Комбайнмен әр түрлі дақылдарды жинау — жөнінде жалпы мәлімет
Комбайнды біршама қайта жабдықтағаннан кейін әр түрлі да-қылдарды — күнбағысты, тарыны, қарақұмықты, чумизаны, тұ-қымдык, шөптерді, (тимофеевка, беде), бұршақты, дәнге арналған люпинді, қышаны, арышты, тұқымдық қант қызылшасын, тұқым-дық овощтарды, дәнге арналған жүгеріні және тағы басқаларды — жинау үшін пайдалануға болады.
Күнбағысты жинау үшін көп жылдан бері 34-ЮЗА (СК-4 ком-байына) тетігі шығарылып келді. 1972 жылы өндіріске осы мақ-сатқа арнальш жаңа тетік — ПСП-1,5 (СҚ-4 және СК-5 комбайн-дары үшін)—ұсынылды.
Басқа дақылдарды жинау үшін мынандай тетіктер комплектісі шығарылады: жарма дақылдар (тары мен қарақұмық) үшін — ПКК-4 (СК-4) және ПКК-5 (СК-5); 1972 жылға дейін жарма дақылдарды жинауға арнадып ПКФ тетігі шығарылып келді; шөп тұқымына арналып — 44-108 (СК-4) және 54-108А (СК-5); дәнге арналған люпин үшін — ПАЗ-4 (СҚ-4) және ПАЗ-5 (СК-5), қыша мен арыш үшін 34-109 (СК-4) және ПР-5 (СК.-5); қант кызылшасының тұқымы үшін — ПУС-4 (СК-4) және ПУС-5 (СК-5); бұршақ жинау үшін К.С-2,1 шөп машинасына орнатылған ПБ-2,1 тетігі мен құрылғысы және тағы басқалар шығарылады.
Жаңа дақылды жинауға көшкен кезде барабанның айналыс жиілігін дұрыс таңдаудың маңызы зор. Әдетте әр түрлі дақылдарды жинау үшін бұл жиілік мына шектерде болады: күнбағыс үшін 400—500 айналыс/минут, тары үшін 700—800, қарақұмық үшін 500—600, қүрғақ шөп тұқымы үшін 1100—1200, ал ылғал шөп тұқымы үшін 1300, бұршақ үшін 500—700, люпин үшін 1000— 1300, қант кызылшасының тұқымы үшін 600—650, қыша үшік 600—800, арыш үшін 800—1000, дәнге арналған жүгері үшін 400— 500 айналыс/минут.