Халықаралық несие
Халықаралық несие — валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарылымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы.
Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Халықаралық валюта қорымен 185,6 млн СДР (арнайы қарыз құқығы) сомасын «стенд-бай» несиесі шеңберінде келісімге қол қойылды. «Стенд-бай» — резервтік несие — кредитор қажет болған жағдайда және көрсетілген талаптар орындалған кезде (бұл жағдайда сөз Қазақстандағы экономикалық реформалардың бағыттары бойынша ХВҚ-мен келісімнің шарттары орындалуы туралы болып отыр) ақшалай қаражаттардың белгілі бір сомасы келісілген уақыт аралығында несиеге берілетіні туралы келісім.
Келісімнің әрекет етуінің барлық кезеңі бойында ХВҚ миссиясымен «стенд-бай» бағдарламасының жүзеге асуының нәтижелеріне талдау жасалынды және кредитор займның кезекті траншын бөлу туралы шешім қабылданды.
Қысқа мерзімді бағдарламаның жетістікті орындалуы ХВҚ-ның 1996-1998 жылдары орта мерзімді бағдарламасы туралы келісім жасауға мүмкіндік берді.
1993 жылы Халықаралық қайта құру және даму банкімен 1993 жылы құрылымдық реформалардың үкіметтік бағдарламасын қолдауға бағытталған 180 млн АҚШ доллары сомасында медеттік займ бөлу туралы және Қазақстанның экономикалық қаржылық, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы сияқты секторларына техникалық көмек көрсетуге бағытталған 38 млн АҚШ доллары сомасында техникалық көмек қарызын бөлу туралы келісімге қол қойылды..
Еуропалық қайта құру және даму банкі «Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындарды дамыту» бағдарламасына 100 млн ЭКЮ сомасында несие бөлді. Бұл бағдарламаға экономиканың төмендегідей секторларындағы жобалар кіргізілді: қонақ үй шаруашылығы, алтыны бар рудаларды қайта өңдеу, диірмен құрылысы, косметика өндірісі, құрылыс және медицина саласындағы жобалар.
Жапонияның экспорт-импорт банкі ХКДБ-мен қатар қоса қаржыландыруға заем белді.
Азиялық даму банкі мен Қазақстан Республикасы арасында 1994 жылы 40 млн АҚШ доллары сомасыннда арнайы көмек займы туралы келісімге қол қойылды.
Халықаралық займдарды пайдалануды екінші деңгейдегі банктер де белсенді қолдануда.