Астық ысырабын көрсеткіш (УПЗ)

Қызметі. “Нива” және “Колос” комбайндарына орнатылатын астық ысырабын көрсеткіштің (УПЗ) қызметі — жұмыс кезінде комбайн молотилкасынан болатын бос дән ысырабының артқанын байқау және бұл жайлы жүргізушіге белгі беру болып табылады. Арнайы баптаған жағдайда бұл көрсеткішпен нақты ысыраптың салыстырмалы өлшемін (процентін) де есептеуге болады. УПЗ бі-рінші жағдайда ысырап көрсеткіш, ал екінші жағдайда ысырап өл-шегіш міндетін атқарады.

Ол екі жағдайда да комбайн жұмысының барынша тиімді (оп-тимальды) режимін сақтауға көмектеседі.

Құрылысы. Астық ысырабын көрсеткіш (164-сурет) мынандай бөлшектерден тұрады: пьезоэлектрлік өзгерткіштер 8, 9 және 10, өлшеуіш блок 1, көрсеткіш прибор 5, қосқыш панельдер мен же-тектер.

Өзгерткіштер 3 (екі дана) ортаңғы клавишалар (СК-5 комбай-нында) немесе екінші және төртінші клавишалардың (СК-6 ком-байнында) түбінің артқы шетіне бекітіледі.

Өзгерткіш масақ шнегі құндағының қайырмалы төсем тақ-тайына (2-суретте бұл тақтай 25 цифрымен белгіленген) бекітіледі. Өзгерткіштер 8, 9 сабан мен топанға түсіп араласып кететін бос дән ысырабын бақылайды.

Өзгерткіш 10 төменгі елек станының төсем тақтайының түбіне бекітілген. Ол астықтың шанаққа түскен кездегі жалпы мөлшерін бақылайды.

Өлшеуіш блок кабинаның сол жақтағы панеліне орнатылған, ал көрсеткіш прибор рульдік қалыптың үстіне орналасқан. Өлшеуіш блокта оны желіге қосатын тумблер (164-сурет) мен “Сезгіш” (“Чувствительность”) тұтқа бар. Оны бұра отырып, нақты ысыраптың бірдей мөлшері жағдайында прибордың көрсетуін арттыруға немесе кемітуге болады.

Өткізгіш сымдарды монтаждау және олардың түсі 164-суретте көрсетілген.

Жұмыс принципі. Әрбір дәннің өзгерткіштің пластмассалы мембранасына түскендегі соққысы пьезоэлементтің қоршауында жылдам өшетін тербеліс түріндегі электр сигналын туғызады.

Бұл тербелістің ұзақтығы мен амплитудасы дәннің соғу күшіне, басқаша айтқанда, оның физикалық-механикалық қасиетіне тәуел-

164-сурет. Комбайн астық ысырабын көрсеткішінщ (УПЗ) құрылыш және монтаждалу схемасы:

1 —өлшеуіш блок; 2 —приборды қосу тумблері; 3 — “Сезгіш” (“Чувствительность”) тұтқа; — панель; 5 —көрсеткіш прибор; 6комбайн “массасын” қосқыш; 7—жылжымалы тұзақ, оның ұзындығы 450 мм болуға тиіс); 8 — клавишалар мен сабан сілік-кіштің өзгсрткіштері; 9 — масақ шнегі құндағы төсем тақтайының өзгерткіпі; 10 — төменгі елек станы төсем тақтайының өзгерткіші. 11—аккумулятор батериясының оң клемасына баратын өткізгіш сым, І2 — “массаға” баратыы өткіагіш сымді болады. Бұл ретте дәнсіз басқа ұсақ бөлшектері соққысының эсерінен электр сигналының импульсі тербелісінің төменгі жиілігі яен аз амплитудасын тудырады. Соның салдарынан мұндай им-пульстерді өлшегіш тракт өткізбейді.

Өзгерткіштер 8, 9 (клавишалар мен масақ шнегінің төсем тақ-тайының) астықтың ысырап болған бөлігін тіркеп отырады. Соны ,-мен қатар өткізгіш 10 шанаққа келіп түскен. дән мөлшерінің жалпы көлемін тіркеп отырады. Өзгерткіштерден 8, 9 келетін бірінен кейін бірі қосылған электр сигналдары ысырап каналына беріледі. Өлшеуіш блокта орналасқан екі канал да алынған сигналды кү-шейту және ұзақтығы мен амплитудасы тұрақты импульс жасау үшін қызмет етеді. Бұл импульстер басталқыда қатынас схемасына, содан кейін көрсеткіш приборға келеді. Прибор шкаласы бірлік өлшемдеріне (продентке) бөлінген.

Пьезоэлектрлік өзгерткіштердің көлемі мен орнатылатын орын-дары мынандай есеппен таңдап алынған: оларға келіп түсетін астық көлемі тиісінше жалпы ысырапқа жәңе бастырылған жалпы астық көлеміне пропорционалды болуға тиіс.

Сонымен дөрсеткіш бос дәннён болатын абсолюттік ысырапты емес, оның шанаққа сол уақытта келіп түскен барлық астыққа қа-тынасының процентің анықтауға мүмкіндік береді.

УПЗ-ны тексеру. Заводтан келіп түскен немесе жөндеуден өткен комбайндардың ысырап көрсеткіштерінің жеке бөлшектерін монтаждайды. Содан кейін монтаждаудын, дүрыстығы мен көрсет-кіштің жұмысын тексереді. Өткізгіш сымдардың дөңгелек ұштарын өлшеуіш блоктың клеммаларына жалғар алдында винттерді бұрап алу керек, жанасу алаңшаларын мүқият тазалап, үштықтарды жақсылап түзету қажет. Көрсеткіштің дұрыс құрастырылғандығын оны “массадан” ажыратылғанда (қосқышпен 6) тексеру керек. Оның қызметін “массаға” қоса отырып тексереді.

Көрсеткіштің жұмысын былай тексереді: тумблерді қосулы қалпына қояды: “Сезімтал” (“Чувствительность”) тұтқасын оңға қарай шегіне жеткенше бұрайды; бір адам кабинада отырып көр-сеткіш прибордың тілін бақылайды, сол кезде екінші адам дәнді өзгерткіштерге 8, 10 немесе басқа өзгерткіштерге 9, 10 түсетіндей етіп уыстап лақтыра бастайды. Егер монтаж дұрыс жасалса, тіл орнынан жылуға тиіс. Көрсеткіш прибордын, тілі де бірқалыпты жиілікпен жылжуға тиіс, бірақ ол жоғарыда аталған ‘өзгерткіш-тердің мембраналарын ашқышпен қатты ұрмауы керек. Бұл жағ-дайда тексеруді үш адам атқарады.

Көрсеткіштің барлық бөлшектері дұрыс монтаждалып, бірақ оның жұмысына электр немесе механикалық кемістіктер кері әсер етуі мүмкін. Мүндай кемістіктердің жоқ екендігін тексеру үшін былай істейді. Көрсеткішті қосады, “Сезгіш” тұтқаны шегіне жеткенше бұрады, двигательді іске қосып, оның әр түрлі режимде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Егер бұл ретте тіл жылжымайтын болса, онда электр кемістігі жоқ деген сөз. Механикалық ке-містіктің (вибрация мен тарсыл ақаулары) жоқ екендігіне көз жеткізу үшін двигательдің толық айналымында комбайнды зая жүрісімен 200 метр шамасында жүргізіп көру керек.

УПЗ — ысырап көрсеткіш. УПЗ-ны ысырап көрсеткіш ретінде пайдалану үшін былай істеу керек. Орақ жағдайын ескере отырып, комбайнның қажетті реттеулерің, бітіктік жағдайын, ауа райының ерекшелігін және т. б. жүзеге асыру қажет. Ысырап көр сеткіштің “Сезгіш” тұтқасын сол жақ шеткі қалыпқа, ал қоректендіру тумблерін “Қосылған” (“Включено”— электр желісіне қосу) қалпына қою керек.

Комбайнның неғұрлым тиімді жылдамдығын таңдап алған соң, жинауға кіріседі. Қажет болған жағдайда реттеулерді, сондай-ақ комбайнның жүріс жылдамдығын белгілеп алу керек.

Комбайнның жұмыс режимін біржола таңдап алғаннан кейін белгілі танапта мыналарды атқару керек: “Сезгіш” тұтқаның кө- мегімен көрсеткіш прибордың тілін шкаланың жұмыстық секторы- ның ортасына қою керек; бұдан соң “Сезгіш” тұтқанын, қалпы өзгертуге болмайды; егер комбайнға түсетін жүктеме белгіленге режим шегінде болса, прибордың тілі шкаланың ортасынан салыс тырмалы түрде аздап тербеліп тұрады; прибор тілінің шкаланы ортасынан кенет және ұзақ мерзімге ауытқуьш комбайнның жүріс жылдамдығын өзгерту керек деген белгі ретінде қабылдау керек

УПЗ — ысырап өлшегіш. УПЗ-ны ысырапты өлшегіш ретінде пайдалануға арнап баптау үшін былай істеу керек. Негізгі көрсет -кіш (аграфоны) бойынша бүкіл астық массасына тән егістің бөлігін таңдап алу қажет. Сол жағдайға сай келетіндей етіп комбайнды реттеп бұдан кейін оны өзгертпеу керек. Қоректендіру тумблерін қосу қажет. “Сезгіш” тұтқаны сол жақ шеткі қалыпқа кою керек. Комбайнды жұмысқа қосып, 70—100 м орғызып байқау қажет.

Бұл жұмыс процесінде комбайншы “Сезгіш” тұтқаны бұра оты- рып көрсеткіш прибор тілін 2—2,5 қалпына қояды. “Сезгіш” тұт- каның қалпы мен прибор тілін белгілейді (есте сақтайды). Содан кейін орылған егістік бөлігіндегі молотилкадан болған нақты астық ысырабын жоғарыда (§ 72) аталған тәсілдердің бірімен анықтайды. Прибор көрсеткіштері мен нақты шығын жөніндегі көрсеткіштерді салыстырады. Егер олардың арасындағы айырмашылық +- 0,3 проценттен артпаса, прибор бапталған болып табылады. Ал бұған керісінше жағдайда ысырап көрсеткіштің сезгіштігі қаншалықты азайту керек екендігін анықтау керек. Оны былай жүзеге асырады: көрсеткіш деректерінің нақты ысырапқа қатынасы табу қажет; “Сезгіш” тұтқаның соңғы дерегінің шамасын осы ш тижеге бөлу керек; көрсеткіштің “Сезгіш” тұтқасын тиянақты жиынтық бойынша қояды. Мұны мысал арқылы көрсетейік.

1-мысал. “Сезгіш” тұтқа 20-ны, прибор стрелкасы — 2,5 процентті көрсетті, нақты ысырап — 1%. Көрсеткіш деректерінің нақты ысырапқа қатынасы =2,5

“Сезгіш> тұтка көрсеткішін алын5ан санға бөлеміз:  =8 осыдан

сон біз “Сезгіш> тұтқаны 8 белгісінің қарсысына апарып қоятын болсақ, онда көрсеткіш тілінің көрсетуі ысырапка сәйкес келетін болады.

2-мысал. “Сезгіш> тұтқа 17 белгісінде тұр, прибор тілі 2,1% көрсетті, нақты ысырап 1,5%. Көрсеткіш көрсетуінің нақты ысырапқа қатынасы 

“Сезгіш” тұтқа көрсеткішін 1,4-ке бөлгенде,  шығады. Мұндай жағдайда “Сезгіш” тұтқаны 12 белгісіне апарып кою керек,

УПЗ-ды баптау үшін комбайнның жұмыс режимі мынандай болғаны жөн. Сезгіш” тұтқа 20—25 цифрын көрсетуі керек, прибордың тілі 2—2,5 қалпында, ал комбайннын нақты шығыны—1,5 проценттен артпауға тиіс.

Ысырап көрсеткішті пайдалану. Ысырап көрсеткішті пайдала-нудың төмендегі ережелерін сақтау қажет.

1. Көрсеткіштің желілерін құрастырғанда және бөлшектегенде комбайнның электр жүйесі ажыратулы болуы керек.

2. Егер көрсеткіш желілері біраз уақыт төмен температура немесе жоғары ылғалдылық әсеріне ұшыраған болса, құрастырар алдында оларды от жағылған бөлмеде +20+- 5°С температурада 2 сағат бойы ұстау керек.

3. Өзгерткіштерді құрғақ таза шүберекпен үнемі сүртіп, тазалап отыру қажет. Мұнай өнімдерімен ластанған шүберекті бұл мақсатта пайдалануға тыйым салынады.

4. Көрсеткіштің өздігінен қызуы үшін электр тізбегін комбайн-ның жұмысқа кірісуіне 5 минут қалғанда қосып қою керек.

5. Өзгерткіштерге мұнай өнімдерінің тимеуін қадағалау қажет.

6. Өткізгіш сымдардын, бүтіндігі мен жанасулардың сенімділігін үнемі тексеріп отыру керек. Олар бұзылған жағдайда өлшегіш істен шығады (көрсеткіш прибордың тілі жылжымай тұрып қалады).

7. Орақ жұмысы аяқталганнан кейін көрсеткіш желілерін ком-айннан алып, сақтауға өткізу қажет. Бұл желілерді жабық жайда сақтау керек. Ал олар сақталатын қора-жайда қышқылдар мен сілтілердің, сондай-ақ коррозия туғызатын газдардың буы болмауға тиіс.

 

Читайте также: