Шылаулар емлесі
Шылаулар емлесі
Шылаулардың көпшілігі өздері қатысты сөздерден бөлек жазылады және кейбірі дефис арқылы жазылады. Бөлек жазылатын шылаулардың көбі кейбір грамматикалық тұлғалармен сырт жағынан ұқсас болып келеді.
Кейбір шылаулар өздері қатысты сөздердің әуеніне түсіп үндесіп, бірнеше тұлғада қолданылады. Мысалы, мен (беп, пен), қана (ғана), қой (ғой) шылаулары өзінен бұрынғы сөздің соңғы дыбысына, -ды, (-ді), -мыс (-міс) демеуліктері соңғы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне, да (де, та, те) және ма (ме, ба, бе, па, пе) шылаулары өзінен бұрынғы сөздің әрі соңғы дыбысына, әрі соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарай түрленіп отырады. Мысалы: Шығанақ пен Олжабек соңына ала кірді (Ғ. Мұст). Құнанбай мен Ізғұтты алда келеді екен. (М. Ә. ) Толкын да, ағыс та күшейген. (Ғ. М.)
1. Және, мен, (бен, пен) шылауларының емлесі.
Және, мен (бен, пен) шылаулары бірыңғай мүшелер мен ынгайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырып, қайталанбай колданылды. Сондықтан бұл жалғаулықтар байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасына үтір қойылмайды. Мысалы: Жомарттың бүгін жүре қоярлық ниеті жоқ еді және онын ниетіне қарай даяр көлік те болмайды. (Ғ. Мұст.) Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Бірінің сөзі жамау, бірі құрау (А).
Мен (бен, пен) жалғаулығы түбірге қосылып жазылатын көмектес септік жалғауымен сырт тұлғасы жағынан ұқсас. Оларды бір-бірінен ажыратудың жолы мынадай. Көмектес септік жалғауын сөйлемде түсіріп айтуға болмайды. Ал мен (бен, пен) жалғаулығын түсіріп айтуға да (онда жалғаулықтың орнына үтір қойылады), басқа жалғаулықпен (мысалы, және, немесе да, де, та, те) ауыстырып айтуға да болады. Мысалы: Жақсымен жанас деген сөйлемді жақсы жанас деп,— мен тұлғасынсыз (көмектес септігінсіз) айтуга болмайды. Жақсылық пен жамандық кейін алдыңнан кайтады деген сөйлемді, жақсылық, жамандық кейін алдыңнан қайтады деп те, Жақсылық және жамандык, кейін алдыңнан қайтады немесе Жақсылық та, жамандық та кейін алдыңнан кайтады деп те айтуға бола береді.
Мен (бен, пен) жалғаулыгы байланыстырған бірыңғай сөздердің алдыңғысындағы септік жалғауы түсіріліп айтыла береді: Мысалы: Алыс пен жақынды жортқан білер (макал). Әке мен шешенің еңбегін ұмытпа деген сөйлемдерде алыс сөзі табыс септікте (алысты), әке сөзі ілік септікте (әкенің) тұрғаны белгілі.
Және, мен (бен, пен) жалғаулықтары бірнеше бірыңғай мүшелердің соңгы екеуінің арасын байланыстырады немесе бірыңғай мүшелерді екі-екіден топтап барып байланыстырады. Мысалы: Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Бірінің сөзі жамау, бірі құрау (А). Омар, Оспан және Ахмет — үшеуі сабақ оқып отыр. Күрес пен күлкі, қайғы мен шаттық алыс пен жеңіс, жеңіліс пен жетістік болмаса, бұл шіркіннің өзі де тоңған мұз, ұйыған айран емес пе? (Ғ. М.).
2. Да, (де, та, те) шылауының емлесі.
Бұл шылау өзі қатысты сөздің соңғы дыбысына қарай үндестік заңы бойынша бірде да, бірде де, бірде та, бірде те болып өзгеріп отырады. Да (де, та, те) бірде жалғаулык, бірде демеулік ретінде қолданылып, өзі қатысты я байланыстырып тұрған сөзден бөлек жазылады. Егер өзі қатысты сөзге күшейткіш мән үстеп қана тұрса, онда ол — демеулік те, ыңғайластық мәңде сөздерді я сөйлемдерді байланыстырып тұрса, онда ол — жалғаулық.
Демеулік мәнінде бұл шылау қайталанбай, бір ғана сөздің жетегіңде тұрады да, жалғаулық мәнінде ол көбіне кайталанып келіп, не кейде қайталанбаса да екі сөзге я сөйлемге ортақ болып отырады немесе оны басқа жалғаулыкпен ауыстыруга болады. Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан (А). Сөйлемдегі де демеулік, сен деген сөзге ғана қатысты болып, оған күшейткіш мағына үстеп тұр, ал та — жалғаулық, ол тап және бар қалан деген бірыңгай баяндауыштарды ыңғайластыра (бірінен кейін бірі болған қимыл) байланыстырып тұр. Бұны қайталап та (тап та, бар да қалан түрінде) қолдануға болады.
Да (де, та, те) жалғаулығы да, демеулігі де сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен ұқсас келеді. Жатыс септік жалғауы (-да, -де, -та, -те) сөзге жалғанып, бірге жазылады, оны түсіріп айтуға болмайды. Ал да (де, та, те) шылауы бөлек жазылады, оны түсіріп те айтуға немесе жалғаулық мәнінде келгенде басқа жалғаулықпен алмастырып та қолдануға болады. Мысалы, жоғарыдағы сөйлемді Сен бір кірпіш дуниеге, кетігін тап (және) бар қалан деп айтуға болса, Жасымда ғылым бар деп ескермедім (А). дегенді жасым ғылым бар деп ескермедім деп, жасымда сөзіндегі -да жатыс септігін түсіріп айтуға болмайды.
3. Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауының емлесі.
Ма (ме, ба, бе, па, пе) шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасаудың бір жолы болып табылады да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады. Мысалы: Бұрын мұндай самғарлық күйіміз мұндай болды ма? (Н. Б.) Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе деген болымсыз етістік жасайтын жұрнақпен ұқсас келеді. Бірақ шылау бөлек жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге қосылып, бұйрықты мағынаны білдіріп, бірге жазылады. Мысалы: Ғылым таппай мақтанба! (А). Ақын аты ақын ба, Құрғақ сөзбен мақтаса? (Ж.)
Ма, ме, ба, бе, па, пе демеулігі кейде әр бірыңғай мүшеден кейін қайталанып та жұмсала береді. Мысалы: Ерте ме, кеш пе, пайдаға ма, зиянға ма сен де барыңды бересің (Ғ. М.). Көбінесе бұл шылау сөйлемнің баяңдауышынан кейін келеді. Мысалы: Аңсаған шелде су тапса, Бас қоймай ма бастауға? (А). Кейде бұл шылау жіктік жалғауынан бұрын да келеді. Ондайда оның тұлғасы -мы, -мі, -бы, -бі, -пы, -пі болып өзгеріп, сөзбен қосылып бірге жазылады да, одан кейін жіктік жалғауы жалғанады. Мысалы: Баласысың ба?— Баласымысың? Көресің бе?— Көремісің? Жақсысың ба?— Жақсымысың? Келгенсің бе?— Келгенбісің?
4. Дефис арқылы жазылатын шылаулар.
Тілімізде -ақ, -ай, -ау, -мыс, (-міс), -ды, (-ді) демеуліктері өзі шылауында жұмсалған яғни өзінен бұрын тұрған сөзбен дефис (-) аркылы жазылады.
Мысалы: Өзің-ақ бар! Күннің суығын-ай! Орнын жаңа тауыпты-ау! Кісілер келді-ау деймін. «Үйлесер едік» деп айтады-мыс (Б. М.) Олар елге пана-ды (Н. Б.) Осындай көп хабарға қанып келген-ді. (М. Ә.)
круто)))))))
Оте жаксы маганунады бир созбен айтканда« ТЕМА!!!!!!!!!!»
Круто, тема!!!!!
Өте жақсы маған ұнады. Керемет просто супер.
Маған көмектесің рахмет