Оң қанат
Оң қанат – әскер шебінің оң жақ бөлігі. Көшпелілер қоғамында әскери-әкімшілік мақсатта рулар екіге бөлініп, Оң қанат және сол қанат деп аталған. Оғыздарда Оң қанатты бұзоқтар құраса, түркі-моңғолдарда барұңғар деп аталған. Бұлайша бөлу Орталық Азия халықтарында көпке дейін сақталды. Бұл күнде әскери атау ретінде қолданылады.