Кедейлер комитеттері
Кедейлер комитеттері– ауыл кедейлерінің ұйымдары, пролетариат диктатурасының ауылдағы органы. БОАК-тің 1918 ж. 11 маусымдағы “Деревня кедейлерін ұйымдастыру және жабдықтау туралы” декреті бойынша құрылды. 1918 жылы қарашада жергілікті жерлерде 105 мыңға жуық кедейлер комитеттері құрылды. Олар бай-кулактардың азық-түліктерін анықтау және оларды кеңес органдарының алуына көмектесу, ауыл шаруашылығы саймандары мен өнеркәсіп тауарларын кедей шаруаларға бөліп беру, егін егу, астық жинау науқандарын ұйымдастыру міндеттерін атқарды. БОАК-тің 1918 жылы 4 қарашада жарияланған нұсқауларына сәйкес өткізілген ауылдық Кеңестердің қайта сайлау науқанынан кейін кедейлер комитеттері өз жұмысын тоқтатты.