Ауа тазартқыштардағы өзгерістер
СМД-17К жэне СМД-18К двигательдерың ауа тазартқыштары. Бұл двигательдерде құрғақ типті ауа тазартқыш орнатылған. Оның арнаулы өткізгіштігі жоғары картоннан жасалған екі қағаз сүзгі-патроны бар. Металл тор мен қорғаныш қаптамадан тұратын ауа таратқыш ауаны алдын-ала тазалаудан өткізеді. Ең соңында ауа бірте-бірте негізгі және сақтандырғыш сүзгі-патрондарында тазаланады. Екінші (сақтандырғыш) патрон негізгі патронда ақау болған жағдайда ауа тазартуды қамтамасыз ету үшін қажет.
Қатты шаң босып кеткен жардайда 240 мото-сараттан кейін.(№ 2 техникалық қызмет көрсету кезінде) негізгі сүзгі-патрон мұқият тазаланады. Бұл техникалық қызмет былайша жүзеге асырылады. Ауа тазартқыштын, қақпары ашылып, негізгі сүзгі-патрон алынады (сақтандырғыш сүзгі-патрон орнында қалтырылады). Компрессордың (тұрақты, тракторлық немесе автомобильдік) көмегі-мен ол шаңнан толық тазартылады. Ауа ағының қысымы 2—3 кгк/см2-тан (200—300 кПа) артпауға тиіс, олай болған жағдайда қағаз перденің жыртылып кетуі мүмкін. Егер компрессор жоқ болса, сондай-ақ сүзгі-патрон майланып кеткен жағдайда ол былай тазаланады: ең бірінші екі сағат жуғыш ерітіндіге салып қояды, сосын сол ерітіндімен 20 минут шаяды, осыдан кейін таза сумен жуады. Судың температурасы 35—40°, бұдан кейінгі кептіру 24 сағатқа созылады. Жуғыш ерітіндіге мына материалдар пайдаланылады: температурасы 40—45°С бір литр суға 20 грамнан ОП-7 немесе ПО-10 сабынды паста, 10 л сура 100 г ұсақталған кәдімгі шаруашылық сабыны, “Лотос” порошогы салынады.
Қалыпты жардайда (ауада шан, аз болранда) сүзгі-патрон бір ТО-2-ден кейін, ЯРНИ 480 мото-сағаттан соң тазаланады.
СМД-64 двигателінің ауа тазартқышы. СМД-64 двигателі ауа тазартқышының конструкциясына тазартудың тағы бір сатысы енгізілген. Ол — полиуретан поропластынан жасалған құрғақ сүзгіш элемент. Қосьшша элемент кассета үстіндегі тазалағыш қақпарына монтаждалған. Ауа жақсартылған тазалағышта мынадай ретпен тазаланады: бірінші саты — бұл эжекторлық шаң сорғышы бар -циклондық, алдын-ала тазалағыш; екінші саты — сым тормен оралған май жағылган кассета; үшінші саты — поропласт кассета мен циклондық алдын-ала тазалағыштың арасына рефлектор орнатылған. Рефлектор кассетадан циклонға май келуден сақтандырады.
Ауада шаң басым болған жағдайда жұмыс істегенде кассетаны, рефлекторды және поропластан жасалған сүзгіш элементті 120 мото-сағаттан кейін таза дизель майымен майлап, майды арызу үшін сілкеді, рефлекторды құрратып сүртеді поропласты сығады.
Қалыпты жағдайда (ауада шаң аз болғанда) кассета мен сүзгіш элементті бір ТО-2-ден кейін, яғни 480 мото-сағаттан соң жуады.