегі романтикалық дастандар (“Медғат — Қасым”, “Адасқан өмір”) мен реалистік поэмаларға (“Сұлушаш”, “Құлагер”) ұласты.
П о э м а—қ а з ір г і қ а з а қ п о э з ия с ы н д а ғ ы м о л ө р к е н д е п , к е ң ө р і с к е ш ы қ қ а н ш е ш у ш і ж а н р л ы қ т ү р л е р д і ң б і р і
Зерттеліп отырған жанрдың үшінші саласы — кең көлемді эпикалық түр.
Кең көлемді демекші, эпостың бүл түрінде жазылған шығармалар шындықтың жекелеген эпизодтарын суреттеумен тынбайды, әдеби шығармаға арқау болған адам мен қоғам тіршілігін мейлінше кең қамтып, алуан-алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйелеп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жан-жақты жинақтайды. Адам мен қоғам өмірінің қандай ақиқаты болмасын мұнда күллі тамыр-тереңімен қопарыла көрсетіледі де, оқырманның көз
алдында өзгеше бір әлем, бүтін бір тіршілік дүниесі пайда болады.
Эпостың осы түрін көбіне роман деп атап жүр. “Роман деген сөз,— дейді Пушкин,— ойдан өрбіте баяндалған тарихи дәуір ұрымын береді”. Белинский де романды “жаңа дәуір эпопеясы” деп түсіндірген болатын. Ал дәуірлік шындықты көркем жинақтау үшін жекелеген адам тағдыры жеткіліксіз, әр алуан әлеуметтік топтардың қым-қиғаш күрделі қарым-қатынастары, олардың мақсат-мүдделеріндегі бірліктер мен қарама-қарсылықтар, өмір тіршіліктеріндегі өзекті оқиғалар мен кезеңді құ-былыстар кең қамтылып, терең тұтастырылуға, сол арқылы жалпы қоғамдық дамудың заңдылықтары танытылуға тиіс. Романның көлемі үлкен, мазмұны қат-қабат, сюжеті мен композициясы орасан күрделі болу себебі де осыған байланысты.
Бұл айтылғандар — романның бүгінгі сипаты. Роман мұндай кенен халге, әрине, бірден жете қойған жоқ, ғасырлар бойы өмірдің өзімен бірге өзгеріп, өшу-өсу, сөну-жану, ескіру-жаңару секілді әрі қиын, әрі қызық даму процестерін бастан кешіре кемелденіп келіп жетті.
Романның туу тарихын топшылаудағы әр тарап пікірлерді өз алдына қойғанда, дәл осы атаудың шығу тегінің өзін әркім әр түрлі пайымдайды: біреулер орта ғасырдағы эпикалық шығармалардың роман (сопіе готап) тілдерінде жазылуына байланыстырса, енді біреулер көлемді эпостың көне дүниедегі Рим (Кота) сұлулығына ұқсастығынан пайда болған термин деседі.
Романның тууы туралы пікірлер де әр тарап: біреулер бұл жанрдың алғашқы белгілерін антик дәуірінің аяқ жағынан тауып жатса, біреулер көне шығыс әдебиетінен іздейді де, енді біреулер Орта ғасырдың рыцарьлық эпосынан өрбітіп шығарады. Ал роман теориясы мен та-рихына соңғы кезде көбірек үңілген В. Қожинов болса, әлгі пікірлердің бәріне қарама-қарсы, бұрыннан келе жатқан “дәстүрлерді роман белгілі мағынада тіпті жоққа шығарып, өз бетімен оқшау, осы күнгі өмірдің тұп-тура өз топырағынан өсіп-өнді”* деген жаңа концепция ұсынады. Мұндағы мақсат — жанрдың тууын әлдебір пішіннщ пішінге көшуі тәрізді тайыз ұғынбай, терең мазмұн метаморфозасы ретінде парықтау.
* В. Кожинов, Романның тегі, М., 1963, 125-бет.
Сөз жоқ, романның тууы — кездейсоқ құбылыс емес жалпы қоғам өмірі мен адам тағдырының тарихи өзгеру — заңдылықтарына тығыз байланысты нәрсе. Прозалық эпос — Ояну дәуіріне дейінгі сөз өнерінде жөнді орың тебе қоймаған, көл-көсір ессіз де көзсіз адуындыққа толы Көне дәуір мен Орта ғасыр әдебиетіне тән асқақ әуендерден басқаша, дәуірдің өзі туғызған “көркемдік жаңалық”; ендеше, роман “эпостың жаңғырған сояуы емес жаңа бұтағы” екені де рас. Бұл шындықты мойындай тұра, романның эмбриональ күйін Эллинизм тұсына апаратын кейбір ғылми топшылауларға бағып тым әріге кетпегенмен, біздің эраның II—III ғасырларындағы Апулейдің “Алтын есегі” мен Лонгтың “Дафнис һәм Хлоясы” бұл жанрдағы алғашқы адымдар екенін естен шығармау керек. Сонда ғана біз бұл жанрдың туу, қалыптасу, даму жолдарын тарихтық тұрғыдан барлап, белгілі бір ғылымдық жүйеге сала аламыз.
Романның даму жолдары — өз алдына жеке тарих болса, сол тарихтың кезең-кезеңдерінде туып, қалыптасқан жанрлық түрлері тағы да көп. Орта ғасырдың “Тристан мен Изольдасынан” Ояну дәуірінің “Гаргантюа мен Пантагрюэліне” келетін рыцарьлық эпостың бар бұралаңын түгел қозғамай-ақ, М. Сервантестің “Дон Кихотындағы” серілік сипатты айтқанның өзінде біраз шежіре шерткен болар едік. Бірақ бұл — әдебиеттің теориясы емес, тарихына қатысты әңгіме. Сондықтан біз романның әр тұстағы жекелеген жанрлық үлгілері ретінде Лесаж ден қойған плуттық, роман, Дюма көп жазған авантюралық роман, Вальтер-Скоттан басталатын тарихи роман, Бальзактан былайғы психологиялық ро-ман, Жюль Верн өрбіткен фантастикалық роман, Чернышевский туғызған публицистикалық роман… болғанын атап қана тынамыз. Өйткені романды бұлайша түрлендіріп, әр түріне мінездеме беріп түгесу тіпті мүмкін еме| Түрлер шексіз; туған үстіне туындай береді. Мәселен, бш ғана Б. Томашев-скийдің өзі утопиялық роман, семьялыр роман, мещандық роман, бульвар-лық роман, роман-күнделік, роман-фельетон… деп жіпке тізе жөнелгенде ондаған түрді бір-ақ көгендеп тастайды. Оның үстіне, осынау атаулардың бәрі шартты екенін ескерсек, әрқайсысынан жеке-жеке қисын қорытудың қажетсіздігі өзінен-өзі айқын болуға тиіс. ;
Р о м а н н ы ң к е ң қ ұ л а ш т ы, м о л т ы н ы с ы с и н т е т и к а- л ы қ ж а н р р е т і н д е ә б д е н е м е л д е н г е н к е з е ң і-с ы н ш ы л р е а л и з м і н т ұ с ы. Бұл ретте “көркем прозадағы Гомер мен Щекспир дәрежесіне көтерілген Толстой мен Достоевский” (Қожинов) романдарын айрықша атаған жөн. Өткен ғасырдағы орыс романы осылар санатындағы алып суреткерлердің арқасында бір ел емес, бүкіл адам ‘баласының көркемдік даму тарихында айта қалғандай адым жасағаны жұртқа мәлім.
Романның осындай кемелденген кезіндегі басты тақырыптары — жанрдың байырғы түрлерінен кездесетін қай-қайдағы сершің сергелдеңі, ала аяқтың амал-айласы, ожырайдың оспадарлығы секілді қара дүрсін хал-күйлер немесе аздаған әлеуметтік топтар арасындағы әр түрлі кырбайлық-тар, жеке адамдар басында болатын кейбір көңілді түйсінулер мен кірбің-күрсінулер тәрізді күйкілеу көріністер емес, адам мен қоғам өміріндегі арналы шындықтар, күрделі құбылыстар мен кесек оқиғалар; шығарма мазмұнына арқау боп тартылар өзекті мәселе — халық тағдыры. Мазмұндағы мұндай салиқалы бітім мазмұнды пішіндегі жан-жақты-лыққа әкелді. а вт о р л ы қ б а я н д а у м е н с у р е т т е у, қ аһ а р м а н –д а р д ы ң м о н о л о г т а р ы м е н д и а л о г т а р ы, ә р т ә с і л д і м ү- с і н д е у м е н м і н е з д е у, ж и н а қ т а у м е н д а р а л а у, с ө з д е г і с у р е т п е н п с и х о л о г и я л ы қ д ә л е л, б и ік п а р а с а т т ы пафос пен терең фиософиялық толға м…— бәрі бірімен, бірі бәрімен ұштаса, ұласа келіп, романның бұрын-соңды болмаған үлгілерін туғызды да, тың мүмкіндіктеріне жол ашты Мұның өзі жанрдың жақсы дәстүрін белгіледі. Жаңа ғасырдың Томас Манн мен Фолкнер, Гашек пен Хемингуэй, Мартен дю Гар мен Грэм Грин туғызған жаңа романдары әлгідей жақсы дәстүрде дамыды. М. Горький мен М. Шолохов бастаған жаңа заман жазушылары жазған романдар да сол игі дәстүрді тың өріске маңыта дамытты.
Қазіргі қазақ романы да осынау озат үлгінің өнегесімен дамыды; арғы-бергі жөн-жосығын өз алдына қойғанда, С. Мүқановтың “Жұмбақ жалауынан” М. Әуезовтің “Абай жолына” дейінгі аз жылдар ішінде жасалған аршынды адымдар, дүр сілкініп, тік шырқап өсу — текқана әлгідей ұлы өнеге арқасында, халықтық пен реализм туының астында болмак.
Проза — қазақ әдебиетінде кешең-деу туған, бірак орасан шапшаң да-мыған сала. Абай Құнанбаевтың ғақлиясы мен Ыбырай Алтынсаринның әңгімелері, Спандияр Қөбеевтің “Қалың малы” мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлуы” жаңа туған жас жанрдың алғашқы тәжі-рибелері ғана болса, тарихи жағынан қысқа мерзім ішінде Бейімбет Майлиннің, Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафинның, Хамза Есенжановтың, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің күрделі де кесек шығармалары арқылы көп ұлтты үлкен совет әдебиетінің ең алдыңғы қатарына бір-ақ ырғып шықты. Бұл — қазіргі қазақ прозасын, оның ішінде роман жанрын, сөз ете калғанда атап айтар айрықша сипат.
Дүние жүзілік әдебиеттегі кең көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз жыл ішіндегі дамуына тән тағы бір тамаша сипат — эпопеяның кемелденуі болса, қазіргі қазақ романы бұл сипатқа да еркін ие болып отыр. “Роман-эпопеяның басты ерекшелігі — деп жазады профессор Т. Нұртазин,— онда бір романның кемерінде бірнеше роман иіндесе сыйысады. Қазақтың эпопеялық романдарының ішінде мұндай ерекшеліктер “Абай жолында” бар. Романның төрт кітап болуының өзі бір романда төрт романның басы тоғысқанын көрсетеді. Төрт кітап Абайдың басымен байланысты оқиғалармен тұтаса желіленеді. Алайда әр кітаптың логикалық тынысы бар”*. Ғалымның осы ойлары және осыған байланыстыра айтқан “тұйық роман”, “ашық роман” туралы тұжырымдары — жанр табиғатын танығы—сы келгендерді бір алуан қызық толғанысқа мегзейтін кенеулі пікірлер.
Эпопеялық сипаттағы шығармалар роман жанры тумастан бұрын, баяғы көне дүние әдебиетінде де болғаны (“Илиада” “Одиссея”), олардың кең көлемді эпикалық түрдің ежелгі үлгісі ретінде танылғаны мәлім. Бірақ біздің тұсымыздағы роман-эпопеяның сыр-сипаты бұлардан басқаша екенін түсіндіріп жату артық. Жалғыз-ақ, эпопея — эпостың шыңы екенін, о н ы ң негізгі қаһарманы — халық, суреттерТ.
Нұртазин, Жазушы және өмір, А., 1960, 200—201-беттер.
шындығы — халық басынан өткен кезеңді құбылыстар екенін ғана еске саламыз. М. Горький роман-эпопеяда халықтың қазіргі өмірі мен тарихи тағдыры бірігіп, бірін-бірі толықтырып, біте қайнасып жататынын атап айтқан еді. Көп ұлтты совет әдебиетінде Толстой үлгісінде туған роман-эпопеялардың бәрі сол пікірдің дұрыстығын растаумен келе жатыр.
Біздің дәуір — үлкен эпиканың гүлдену дәуірі, роман жанрының жаңа белеске, кең өріске шыққан кезі. Батыс модернистерінің (Роб-Грийе, Бютор, Натали Саррат т. б.) классикалық роман үлгілеріне қарсы күресі, бұл “жанрды жерлеу” саясаты — әшейін әурешілік қана. Роман эпостың ең таңдаулы түрлерінің бірі болған және солай бола бермек.
Л и р и к а (грекше Іуга — ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) — әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне, өлеңмен жазылады.
Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсері-мен аса қатты толқынуы, автордың өз басының алуан-алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйініші тән болып келеді. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс—субъективті нәрсе; бірақ, соны-мен қабат кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның х:ал-жайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да,— лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады. Оқушы әрбір лирикалық шығармадан оны жазған автор өмір сүрген кездің жай-жапса-рын аңрарып отырады.
Сөз өнерінің өзге тектері (эпос пен драма) тәрізді лириканың да сурет-тейтін қүбылыстары көп. Қандай суреткер болмасын, көркем шығарма жазудағы мақсат — адамды көрсетіп қана тыну емес, адам арқылы қоғамды мүмкіндігінше, өмірдегі өзекті шындықты көрсету. Осы тұрғыдан алып қарасақ, лириканың өзге тектерге, айталық эпосқа принциптік қайшылығы жоқ, олардан тек тәсіл жағынан айырмасы бар.
Жоғарыда айттық, эпостық шығармалардың өмірдегі қат-қабат, шытырман оқиғаларды суреттеуде мүмкіндігі лирикадан әлдеқайда мол, құлашы кең. Эпикалық шығармалардың көбі сюжетке кұрылады. Адам образын жан-жақты бейнелеп, шындық сырын неғұрлым толық ашуға бейім.
Ал лирикалық шығарма олай емес. Көлем жөнінен, эпосқа қарағанда, әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады.
Эпос пен лириканың осы ерекшелігін Ә. Тәжібаев өзінің “Өмір және поэзия” (1960) деген кітабында В. Белинскийдің сөзімен былай талдап түсіндіреді: ^“Эпоста субъект (ақын) оқиғаға сіңіседі де, көрінбей кетеді; ал лирикада ол кұбылысты өзі игеріп, өз ойьша қабылдап қана қоймай, сол құбылыс пен қақтығысудан туған түйсік түрінде жан сырына айналдырады. Лирика тілсіз түйсіктерге сөз береді, оларды тар кеуденің қыспағынан көркемдік өмірдің таза самалына алып шығады да, ерекше өмір сүргізеді.Сөйтіп, лирикалық шығарманың мазмұны объективтік оқиғаның дамуы емес, субъектінің өзі және сол субъект арқылы өтетін дүниелер. Лириканық шағындығы да соған байланысты. Қысқа лирика өмірдің тұтас бір кезеңін қамти алмайды. Өйткені субъект (ақын) бір мерзімде көп сезімге айнала алмайды. Әр кісі әрбір мезетте әр түрлі мазмұнда болады. Әрине, адамның рухани қабылдағыш қабілетінде шек жоқ, бір-ақ ол барлық құбылысты бірден қамтымай, сансыз мерзімдер бойында кезекпен қабылдайды. Барлық жаратылыс, барлық субстанциал (заттық тектер), барлық идея, ойлар, қысқасы бүкіл әлемді, бүкіл өмірді қозғаушы құбылыстың бәрі де лирикалық поэзияның мазмұны; тек сол құбылыс субъектінің қанына сіңсін, көкейіне қонсын, оның тұтас тірлігінің бір тетігіне айналсын,— басты шарт осы ғана. Көңіл бұрар, ой толқытар я қуантып, я қайғыртар, я сергітер, я қажытар, субъектінің рухани
өміріне ұрық себер, жүрегіне ұялар, толғағына айналар нәрсенің бәрі — лирикаға мазмұн. Оның заңды дүниесі. Мұндай нәрсенің өзіндік күны жоқ, мәселе оған ақынның қаншалық мән беруінде, өзіндік шабыты мен рухани толғағына, фантазиясына, түйсік, сезіміне айналдыруын-да…” Әбділда ақын үлы сыншыны ұзағырақ сөйлеткен екен; солай етпеске біздің, де шарамыз болмады. Өйткені осы айтылғандардың өзі — лириканың классикалық анықтамасы. Лириканың жанрлық табиғатын, болмысын, бітімін, мінезін, ерекшелігін бұдан артық дәл сипаттап, терең, таныту қиын.^
Мықтап ескеретін бір нәрсе — әркім ұлы сыншынын лирика туралы лириканың өзіндей ұшқындаған қызулы, лириканың өзіндей дірілдеген нәзік ой-пікірлері мен түйін-тұжырымдарын тура өз ұғым-түсінігіндей (солай етпеске шара да жоқ!) толғаған шақта әрі сара, әрі таза талғам биігінде болуы шарт. Әйтпесе, тереңнен тайызға қалқып шығу, көркем творчествоның келелі мәселелерін эстетикалық талдау орнына сәл нәрсеге эстеттік тамсану шеңберінде ғана қалу оп-оңай.
Айталық, Белинский лирикалы өлеңдердін, оқырман’ды төзімнен айырып, жалықтырып жіберер ұзақ болуын , үнатпаған лириканың ұзақ болу себебін данышпан сыншы ақынның бір өлеңнің ішінде бір сезінуден екінші сезінуге ауысуынан, сондықтан амалы жоқ, екі ұдай сезімнің жігін жымдастыру үшін ыстық сезімнен салқын ақылға көшіп, тілін безейді деп білген. Мұнда шындық бар ма? Бар. Сыршыл сезім орнына сырдаң ақыл қуалау — лирикаға шәлкес әрекет, Бір сезімнен екінші сезімге ауысу өлеңді шығарманьщ көлемін ұзартып жіберетіні де рас. Бірақ осыған бағып, лириканы парасат биігіне көтерер салиқалы ойға қарсы болу дүрыс па? Дұрыс емес. Ақын бір өлеңде тек бір ғана сезім аясында қалсын” екінші сезімге ауыспасын деген заң шығаруға бола ма? Болмайды. Мысалға Қасым Аманжоловтың “Сырдария аңызы” деген лирикалы өлеңін алып қарайық.
Сарғая ақтың сан ғасыр
Сағына бізді күткендей,
Аралға барып айттын, сыр,
Дүркірей таудан үріккендей,—
деп басталатын осы өлеңде бір емес, бірнеше саз (мотив), бір емес, бір-біріне қарама-қарсы бірнеше сезім бар
Жаутаңдап екі жағаңда
Тамыры тандыр жер жатты;
Талатып көшіп заманға,
Қабағы қату ел жатты; —
деген шумақ біздің көз алдымызға Сыр елінің күні кешегі мешеу, мүшкіл халін, шөл даланың ерні кезерген аянышты кейпін әкелсе, енді бірде ақын:
Көгінен күні нұр сепкен,
Жерінен гүлі жайқалып;
Бойында Сырдың ер жеткен
Берекелі елім, бай халық,—
деп, дәл әлгі ел мен жердің бүгінгі күйі мен кескінін өткеніне қарсы қояды. Сондай-ақ кешегі дарияны:
Ағып бір жаттың суылдап,
Айта алмай, сірә, бір сырды;
Қайыса қарап, суыңды ап,
Жағаңда мұңлы қыз тұрды,—
деп, мұңды сазбен жырлаған ақын ізінше бұлттан шыққан күндей жарқ етіп, жадырай әндетіп, шалқи жөнеледі:
Көтеріп күйдің дауылын,
Сапыра Сырды жырлайды;
Далаға төсеп бауырын,
Дария толқын тыңдайды…
Осылардың бәрі — бір ғана лирикалы өлеңнің өн бойындағы сезім мен саз. Бір емес, бірнеше сезім; бір емес, бірнеше саз.,.-Ендеше, ақын бір сезімнен дереу екінші сезімге ауыса алмайды деген пікірді тым жалаң, қара дүрсін түсінбеу керек. Белинскийдің айтып отырғаны бір лирикада бірнеше сезім болмайтыны емес, бір адам-ның.— “субъектінің (ақынның) бір мерзімде көп сезімге айнала алмайтыны”. Бұл — өте дұрыс: сүйіп тұрып, дәл сол мезетте жек көру, құлай жақсы көріп тұрып, дәл сол мезетте жирену мүмкін бе? Жоқ, бір-бірінен мұншалық алшақ сезімдер мезетке (мгновение) сыймайды. Сыншы соны айтып отыр.
Демек, лирикадағы елгезек сезім мен сыр жайын, бұлардың жинақылығы мен мөлдірлігі туралы айтқан-да, өлеңнің өзін қимылсыз, статикалық әлденеге айналдырып алмау жағын қараған жөн. Рас, лирика-дағы әр-бір саз (мотив) — ақынның бір сәтте жалт еткен нұрлы о й ы, сол бойда жарқ етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүнйесі. Бірақ, бұл осы қалпында өзгермей, құбылмай қатып тұрып қалады деу қате; бұл саз басқа бір жаңа сазға ұласады, сөйтіп, қимыл-қозғалысқа көшеді; лирикадағы адамның жан диалектикасы дегеннің өзін осылай түйсіну керек.
Лириканың бас қаһ’арманы —ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді. Ақын оқшау образ жасап, оқырман-ға “содан үйрен, не жирен” дегендей тенденциямен ғана тынбайды, оған тура өз басындағы сезім мен сырды тұп-тұтас көшіре салады. Сонда ақын көкірегіндегі сезім —.оқырман сезімі, ақын көңіліндегі с ы р ы оқырман
сыры болады да шыға келеді
Армысың-ау, армысың, Сұлулықтық өзі жоқ,
Айналайын, жеңешем! Жұрты ғана қалыпты.
Бармысың-ау, бармысың, Ұмытады көз калай
Аймалайын,жеңешем Сені, сонау келіншек?
Жарқ еттің-ау біріндей Сен бар жерге — бозбала —
Кос ырғайдың, жеңешем! От бассақ та келуші ек.
Құшақ жая жүгірмей, Әзіл, күлкі, ән мен жыр —
Тосырқайсың, неге сен? О да сен ең, есімде.
Ерте кепті егделік,, Жас қауымның сәні ең бір,
Қой, еңсенді бір көтер! Сауық-сайран кешінде
Ерке, епті жеңгелік Өтті-кетті демесең,
Қылаң беріп бір кетер. Бәрін бастан кешірдік.
Сазды, назды сөзік жоқ, Әттең, әттең жеңешем,
Жаның неге шалықты? Жасыткан-ау жесірлік…
(Ж. Молдағалиев.)
Міне, бұл өлеңді оқығанда әркім-ақ өз көңіл күйін тербегендей, өзінің жан сырын ақтарғандай болады; әркімнің-ақ жас шағы, жастығымен бірге өтіп кеткен сауығы мен сайраны мол, уайымы мен қайғысы жоқ бозбала кезі — сылқым, сұлу күндері еске түседі; сол күндердің куәсы секілді ауылда қалған аяулы, ару жеңешесі ойға оралады. Міне, араға ұзақ жылдар салып, ақын… жоқ, ақын емес, біздер — әрқайсымыз ауылға оралдық. Кұ-лын тайдай тебісіп асыр салған, қайран жастықтың қара көк жайлауы болған жерге келдік. Бұл жердің әр бұтасы ыстық, әр төбесі таныс, көзге оттай басылады. Міне, ауыл — туған ауыл… Сонау бір шақта — соғыстан бұрын, майданда қаза болған ағамыздьщ көзі тірі кезінде басқа пана, жанға сая болған, ағамызға әкеміз тігін берген ақ отау, міне… Қуаныш пен шаттыққа толып, күл-кімен күмбірлеп тұрушы еді-ау, осы отау… Өйткені мұнда қос ырғайдың біріндей бұралған асыл жеңгеміз барды.Шырақты шыр айналған көбелек секілді баяғы балғын кезімізде бар билігіміз соның қолында ‘болушы еді: ол шақырса тіл қатып, одан артық, жоқ, шаттық, қой күзеттік түн қатып, егін салып, шөп шаптық… Қайда екен сол аяулы, асыл жеңге?.. Ау, бар екен ғой, міне, ақ отаудың сықырлауығын айқара ашып, алдымнан шықты.
Армысың-ау, армысың, Бармысың-ау, бармысың,
Айналайын, жеңешем1 Аймалайын, жеңешем…
Бар адамды бір адамның (ақынның) “қуанышымен қуантып, қайғысы-мен қайғыртар, шаттығына бөлеп, үмітімей тыныстатар, құлағымен есіттіріп, тілімен сөйлетер.,..” (Белинский) лирика дегеніңіз осы ғой!.. Тек ақын талантты болсын да… ірі болсын, қолынан келсе, ұлы болсын!.. “Ұлы ақын,— дейді Белинский,— өзі туралы, өзінің, жеке мені туралы айтса,— жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар”.
Лириканың күші — әсерлілігінде; әсерлілік әр нәрсені әшейін ауызекі әңгіме қылғандай сылдыратып айтып беруде емес, айтайын дегенін сырлы суретке айналдыру-да, демек, лирканың күші—баяндауда емес, суреттеуде жатады. Ал лириканьщ «Суреттер шындығы ұланғайыр, шындықты қамту кұлашы кең; шын мәніндегі шебер лирикті не жалаң қайғының, не бірың-ғай қуаныштың ақыны, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге болмайды; та-лантты лириктің өлеңдерінде соның бәрі түгел, тұтас жатады; онын, сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі, Белинскийше айтсақ, оқыған жанның сана-сезімін түгел баурап, көңіл күйін түгел тербетіп, барлық пернені бірден басып, барлық шекті бірден сөйлеткендей сайрап кетеді. Сондықтан шын мәніндегі шынайы лирика сырдаңдық атаулыдан әрқашан аулақ тұрады. Мұндай лириканың үлгілерін Гете мен Пушкин, Абай мен Шевченко, Блок пен Брехт, Элюар мен Хихмет… секілді әлемдік әдебиеттің әйгілі классиктерінің бәрінен табуға болады.
Лирикада реалистік эпос пен драмадағыдай қарама-қарсы екі жақтың қиян-қилы күресі, қат-қабат қақтығысы шиеленісу, өрбу үстінде көріне бермейді. Лирикалық қаһарман, әдетте, ұнамды кейіпкер. Сөйте тұра лириканың тартысты және тартыссыз түрлері болады. Дәлірек айтқанда, шындықты қатал, сұсты, күрделі қимыл-қозғалыс қалпында көрсететін салмақты, салихалы өлең болады да, қиындықтан жылыстап жүретін майда, майысқақ, жылымшы жырлар болады. Қасым Аманжолов бір жолы жалпы өлең дегеннің не екенін толғап, оның әлгідей екі түрін өз ара салыстыра келіп, ақыр аяғында өз жырын былайша сипаттаған еді:
О, өлең!
Өлең деген не нәрсе бұл?
— Өлең — су,— дейді біреу,— ағыл-тегіл.
Ой толы отыз жасар жігіт-жырым,
Өлең-су жағасынан термейді гүл.
Өлеңім, өзіме тарт! Тірі адам бол’
Алдыңа алмай-ақ қой мауыты стол.
Ақын бол, азамат бол, жауынгер бол,
Халқыңды құшақтап сүй — міндетің, сол.
Кей өлең келеді тым қылтың-сылтың,
Жалтылдап ұсынады жұртқа сыртын. ‘
Топ жара енген менің жігіт-жырым
Оларды тыжырынтар бәлкім, мүмкін
Қалтылдақ қалпақ киген ғасырлардың
Қыз мінез қылтыңына бас ұрмадым.
Аламын ауыр ойдан ауыр сөзді,
Мақта емес, ми болған соң басымдағым-
Бұл жерде ақын өзінің эстетикалық талғамын аңғартып, өлеңге қояр талабын айтып, өзінің акындық программасын ұсынып қана отырған жоқ, ұшқын атып, жалын шашқан отты өлеңге мінездеме беріп отыр. Лири-кадағы тартыс дегенді дәл осы тұрғыдан ұғу керек.
Лирикада мінез болады. Ол — ақынның мінезі: өлеңім, өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады. Сондықтан оқырманның өлеңді сынайтыны секілді, өлең оқырманды да сынайды. Біздің жаңа дәуірдің алғашқы жылдарында, мәселен, біреулер Маяковскийге құмартса, біреулер Есенинді ұнатты. Бұл тегін емес; әркім өлең мінезін өз қабілетіне, өз мақсат-мұратына қарай таньш білмек. Бұл — өлең мен адам арасындары қарым-қатынас. Бірақ бұл аз. Өлең мен адам ғана емес, оның арғы жағында өлең, мен заман арасындағы қарым-катынас тұрғанын ескеру шарт. Неге? Негесі сол — “әр ақынның өз пафосы бар. Сондай-ақ, әр дәуірдің де өз пафосы болмақ. Ақынның оты өз мезгілінің жалынымен толық тоғыса лапылдаған жерден Шекспир, Гёте, Пуш-кин шығады; ал мұндай тоғысу болмаса, суреткер творчестволық тентіреуге түседі” (Сельвинский). Біздің дәуір —ұлы революциялар дәуірі; біздің заман — адамзаттың мәңгілік көктемі жолындағы алып күрестер заманы. Біз бүгінгі лириканың мінезін тануға осы көзқарас тұр-ғысынан келеміз.
Жоғарыда айттық, лирикалық поэзия — сөз өнерінің ежелгі көне түрлерінің бірі.
Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма?
Оны жасырар адамның күші бар ма?
(С. Торайгыров.)
Адамның сезімі мен сыры болған жерде лирикалық жыр да болған, жыр арқылы адамның сыры мен сезімі сыртқа шыққан. Сондықтан болса керек, лириканың жанрлық түрлері қашаннан қисапсыз көп және әр алуан.
Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның атам заманғы ауыз әдебиеті-нен басталған. Мәселен, қазақ лирикасының басы баяғы салт өлеңдерінде — Той бастар мен Жар-жарда, Сыңсу мен Бет ашарда немесе мұң-шер өлеңдерінде — Қоштасу мен Көңіл айтуда, Естірту мен Жоқтауда жатыр. Солардан өрбіген лирикалық сарын толассыз жамырап әр түрлі ән өлең-деріне, толып жатқан толғау жырларға тоғысқан да, одан лиро-эпосқа келіп сіңген. Дәл осы арада айта кетуді қалайтын бір жайт,— шындықты суреттеу тәсілдерінің өзгешеліктеріне қарамастан, лириканы жалпы поэзияньщ басқа түрлерінен ажыратып алып, тек өзін ғана жеке-дара қарау ылғи жемісті бола бермейді. Дұрысында эпостық шығармаларда лирикалық нәзік сезімдер, шалқу-шалықтаулар, көтеріңкі пафос, сондай-ақ лирикалық шығармаларда эпостың элементтері кездесе береді. Бүған дәлел — жоғарыда аталған лиро-эпос. Ендеше лириканы жалаң тексеріп, түр-түрге бөліп жатудың өзі — шартты нәрсе. Сондықтан біз лириканың кейбір тарихи түрлерін атағанда, әрқайсысын заңдандыру үшін емес, жалпы лирикалық өлеңдердің бүкіл әлем әдебиетіндегі бір алуан даму жолын ойша топшылау, бағдарлау үшін ғана қысқаша шолып өтпекпіз.
Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі — баллада (итальянша Ьаііаге — билеу) — лиро-эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең.
Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін, толғанысын жырлап қана тынбайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет (мысалы, ағылшынның Робин Гуд жайлы халык баллада-лары) болып келеді.
Баллада өзінің ұзақ даму тарихында талай өзгерістерге ұшырады: әуелде бір топ адам қол ұстасып, би билеп жүріп айтатын ә н түрінде көрінсе, кейін сыршыл т о л ғ а у енді бірде асқақ әуенді а р н а у түріне ауысты. Соңғы түрдің үлгісі ретінде белгілі француз ақыны Франсуа Вийонның “Бұрынғы өткен арулар” деген балладасын атауға болады. Мұның әсіресе ел намысын қорғаған ер жүрек батыр апаларын аңсап, армандайтын жерлері айрықша жылы, сырлы:
Тал бойы тұнып тұрған намыс пен ар,
Асыл қыз, ардагер қыз таныс шығар.
Сен үшін отқа түскен өзі барып,
Қайда сол қайран ару Жанна д’Арк?..
Баллада кейін барлық әдебиеттерге тараған: Англияда Р. Бернс, Германияда А. Брентано, Россияда В. Брюсов — бұл жанрдың айтулы шеберлері десек, көп ұлтты совет әдебйетінде нағыз баллада
Н. Тихоновтан басталады. Мәселен, оның мынау “Шеге туралы баллада-сы” (аударған Қ. Мырзалиев) — біздің күндердегі балладаның классика-лық үлгісі:
Ішке тартып жүзіндегі жылуын,
Жәйбарақат шегіп алды шылымын.
Сарбаздарды өрттей шарпып от көзі,
Содан кейін ширақ басып өтті өзі.
“Басталады жорық, шеру, түн қатыс
. Сағат — сегіз. Бағытымыз — күнбатыс.
Қалады артта қатын-бала, қара орман,
Мәңгі бақи баз кешіңдер олардан.
Бір жын ойнақ болмақ бүгін шамасы!”
“Болса болсын!” — деді жігіт ағасы.
Көк теңізді қанға бояп күн батты.
Қылшылдаған бір қыршын жас тіл қатты:
“Тағдырынды тас тұйыққа тіредің,
Көлде өлдің не, шөлде өлдің не, бір өлім!”
Адмиралға жетті хабар сәріде: ,
“Отан үшін опат болды бәрі де!
” Мық шегең де от-жалынға суарған
Мықты болмас, мықты болмас бұлардан.
Қазіргі қазақ ақындарының ішінде оқиғалы өлеңдердің кейбір нұсқаларын Қ. Жармағамбетов жасап жүр. Оның “Бидай туралы балладасын” сондай-ақ “Мұғалима”, “Қүзетші” деген балладаларын кезінде өлең сүйгіш қауым жылы қабылдаған. Әсіресе “Кекті бала” атты балладасы қашаннан осы жанрға тән қаһармандық рухта, көтеріңкі пафоспен жазылған. Ақын жау алған украин селосында ауру әкесін, анасы мен інісін фашистер азаптап өлтірген жас баланың ормандағы пар-тизандарға барып айтқан трагедиялық әңгімесін геройлық оқиғаға айналдыра толғап келеді де, балладаны былай аяқтайды:
Сен үшін, азаппенен өлген ана,
Сен үшін, жараланған орман-дала,
Сен үшін, туған елім, деп серт беріп,
Жорыққа кетті аттанып кекті бала.
Лириканың антик әдебиетінде көп тараран түрлерінің бірі — идиллия (грекше еШуИіоп — суреттеу, сурет) — әлдебір парықсыздау салтанат, қаракетсіз қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр. Идил-лиялық өлеңнің тақырыбы — мал баққан, шөп шапқан, егін салып, балық аулаған адамдар тұрмысы, олардың сұлу табиғат құшағында өтіп жататын той-думаны, сауық-сайраны. Байырғы Грецияда мұндай өлең-дерді Феокрит, Римде Вергилий жазған. Қейін Көне дүние әдебиетінің классикалық үлгілеріне еліктеу ретінде бұл түрді француз ақындары қайта жаңғыртты.
Идиллия Сумароков, Херасков, Княжнин, Жуковский, Гнедич сияқты орыс ақындарында да бар. Бірақ біздің дәуірімізде бұл жанр мәнін жоғалтты, қазір идиллиялық өлең жазып жүрген ешкім жоқ.
XIV ғасырдағы француз әдебиетінде идиллия мадригалға (французша тас!гі§аІ—малшы сазы) ауысты. Бұл да басында жым-жырт, ың-жыңсыз рақат тіршілікті мадақтайтын өлең болатын, кейін әйелдерге арналған альбомдық сипатқа көшті; енді бірде азын-шоғын сықақ, күлкі арала- сатын болды. Мұндай өлеңдерді орыс әдебиетінде Карамзин, Батюшков жазды.
Ежелгі Эллада ақыны, Пиндардан Рим ақындары Гораций мен Овидийге, одан орыс ақындары Лермонтов пен Державинге дейін екі мың жылдан аса ұзақ ғұмыр кешкен бір лирикалық түр — Ода (грекше ойе — ән) — есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды мадақтаған я болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтер-іңкі, көңілді жыр. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқта бар.
Лириканың әдемі—түрлерінің бірі — с о н е т (итальянша зопеііо; зопаге — сылдырау, сыңғырау) — арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең;XIII ғасырда Сицилияда туған; Данте, Петрарка көп жазған; кейін Батыс Европаның басқа елдеріне кең тараған; классикалық үлгілерін Шекспир жасаған.
Сонеттің арнаулы өлшемі бар дедік: көлемі — он төрт жол, алғашқы сегіз жолы — бірінші бөлім — к а т р е н де, ақырғы алты жолы — екінші бөлім — т е р ц е т. Алайда мазмұн жағынан бүл екі бөлімнің ара жігін ажырату қиын.
Сонет қазіргі казақ лирикасында да бар. Соңғы кез-де бұл түрмен
Е. Әукебаев ,біраз өндіріп жазып жүр. Қ. Аманжоловта “Құрдас туралы” деген сонет бар-ды” үлгі ретінде ұсынамыз:
Түн ортасы ауғанда көше жым-жырт,
Жұпар жаңбыр себелеп ойнайды бұлт;
Таң асырған тұлпардай тұр тыпыршып,
Қақпа алдыңда қалшиып жалғыз жігіт.
Жүрек луп-лүп соғады, ұйқы сергек,
Қөкірегін кей кезде ыза кернеп;
“Әлде басқа жігітпен кетті ме екен?
Неге алдады, япырмай, түнде кел деп.
Үйде деуге,— естілмейд ешбір тықыр,
Тузде болса, мұнша кеш, ол неғьш жүр?”
Деген оймен бір жылып, бірде суып,
Таң күзеткен тағатсыз жас жігіт тұр.
Сүйген сәуле алаңсыз жатыр ұйықтап,
Қақпа алдында болған соң күзетші сақ.
Лириканың бұлардан басқа түрлері де толып жатыр.: а р н а у (кейде арнайы шарықтау, кейде көлемді лиро-эпикалық шығармаға бет ашар, кейде жеке адамдарға бағыштау түрінде жазылған өлең), о й (әр тақырып-та туған әр алуан философиялық толғау), к а н ц о н е т т а (баяғының се-рілік сезімдерін мадақтайтын көне әуен), р о м а н с (жалт еткен бір жақ-сы сезімді, көбінесе сүюді жырлау), п а с т о р а л ь мадригал тәрізді малшы сазының бір түрі), эклога (идиллия тәрізді селодағы сауық жыры-ның бір түрі) э л е г и я (бір мұң,бір-сыр аралас назды сарын), э п и т а л -ам а (жаңа косылған жас жұбайлардың жарастығын құттықтайтын- көне өлеңдердің бір түрі), э п и т а ф и я (дүниеден кеткен әлдебір қадірлі кісі жайлы жоқтау), эпиграмма (жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең) т. б.
Әуелі Қөне дүние тұсында, кейін Классицизм кезінде сыршыл өлең-дерді жоғарғыдай түр-түрге бөліп көргендер болды. Бірақ бұл — онша жемісті әрекет емес, әшейін сырттай ғана жеңіл-желпі топтау; дұрысында бұлайша бұтарлау лириканың мазмұнын жеңілдетеді, сондықтан қазіргі лирика бұлай жіктелмейді. Оның орнына әдебиет зерттеушілері, шартты түрде болса да, әрбір лирикалық өлеңді тақырыбына қарай талдап, с а я- с и л и р и к а, ф и л о с о ф и я л ы қ л и р и к а, т а б и ғ а т л и р и к асы, м а х а б б а т л и р и к а с ы деген сияқты, санаулы салаларға ғана бөліп тексеріп жүр.
Лириканы бұлай салалап тексерудің бірқатар мәні бар: әр түрінен ақынның әр қырын тануға болады. Айталық, махаббат лирикасы. Абай-дың осы саладағы лирикасынан не аңғаруға болар? Сөз жоқ, ақынның сұлулыққа көзқарасынан бастап гуманизміне дейінгі талай қырын аң-ғарған болар едік. Бұларды өз алдына қойғанда, ақынның творчестволық эволюциясын, суреткерлік шеберлікке жетілу сырын таныған болар едік.
Дәлелмен, дерекпен айтсақ, ақындырының алғашқы дәуірінде жазған Абайдың махаббат тақырыбындары өлеңдері тіл, ой, сурет, жалпы сүюді сезіну, ұғыну жағынан байырғы ауыз әдебиетінің үлгісінде келетін. Бір ғана мысал:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Жіңішке қара қасы сызып қойған,
Бір жақа ұқсатамын туған айды…
Бұл арада, әрине, қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы бір сұлу қыздың бетпішіні пайда болады. Бар сән-салтанатымен, ажар-көркімен, міне, көз алдымызда қиылып тұр. Бірақ бары сол ғана. Сұлу бір жарқ етіп көрінді де, көлеңкедей қатып тұрып қалды, тірі кісіден гөрі түрлі-түсті бояумен келістіріп салған жансыз сурет сияқты үнсіз, тілсіз…
Ал мынау ше: Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді-өзі керегі.
Жоқ, мүнда басқа: мүнда адамнын, сырт құбылысының өзінен-ақ ішкі сезім толқындары тулап көрініп тұр.
Бұл арада ақын да бағанадағыдай ауыз әдебиетінің үлгісінде сылдырата бермей, адам жанының нәзік иірімдеріне тереңірек барып, өзгеше бір суреткерлік мәдениет танытады. Бұл арадағы объект — құр сыртқы портрет, жалаң сурет емес, кәдімгі адам. Оған ақын енді жан бітірген. Ол енді қимылдайды, сөйлейді, сыр шертеді. Енді біз онық сырт бояуын көріп қана сүйсінбейміз, ішкі психологиялық жайларын қоса түйсінеміз.
Енді Абайдьвд Пушкиннен аудармасын оқиық:
Шеш көңлімінің жұмбағын, Жас жүрек жайып саусағын
Әлде бәрі — алданыс. Талпынған шығар айға алыс.
Не дейді? Жүректе саусақ бола ма? Жүрек саусақ жайып, алыс көктегі айға қалай талпынар? Ол кездегі қазақ ұғымында осы бар ма еді? Ескі қазақ поэзиясына осылай шығандау^тән бе еді? Бірақ
Жас жүрек жайып саусағын
Талпынған шығар Айға алыс.
Осыны түсінбеуге, ұқпауға бола ма? Жоқ. Мың құбылған нәзік сезім ырғағы, жүрек дүрсілі, жан толқыны. Өлеңдегі сөз мүлде соны, тың. Алайда тосырқау былай тұрсын, соншалық терең һәм нәзік сыр, қыз құпиясы, су жаңа сезім оқырман көкейіне сыңғырап құйылғандай…
Байқап қарасақ, ақын да баяғы машығын мүлде өзгертіп, биіктей шығандап жер үстіндегі ең мәдениетті, европалық поэзия биігіне шалқып шыққандай. Асқақтап, серпіле көтерілген; өзінің туған топырағындағы өзіне дейінгі өлең сөздерден мүлде бөлек, қара үзіп, ілгері кет-кен. Бүкіл дүние жүзілік классиканың мың бұралған сырлы “симфониясына” өз үнін,өзгеден ерекше тек өзіне ғана тән үнін қосып, жаңа наз, майда қоңыр саз тапқан. Кемелденген, есейген.
Міне, бір ақынның бір сала лирикасына бір ғана асығыс көз тастағанда көрген-білгеніміз осындай. Ендеше, лириканы тақырыбына қарай топтап-талдау оны жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айрықша мәні бар нәрсе. Лирика бізде осы түрғыдан тексеріледі.