Фолий қышқылы /Вс витамині, птероилглютамин қышқылы/
Фолий қышқылы /Вс витамині, птероилглютамин қышқылы/
1926 жылы В. Ефремов деген зерттеуші екі қабат әйелдердің макроцитарлы анемия дертімсн ауыратынын анықтады. Олардың бұл аурудан жануарлар бауырын бергендс жазылатындығы белгілі болды. Кейіннен ашытқыларда бұл дертке қарсы жақсы әсер ететіндігі табылды. Мұндай зертеулер құс балапандарына жүр-гізілетін тәжірибелер арқылы да дәлелденді, сондықтан бұл витамин Вс деген атқа ие болды /ағылшын сһісkеп — балапан деген мығынаны білдіреді/.
Соңынан Вс витамині өсімдіктердің жасыл желектерінде кездесетіндігі, әсіресе шпинаттың жапырақтарында көп болатындығы анықталды, сондықтан да ол фолий қышқыл /роlіum — жапырақ/ деп аталынады.
Сондай-ақ бұл витамин химиялық табиғаты жөнінен және бір атқа ие — птероиглютамин қышқылы делінеді. Бірақ көпшілік дәрігерлер мен провизорлар қауымында кең таралған аты фолий қышқылы екен.