Тары тәрізділер тұқымдас тармағы
Тары тәрізділер тұқымдас тармағы
Масақтың қабықшасы екіден көп, масағы барлық уақытта біргүлді. Кейде екінші гүл пайда болады, бірақ ол аталық гүл болып келеді, жапырақтың тілшесі түкті, жапырақтың хлорофилл жиналатын паренхимасы жүйкелердің айналасына орналасады.
Жүгері туысы (кукуруза). Бірүйлі өсімдік, гүлдері және гүлшоғыры өртүрлі жынысты. Агрегатгы сыпырғы төрізді жоғары орналасқан гүлшоғырында екі гүлді аталық масақтары орналасады. Екі гүлді масақтың әрбір гүліңде үш-үштен аталығы болады. Аналық гүлдері собық деп аталынатын күрделі гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың қолтығыңда орналасады, және ол түрі өзгерген жапырақтардан тұратын жамылғымен оралып қапталған (жабылған) болып келеді. Аналық, гүлдің гүлтүйіні дөңгелек, мойны жібек жіп төрізді сусылдаған ұзын болады, оның ұшы екі жақтауы бар аналықтың аузымен (рыльце) аяқталады. Тозаң осы өсімдікте собық пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып аналықтың аузы көрінгенше пісіп кетеді. Сондықтанда жүгеріде өздігінен тозандану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өсіп тұрған өсімдіктердің бірінен келіп түседі. Шыққан жері Мексика.
Жүгері жылусүйгіш өсімдік. Оның тамыры ауаның жеткілікті мөлшерде болып тұрғанын жақсы көреді. Соңдықтаңда жүгеріні себуден бұрьш топырақты тиянақты түрде өңдеуден өткізеді жөне жаз бойы оны қопсытьш отырады. Жүгері жарықты жақсы көреді, сондықтанда оны қатар-қатар бір-бірінен қашықтау себеді. Ол біршама құрғақшылыққа төзімді, дегенмен күніне әрбір өсімдік 1 литрдей су қажет етеді. Жүгеріні суық ұрғанға дейін жинап алады, өйткені пісіп жетілген өсімдік — 1°С өзінде оңай зақымданады.
Кәдімгі жүгері (кукуруза обыкновенная —) (258, а-сурет). Жүгері биіктігі 2-3 м және оданда көбірек болатьш бір жылдық шөггтесін өсімдік. Ол тек мөдени жағдайда ғана белгілі. Европаға Оңтүстік Америкадан 1493 ж. әкелінген, ал Россияға оны X ғасырда себе бастаған. Кәдімгі жүгері 8 т9р тармағына бөлінеді. Тамақтық, малға қоректік және техникалық өсімдік ретінде маңызы аса зор. АҚПІ-да, Аргентинада және Европада бұл негізінен мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдік; Мексикада, Қытайда, Индияда, Моддовада және Грузияның батыс аудаңдарында астық беретін дақыл. Жүгерінің ұнында ұлпа (клейковина) немесе белоктық заттар жоқ. Көпжылдық жүгері (2.) деген жабайы өсетін түрінің Мексиканың тауларьшан табылғанына көп болған жоқ, шамасы ол кәдімгі жүгерінің арғы тегі болса керек.
Қоңыржай климатты аудандарда жүгерінің көптеген сорттарының дәндері пісіп үлгермейді. Сондықтанда Россияның орталық аудандарында жүгеріні ауылшаруашылық жануарларьш қоректеңдіру мақсатында силосқа өсіреді. Соңғы жылдары Россияньщ орталық аудандарыңда ғана емес, сонымен бірге Сібірде де дән беретін сорттары шығарылды. Орта Азия республикалары мен Қазақстанда жүгері тамақ өнімдеріне қажетті дән беретін және малға азық болатын аса құнды өсімдік. Жүгері өндіріс орыңдарына қажетті шикізат болып табылады.
Күріш туысы (рис — Огуга ). Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстік Америкада таралған 24 түрі бар. Біргүлді масақ-шалары агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырына жиналған, масақшаның 4 қауызы, 6 аталығы болады. Екі түрі себіледі, оның ең маңыздьісы — екпе күріш (рис посевной — О.кагіуа) (258,6-сурет). Біздің едце күріш бидайдан кейінгі екінші орыңды алады. Ол Орталық, Оңтүстік — Шығыс және Кіңдік Азияда негізгі астық (нан өнімдерін) беретін дақыл. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша күріштің 2 мыңнан астам сорттары белгілі.
Құмай туысы (сорго). Құмайдың 40-тай түрі бар. Олар тропикалық елдердің (негізінен Африканың) құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді өсімдіктері. БОР-дың территориясывда себілетін немесе арамшөп ретінде кездесетін 8 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпамен толтырылған, ол агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырымен аяқталады. Масақшасы бір немесе екігүлді, соңғы жағдайда гүлдің біреуі қосжынысты, ал екіншісі аталық болып келеді. Дәні домалақ.
Кәдімгі құмай қонақ (сорго обыкновенная ) үлкен (биіктігі 6 м-дей болатын) бір жылдық өсімдік, тек мәдени жағдайда ғана белгілі, гүлшоғырының өсі иілген больш келеді, дән беретін, малға азық болатын және техникалық дақыл ретінде себеді. Дәвдерін өндеп, одан крахмал, қант және спирт алады. Жүгері (джугара — З.сшгга) біржылдық өсімдік, гүлшоғырьшың өсі иілген болады, астық беретін, малға азық болатьш жөне техникалық дақыл ретінде себеді.
Құмай (гумай, или джонсона трава) көп-жылдық тамырсабақты өсімдік, оңтүстік аудавдарда мазасыз (найзойливый) арамшөп ретінде өседі.
Тары туысы (просо — Рапісшп). Тропикалық және субтропикалық зоналарда көп таралған және қоңыржай климатты облыстарға өсетін 400-дей түрі бар. БОР-дың флорасывда төрт түрі кездеседі, барлығы да бір жылдық өсімдіктер, олардың біреуі-ақ тары (просо посевное ) жарма беретін дақыл ретівде себеді.
Борықашыс туысы (сахарный тростник — Зассһашт). Жершарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропи-калық аймақтарывда кең тараған 15 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпаға толы. Негізгі себілетін түрі — борыққамыс (трост-ник сахарный — 8.ойісіпашт) Бразилияда, Куба аралында, Орталық Америкада, Қытайда, Ивдияда және Тәжікстанның оңтүстігіңде себіледі. Сабақтарыңда 15—20% дейін қант болады. Совдықтанда бұл өсімдікті қант, ром, спирт және патокалар алу үшін пайдаланады. Орта Азия республикаларының территориясында (Сырдарья және Амударья өзевдерінің жайылмасывда) жабайы борыққамыс (сахарный тростник — З.кропіапеит) өседі, оны жаңа сортгар алу мақсатывда аталық немесе аналық формалардың бірі ретівде пайдаланады, әсіресе Индияда.