Металлографиялық микроскоп
Металлографиялық микроскоп (орыс. металлографический микроскоп, микро және гр. skopeo — қараймын, бақылаймын) — көзге көрінбейтін металдар мен металл қорытпаларының құрылымдарын арнайы өңдеп жазып түсіру арқылы зерттеуге арналған оптикалық аспап. Оның арнайы жарық түсіргіш құрылғысы болады; металдың микроқұрылымын зерттеу үшін, фотосуретке түсіру үшін қолданылады. М.м. үлкейтуі 2000 есеге барады.