Есімшенің жіктелуі
Есімшенің жіктелуі
Есімшенің барлық түрі де тікелей жіктеліп, етістіктің негізгі мәнін, шақтық мағынаны білдіреді. 3-жақта арнаулы жіктік жалғау жоқ.
Есімшенің жекеше түрде жіктелуі.
I. мен көрген-мін, келер-мін, бермес-пін, баратын-мын, айтпақ-пын.
II. сен көрген-сің, келер-сің, бермес-сің, баратын-сың, айтпақ-сың
сіз. көрген-сіз, келер-сіз, бермес-сіз, баратын-сыз, айтпак-сыз?
III. ол. көрген-, келер-, бсрмес-, баратын-, айтпақ-,
Есімшенің көпшс түрде жіктелуі.
I. біз көрген-біз, келер-міз, бермес-піз, баратын-быз, айтпак-пыз
II. сеңдер көрген-сіңдер, келер-сіңдер, бермес-сіңдер, баратын-сыңдар айтпақ-сыңдар.
сіздер көрген-сіздер, келер-сіздер, бермес-сіздер, баратын-сыз-дар, айтпақ-сыздар.
Ш. олар көрген-, келер-, бермес-, айтпақ-,
Болымсыз етістіктен (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) кейін жалғанған есімшенің -с тұлғасы жіктелгенде, кейде (көбіне поэзияда) I жақта — с есімше жұрнағы мен жіктік жалғауы (-пын, -пін) тұтасып, қыскарып кетіп, -н түрінде ғана қолданылады: айтпа-с-пын — айтпа-н, келме-с-пін — келме-н т. б. Мысалы: Бұлтқа жетпей шарт сынбан. Жандаспай ақыры бір тынбан. (М). Бай емен, батыр емен, хан емеспін (А).