Бамбук тәрізділер тұқымдас тармағы
Бамбук тәрізділер тұқымдас тармағы
Тропикалық жөне субтропикалық аймақтарда шоғыр-ланған 600-дей түрлері бар. Тамырсабақты ағаштанған өсімдік. БОР-да саса (8аза) туысының тек 3 түрі ғана өседі. Бұл салыстырмалы түрде алғанда, онша үлкен болмайтын өсімдік (сабағының биіктігі 3 м диаметрі 1 см), Сахалинде және Куриль аралдарында өседі.
Негізгі таралған жерлерінде, бамбуктер биіктігі 40 м дейін баратын, үлкен өсімдіктер. Масақтары бір-, көпгүлді болып келеді. Гүлдері қосжынысты: аталықтары әдетте 6(3+3), кейде көп (20— 30), аналығы-1, аналықтың мойны (рыльце) 2 (сиректеу 3). Жемісі — дән, кейде жидек тәрізді болып келеді. Бамбуктердің практикалық маңызы аса зор, әсіресе құрылыс жұмыстарына жөне өртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады (су жүретін трубалар, көптеген тұрмыстық бұйымдар), сонымен бірге көкөніс ретінде тамаққа пайдаланады. Бамбуктерді әдетте тамырсабақтарымен оңай көбейтеді. Олар тез өсуге қабілетті. Қолайлы жағдайда 4—6 аптаның ішінде кейбір түрлері 15—20 м биіктікке дейін жетеді. Грузияның батысында бамбуктердің филлострахис және арундинария туыстарының түрлерін себеді.