Ауыл шаруашылығын реттеу құралдары
Ауыл шаруашылығын реттеу құралдары
Ауыл шарушылығы өндірісіне оның өнімдері және азық – түлік нарығына барлық әлем елдерінде мемлекеттік тұрғыда реттеу ықпалы жасалынады десек, қателеспейміз. Алайда, бұл нарық жүйелеріне ықпал жасау әдістеріне және айтылған нарықтарды реттеуде қолданылатын құралдар жүйесі әр түрлі. Егер біз реттеу қажеттілігін, ондағы шаралар жүйесін анықтаймыз десек, ең алдымен бұл саланы не үшін, кім үшін және қандай мақсат үшін және қандай мақсат үшін реттейтіндігімізді білуіміз керек.
Нарықты реттеудегі ең 1-ші жағдай, ол тұтынушылар мен ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер міндеттерін ескеру. Сол себепті, ауыл шаруашылық өнімдер нарығын реттеудегі негізгі мақсат мемлекеттік өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету, ал 2-ші басты мақсат: азық-түлік және ауыл шаруашылық саласының өзіндік ерекшеліктермен байланысатын баға деңгейінің күрт өзгерістеріне жол бермеу.
Азық-түлік нарығының дамуы жолында 2 бағыт болуы мүмкін:
1) Азық-түлік нарығында баға реттелінбейді (мемлекет ықпалы арқылы), бірақ мемлекеттің әлеуметтік жағдайы нашар топ өкілдіктеріне әлеуметтік қорғау жәрдемін (ақшалай, төлем азық-түлік талаптарын және т.б.) көрсетеді. Ал ауыл шаруашылық қызметіне, оның ұлғаймалы өндірісінің дамуына қаржы сатып алушылар арқылы қайтарылаты болады. Мұндай жағдайды ауыл шаруашылығы дамуын халық қаржысы арқылы іске асыру деп атайды. ҚР-дағы XX ғасырдың 90жылдардағы ауыл шаруашылығын дамыту саясатын бұл бағыттың тиімсіз әрі тек қана халықтың қаржысының оны ұтымды дамытуға жеткіліксіз екендігін көрсетеді.
2) Ауыл шаруашылық өнімдері және азық-түлік нарығын мемлекеттік реттеу. Қазіргі кезде бір де бір елде (нарық экономикасы бар) ауыл шаруашылық өнімдерінің және азық-түлік нарығының мемлекеттік реттелінбейтіндігін кездестіре алмаймыз. Мемлекеттік басқару реттеу органдары болып нарықтың реттелуіне белсене араласады және нарық бағаларын қажетті әлеуметтік деңгейде ұстауға тырысада.
Ауыл шаруашылық нарығын 3реттеу бұл тұтынушыларға да, өндірушілерге де қолайлы жағдай тудыру дегенді білдіреді.
Мемлекеттік ауыл шаруашылық нарығы сұраныс пен ұсынысқа өз ықпалын кейбір экономикалық құралдар негізінде іске асыруға тырысады.
1) бағаға ықпал жасау, яғни бағаны өсіру, не төмендету, ішкі не болмаса шетелдер сатушыларына әкімшілік, не болмаса экономикалық ықпал жүйелері арқылы.
2) Салық ақшалай жәрдем арқылы ауыл шаруашылық өндірушілерінің шығын деңгейлерін өзгерту
3) Ауыл шаруашылық өнім өндірушілеріне өндіріс мөлшеріне байланысты немесе өнім өндірісін шектеумен байланысты жәрдем беру. Ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түлік нарығы баға деңгейіне ықпал жасау шараларын, мысал ретінде қарайтын болсақ, өнім өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы үйлестік теңдігі баға арқылы іске асатыны белгілі. Сұраныс пен ұсыныстың өсуі, не кемуі негізінде баға (теңдікті қамтамасыз етіп тұрған) өзгеріп, нарық тепе-теңдігі, қолайлы үйлестігі бұзылады. Нарықтағы бұл жағдайдын болуы, ондағы өнім көлемі қажеттіліктерін не көп, не тапшы екендігін білдіреді. Сол себепті мемлекеттік басқару, реттеу органдары қарамағында осындай жағдайларға шапшаң, әрі 2 жаққа да тиімді жағдай туғызатын құралдар жүйесі болуы керек.
Осындай мақсаттар үшін төмендегідей реттеу құралдар жүйесі (көптеген нарық елдерінде) қолданылады:
1) толықтырушы қор. Ол «буферлік» деп аталатын принцип негізінде қолданылатын қорлар. Бұл жүйенің іске асырылуы мемлекеттің тікелей араласуы арқылы іске асырылады. Мемлекет азық-түлік нарығындағы баға қозғалысын тұрақты бақылай отырып, өнімдер бағасы нарықта арзандаған кезде сатып алу операцияларын іске асырады, ал қымбаттаған уақытта нарыққа керісінше сақталған өнімдерді шығарып, баға деңгейін белгілі бір деңгейде, яғни әлеуметтік үйлесімді деңгейде ұстауды іске асырады.
2) Бағаны көтермелеу мақсатындағы сатып алу операциялары. Ауыл шаруашылық өнімдерінің баға деңгейін көтермелеу мақсатында (кейбір уақыттарда) мемлекет ішкі нарыққа, ал өнімдерді сату бағытында салады, иә болмаса олардың сатылу көлемін азайту іс-қызметін жүргізеді. Бұл іс-қызметтерді іске асыруда баға қозғалысын қадағалап, мемлекеттің осындай операциялардың жүргізу орындарына қажетті мәліметтерді уақытында беріп отыратын мәліметтерді, уақытында беріп отыратын жүйе ұйымдастырылады. Ішкі нарықта өнім бағаларын көтермелеу (яғни өнім өндірушілерге материалдық көмек беру) мақсатындағы бұл шаралар импортқа шектеу қою негізінде іске асырылады. Алайда бұл шектеу ұзақ болмауы керек. Себебі егер мемлекет әр уақытта өз өнім өндірушілерінің түсім дейгейлерін көтермелеу мақсатында ішкі нарықта импортқа шектеу қою арқылы өсу бағаларын ұстаса, мұндай іс – қызмет Отандық өнім өндірушілерді өндіріске ынталандырады (көп өндіруге), ал ол сұраныстан көп болуы мүмкін. Бұл жағдайда мемлекет ішкі баға тұрақтылығын сақтау мақсатында сатып алу операциялары жүргізіледі. Бұл шаралар мемлекеттік қорды көбейтеді және сұраныстарды өсіреді. Ал ол жағымсыз жағдай. Біріншіден, азық-түлік өнімін ұзақ мерзімде сақтауға болмайды, сол себепті оларды экспортқа шығару проблемасы кезекке келеді. Әлемдік және ішкі нарық бағалары сәйкестіретінін ескере отырып, Отандық өнімдердің бәсекелестік жағдайын қамтамасыз ету мақсатында өнім өндірушілер экспорттық жәрдем қарастыру керек болды. Мұнда экспорттық өнімдерге арналған субсидтер нәтижесінде әлемдік өнімдер бағасы арзандайды. Осындай аграрлық саясат негізінде нарық елдер араларында түсініксіздік пайда болады. Мысалға, қазіргі кезде мұндай жағдай Еуропа елдері ( Еуропа кеңесіне кіретін) және АҚШ, Австралия және Жаңа Зеландия елдері араларында болуда.