Жұпар тышқан
Жұпар тышқан. Дон, Еділ, Жайық, өзендерінде және кейбір баяу ағатын су қоймаларын мекендейтін, жартылай суда тіршілік ететін жануарлар. Олар қоректік затын судан алады.
Моллюскалармен, насекомдар-мен және олардың личинкаларымен, өсімдіктермен және аздап балықтар-мен де қоректенеді. Көбею мерзімі май айынан ноябрьге дейін созылады, бірақ жылына бір-ақ рет көбейеді. Бірден беске дейін бала туады. Індерге ұялайды. Інінің аузы судын, түбіне ашылады. Жұпар тышқанды бағалы терісі үшін аулайды. Қазір бұларды аулаура тыйым салынып, бұрынғы болған жерлерінде жаңа облыстарда қолдан өсіріп, көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.