Құтан тұқымдасы
Құтан тұқымдасы (Агdеidае) Құтандар туысына тұмсығы тік, әрі ұзын болатын біршама ірі құстар жатады.
Тұмсығы екі жағынан қысыңқы және жиегінде ұсақ тісшелері болады. Көпшілігі топталып жүреді. Бұлар ұяларын ірі ағаштарға немесе қалың қамыстарра салады. Қоректері көбінесе балықтар, амфибилер, шаян төрізділер және насекомдар. Оларды судан аулайды. Кэдімгі көк құтан (Агdеа сіпегеа) біздің фаунамызда орта және оңтүстік облыстарда көбірек кездеседі.
Үлкен ақ құтан (Еgгеtt аІhа) біршама назар аударарлық. Оның түсі жынысына, жасына және жыл маусымына қарамас-тан үнемі ақ түсті болады. Күй салтанаты кезінде арқасын қуа-лай құйрық қанатының үстіне дейін жалданып ұзын қауырсын-дар “эгретка” немесе “эспри” пайда болады. Бізде Европа-лық бөлімнің оңтүстігінде, Кавказда, оатүстік-батыс Сибирьде, бүкіл Орта Азия мен Қиыр Шығыстың қолайлы жерлерінде ұялайды.
Зиянды насекомдарды құртып, ауыл шаруашылығына аздап пайдасын тигізеді.