Тазалағыш
Жалпы мәлімет. 3-параграфта көрсетілгендей комбайнның еле-гі, торлы станы, желдеткіші және жетек механизмі тазаланады. Елек тасымал тақтайдан, рамадан, саусақты тордан, жоғарғы електен және ұзартқыштан тұрады. Торлы станда төменгі елек орнатылған.
Тазалағыштың құрылысы. Тасымал тақтайдың қаңқасы екі бойлық білеумен, алдыңғы қораппен және артқы білеумен ұста-тылады. Кронштейннің алдыңғы жұбына аспара арналган ось, ал артқы жұбына елек жетегінің бас осі бекітілген. Артқы білеуге саусақты тор ұстатылған.
Цинктелген болат қаңылтырдан жасалған сатылы тақтай тө-семнің көмегімен дән қоспасын араластырады. Тақтайды бойлай төсемге тарақ орнатылған, ол астық қоспасының бір жағына үйілуін болдырмайды, әрі оның сабан аралас бөлігінің тасымалдануын жақсартады. Тазалағышты нырыздаудың айрықша маңызы бар, ол дәннің ысырабын болдырмауға мүмкіндік береді. Тасымал тақтайдың алдына қалқан бекітілген, ол жұмыс кезінде молотил-каның алдыңғы қалқанының жазықтыры арқылы сырғанап, сол жерді нырыздайды. Тасымал тақтайдың бүйір жарында құйылма орналасқан, ол молотилка қабырғасы мен тақтайдың арасындағы саңылауды бітейді. Тақтайдың төменгі жағына фартук ұстатылған, бұл желдеткіштің жел шыратын қуысына жалранған.
Тасымал тақтай елек рамасына топсалы байланысып, оран жо-ғарғы елек орнатылған. Елек рамасының жақтауын бойлай ны-ғыздауыш құйылма орналасқан. Арнайы мандайша електің ұзарт-қышына майда топанды бағыттайды да, бұл топан раманын бойлық білеулерінің жақтауларымен қозғалады.
Ұзартқыш дегеніміз жоғарғы електің ілгегіне жалғанған шағын жалюзді елек. Рычагтың көмегімен ұзартқыш жалюзінің ашылу дәрежесін реттеуге болады. Сондай-ақ ұзартқыштың көлбеулігін де реттеуге болады, ол үшін бекіткіштің арт жақ бөлігінің орнын елек рамасының кронштейніне қарай ауыстырады.
Торлы стан жақтауыньщ алды мен артында бойлық ойық бар. Жақтаудың сыртында осы ойыққа қарама-қарсы мәнерлі ұясы бар төсем пісіріліп бекітілген. Әрбір төсем ойығымен бірге соған тиісті елек шетін бес түрлі орналасу жағдайының біреуіне мүмікіндік береді. Станның артқы шетіне аспаға арналған ось бекітілген. Станның алдыңғы бөлігінде оське арналған кронштейн бар. Бұл ось екі иінді рычагтарға жалғанған, олар тербелісті торлы станға береді.
Бкі електің де тазартқышы бірдей етіп жасалған, бірақ жалюз-дерінің мөлшері түрліше.Төменгіге қарағанда жоғарғы електе олар ірілеу (жоғарғы елекке ірі дән, төменгісінде біршама ұсақ дән өңделеді).
СК-5 және СКД-5 комбайндарының електері бірдей болады, жоғарғысы 1140X1018 мм және төменгісі 956 Х 1018 мм. СК-6-да елек мынадай: жоғарғысы 1440X1018 мм, төменгісі 1256 Х1018 мм. СК-4 пен ОК-4А-да екі елек те бірдей — 956Х1018 мм.
Барлық комбайндарға бес қалақты желдеткіш орнатылған. СК-4, СК-4А және СКД-5 комбайндарында ауа ағынын реттеу үшін желдеткіштің кіріс терезесіне жапқыш орнатылған. СК-5 және СК-6 комбайндарында жапқыш жоқ, сына-белдікті вариатор бар (62-сурет), ол желдеткіштің айналу жиілігін 430-дан 725 айналыс/минут шамасына дейін реттеуге мүмкіндік береді. Вариаторды тоқтаған кезде, бірақ молотилка жұмыс істеп тұрғанда пайдаланады.
СК-4, СК-4А және СКД-5-те екі тордағы жалюзді ашуды, моло-тилканың сол жағындағы сыртына шығарылған тартпаның көме-гімен реттейді. СК-5 және СК-6 комбайндарында бұл үшін арнайы винтті механизм орнатылған, оның шкаласына жалюз көлбеулігінің (0, 15, 30 және 45°) әр түрлі бөлігі салынған.
Елек алдыңғы жағынан молотилка рамасының ағаш аспасына, ал арт жағынан — металл аспаға ілінген. Бұл аспалардың шатуны топсалы подшипниктердің көмегімен өз ашаларына (жоғарғы және төменгі) жалғасқан. Осы подшипниктердің корпусындағы қуысты ЦИАТИМ-202 жағар майымен толтырады, мұның бір рет толтырылғаны іс жүзінде 2—3 маусымға жетеді.
Тасымал тақтайдың артқы жағы, жоғарыда көрсетілгендей ры-чагтың жоғарғы қалпақшасындағы резиналы втулканың (сайленд-блок) көмегімен оське топсалы жалғанған.
Торлы станның артқы петі молотилка рамасының металл аспа-сына, ал оның алдыңғы шеті рычагтың төменгі қалпақшасына ілінген. Осы екі жалғасуда да резиналы втулка қолданылған.
Жетек механизмі. Тазалағыштың жетек механизмі иінді біліктен 6, екі шатуннан 13 және екі қос иінді рычагтан тұрады (63-су-
62-сурет. Желдеткіштің айналу жиілігінің вариаторы:
7 және 8 —тартпалар; 3 — арнаулы гайка; 4 — винт маховигі; 5 — шеткі дискі; 6— ортаңғы дискі; 7 — втулка; 9 — рычагты білік; 10 — рычаг.
рет). Иінді білік былайша қозғалысқа келеді: СК-5 және СК-6 комбайндарында алдыңғы қарсы жетек білігі арқылы оң жақтағы сына-белдікпен; СК-4 және СКД-5 комбайндарында желдеткіш бі-лігі арқылы шынжырдың сол жақ тұсынан қозғалыс алады. Иінді біліктің шатун мен қос иінді рычагтар арқылы айналуы елек пен тор станына айнымалы қозғалыс тудырады.
Иінді білік подшипниктері корпусының бекітілген кронштейні мен сол корпустың өзіндегі жанасатын беттерінде кертік болады. Соның нәтижесінде оның бекітілетін болттары күшті қысым әсе-рінен босайды.
Шатундар білік иініне конусты жартылай сақинаға 12 және конусты втулкаға 9 орнатылған шатунды подшипниктерге жалған-ған. Мұндай конструкция білік иінін подшипник арқылы өткізуге мүмкіндік береді. Қима втулка бекіткіш гайкамен 10 тартылған. Тоқтатқыш болт 11 гайканы тартылған қалпында ұстап тұрады.
Желдеткіштің айналыс жиілігінің вариаторы. СК-5 және СК-6 комбайндарында сына-белдікті вариатор желдеткішінің айналыс жиілігін реттеу 62-суретте көрсетілген.
Вариатор механиз;мінің қондырма реттеуін мынадай тәртіппен атқарады: тартпаны 1 рычагтан 10 шығарады; белдікті кигізеді;
63-сурет. Елек пен елек станының жетегі:
I — шатун 13 қалпақшасы резина втулкасымен (сайленд-блокпен); 2 — тасымалдаушы тақтайдың түтікті осі; 3 — қос иінді рычагтық жогарры қалпақшасы; 4 — кронштейн; 5 — подшипник корпусы; 6 — иінді білік; 7 — лотилка рамасы; 8 — фланецтер; 9-подшипниктің қималы конус втулкасы 10 — бекіткіш гайка; 11 — тоқтатқыш 12 — конусты жартылай сақина.
втулкамен 7 белдікті керіп, молотилканы қолмен айналдырады; тартпаны 1 рычагпен 10 жалғап, мұнда кішкентай маховикті 4 айналдыру арқылы тартпаның ұзындығын реттейді; аралық жіктегі кронштейн шкаласын көтереді; двигательдің шамалы айналыс жиіл-гінде молотилканы айналдыра отырып, жылжымалы дискіні 6 ең шеткі тұсына орнатады, сонда алдыңғы қарсы жетек білігіндегі бел-дік ең үлкен диаметрінде болады; гайканы 3 жылжыта отырып, оның стрелкасын шкаланың 430 бөлігіне карама-қарсы қояды; стрелка төмен түсу үшін кронштейнді түсіреді де, бекітеді; осыдан кейін шағын маховикті 4 айналдыру арқылы қажетті айналыс жиілігіне қояды. Шағын маховикті сағат тілі бағытымен айналдырғанда айналыс жиілігі артады.
Егер вариатор белдігі айналмай қалса, онда тартпаны 1 рычагтан 10 ажыратады да, белдікті кереді. Белдікті кергеннен кейін қондырма реттеуді қайталау керек. Бүл ретте мынадай ережені есте ұстаған жөн: молотилканың жұмыс органы аялдамада двига-тельдің баяу айналыс жтлігінде қозғалганда ғана желдеткішің айналыс жиілігін реттеуге болады.
Тазалағышты реттеу. Тазалағышта мыналар реттеледі:
1) Желдеткіштің айналыс жиілігін немесе (СК-4, СК-4А және СКД-5 комбайндарында) желдеткіш жапқышының ашылуы;
2) екі електегі жалюздің ашылу шамасы (64-сурет);
3) торлы стандағы төменгі електің қалпы;
4) жоғарғы елек үзартқышының 18 көлбеу бұрышы (2-сурет) және ондағы жалюздің ашылу шамасы.
64-сурет. Тор жалюзін ашу дәрежёсін реттейтін механизм
Жоғарыда аталған реттеулердің алғашқы екеуі негізгі болып саналады. Енді әрбір реттеуді пайдалану тәсілін түсіндірейік.
1. Желдеткіштен берілетін ауаньщ мөлшері тазалағыш жұмы-сының сапасына өте елеулі әсер етеді. Желдеткіштен жел неғұрлым мол келсе, тазалағыш та соғұрлым жақсы жұмыс істейді. Алайда, тым күшті үрлеу тазалағыштағы дәнді (әсіресе ұсақтарын) ұшырып жібереді. Сондықтан желдеткішті әдетте, еқ көп айналыс жиілігінде (немесе жапқышты барынша ашып қойып) пайдаланған жөн, тек ауа ағыны тазалағыштан дәнді ұшырып кетпейтіндей болуға тиіс. Дән көп келгенде желдеткіштін, айналыс жиілігін барынша арттырады (желдеткіш жапқышын толық ашып қояды). Тіпті тазартудың бастапқы кезінің өзінде де желдеткіш жапқышын алғашында толық ащып қояды. Сонан соң біраз уақыт-жұмыс істегеннен кейін, нәтижесіне қарай қажетті түзету енгізеді.
2. Елек жалюзін ашу дәрежесін, оған келетін астық массасының көлемі мен сапасына қарай реттейді. Мәселен, жоғарғы елек үшін, оның жұмыстық аумағының үштен екісі, оған келген массадағы дәннің бөлінуін қамтамасыз етуге тиіс. Егер дәннің біразы еленіп үлгермей, електің шетіне дейін жетсе, онда оның біразы масақ шнегіне түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда жалюзді кеңірек ашу қажет.
Ылғалды немесе арамшөпті астықты жинағанда жалюзді көбірек, ал құррақ астықта — шамалырақ ашады. Қалыпты жұмыс істеген жағдайда жалюзді жартылай ашып қояды. Төменгі електегі жалюзді ашу дәрежесін масақ шнегіне дән аз келетіндей, ал шанаққа неғұрлым таза дән көп түсетіндей етіп белгілейді. Әдетте төменгі електе дәннің еленуі оның ұзына бойында өтеді. Егер төменгі електің жалюзі тым көп ашылған болса, онда шанаққа шөп-шалам аралас дән түседі. Ал ол жөнді ашылмаған жағдайда масақ шнегіне дән көбірек жиналып, соның салдарынан дән жармаланады және сабандағы бос дәннің ысырабы артады.
Шығымдылығы орташа және ылғалдылығы қалыпты астықты жинау үшін тазалағышты бабына келтіргенде жалюзді мынадай шамада ашады: жоғарғы електе 14—17 мм, төменгіде — 8—10 мм.
СК-5 және СК-6 комбайндарында жалюзді былайша ашады: жоғарғы електе 30°; төменгіде — 20°.
3. Төменгі електі көлбеулігіне қарай реттеуге болады. Торлы станның екі жағына да саңылау 28, 34 жасалған (2-сурет), мұның өзі төменгі електің шетін реттеуіш бес тесіктің біреуіне қоюға мүм-кіндік береді. Мұндай реттеу сирек, мәселен, масақ шнегіне дән көп құйылғанда жүргізіледі. Әдетте електі орташа қалпына қояды.
4. Ұзартқыш 18 (2-еурет) бос дән мен бастырылмаған масақтың (ол оны іліп алып масақ шнегіне бағыттайды) ысырабын бол-дырмауға септігін тигізеді. Ұзартқыштың көлбеулік бұрышын және ондағы жалюздің ашылу шамасын, осындай шығын болмайтындай етіп белгілейді. Ұзартқышты тым көтеру тиімсіз, өйткені ол іріккен дән мен топаннык біразы масақ шнегіне өтіп кетеді. Сондай-ақ ұзартқыштың жалюзін тым ашуға да болмадйы, өйткені масақ шнегіне бастырылмаған масақ пен дән ғана түсіп қоймай, дән аралас топан да кебірек түседі.
Ұзартқыштың көлбеулігін реттеу шамасы 8-ден 30° дейін. Оны қажетті қалпында бекіту үшін тесікті 16 пайдаланады (2-сурет). Ұзартқыш жалюзінің көлбеулігін рычагпен 15 реттейді. Орташа (қалыпты) жағдайда жинағанда тазалағышты бастапқы бабына келтіру үшін мынадай реттеуді пайдаланады: ұзартқышты қажетті қалпында бекітетін болттарды еківші 16 тесікке (жоғарыдан санағанда) екі жарынан ұстатады; рычагты 15 үшінші тесікке (алдынан санағанда) бекітеді.
Тазалағышта тағы да бірнеше құрылғы бар, оларды реттеу ке-зінде пайдаланады.
Масақ шнегінің құндағына ашпалы төсем тақтай 25 топсалы жалғанған. Бұл тақтайда имек маңдайша 24 бар. Төсем тақтайдың көлбеуін өзгерткенде, оньщ арасында және науада 22 саңылау пайда болады да, одан топан саулайды. Маңдайшаның 24 міндеті — осы саңылауды бітеу және топанның саңылауын болдырмау.
Төсем тақтайға 25 жылжымалы калқан 23 бекітілген. Бұл қал-қанды 2-суретте көрсетілгендей етіп бірқалыпты ұстатады (олардың және жоғарғы елек ұзартқышының аралығы, ұзартқыш-артқы жағында тұрғаңда 15—20 мм болуға тиіс). Ол жоғарғы електін, артқы шеті мен жоғарғы електің ұзартқышының желдеткіштен шыққан ауамен жақсы үрленуін қамтамасыз етеді,соның нәти-жесінде масақ шнегіне майда және жеңіл қоспалар онша көп түс-пейді. Егер ұзартқыштың әсер ету аймағынан дән үрленсе, онда қалқанды 23 төмен түсіріп, ұзартқыш пен електің артқы шетінің үрленуін бәсеңдетеді.
Тазалағыш жақсы реттелген жағдайда астық пен бастырылмаған масақтың шығыны болмайды (немесе мүлде шамалы, небары 0,3%), шанаққа таза дән құйылады (арамшөп баспаған құрғақ астық тазалығын 96—97 процентке дейін жеткізуге болады), ал масақ шнегіне бастырылған дән мүлде аз түседі.