А. Шизомицетес класы
А. Шизомицетес класы. Оған мынадай қатарлар жатады:
1. Псеудомонадалес — пішіні таяқша сияқты, спора түзбейді, Грам әдісімен боялмайды, диаметрі 1 мк, клетканың бір немесе екі шетінде шоғырланғаң жіпшелері болады. Бұған вибриондар мен спириллалар жатады.
Бүған псеудомонадация тұқыйдасы жатады. Оның маңыздытуыстарыпа псеудомонас пен хантомонас жатады. Псеудомонас туы-сына жататын бактериялар топырақтағы органикалық заттарды, белоктарды, майларды, углеводтарды және гумус заттарын ыдыратуға белсене қатынасады/ Ал хантомонас туысына жататын кейбір түрлері ауыл шаруашылық өсімдіктерінің ауруын қоздырушылар болып табылады да, азотомонас туысындағы кейбір өкілдері атмосфера азотын сіңіре алады.
І Спирилляция тұқымдасына спираль тәрізді бактериялар жа-тады. Өздерінің қасиетіне қарағанда олар псеудомонадация тұқымдасына тым ұқсас. Бұл тұкымдастың кейбір өкілдері адам мен жануарларда ауру қоздырады. Сонымен қатар олардың бірқатар өкілдері (целбибрио, цельфальцикула) клетчатканы ыдыратуға, құрамында көміртегі бар қосылыстарды метанға айналдыруға (метанобактериум) белсене қатысады.
2. Хламидобактериалес қатарына таяқша түріндегі, көп клеткалы жіпше бактериялар жатады. Таякша клеткалар бір-бірімен жалғасқан, оларды шырыш басып жатады және ол темірдің гидратты тотығына (Ғе(ОН)з) каныкқан болады. Изоморфты бөліну арқылы көбейеді.
Бұл қатардьщ өкілдері тұщы суларда кездеседі. Олар клеткаларының бір ұшымен қатты затқа бекіп немесе шоғырланып, қалқып жүріп те тіршілік етеді. Жіпше тәрізді бактериялар спора түзбейді, аэробты миксотрофты немесе гетеротрофты организмдер. Хламидобактерияция тұқымдасына сферотилус, лептотрикс және басқа да туыстар жатады.
3. Хифомикробиалес қатары. Бұл топырақта және суда тіршілік ететін бүршіктенгіш бактериялар. Олардың сопақша клеткаларының үштарында бүршіктері болады. Клеткаларының диаметрі 0,5—1 мк, козғалатын топтарында жіпшелері болады. Олар миксотрофтылар, фотоавтотрофтылар немесе гетеротрофтылар. Бұған хифомикробиум және родомикробиум туыстары жатады. Олар гу мин, бензой және құмырсқа қышқылдарын ажырата алады. Жоға ры концентрациялы тұздарға, температураға төзімді келеді.
4. Еубактериалес қатары. Клеткалары шар немесе таяқша тәрізді. Перитрихты жолмен жіпшеленген, қозғалмайды. Көпшілігі сапрофиттер. Бірақ паразит өкілдері де бар. Топырақта көп таралған.
Бүған бацилляция түқымдасы жатады. Олар спора түзетін та-яқша тәрізді формалар. Бациллус туысы аэробты, ал клостридиум туысы — анаэробты организмдер. Бұл бактериялардың басым көпшілігі органикалық заттарды ыдыратуға белсене қатысады, кейбіреулері адам мен жануарларда түрлі ауруларды қоздырады.
Лактобактерияция тұқымдасына жататын бактериялардың көпшілігі сүт пен сүт тағамдарында кездеседі. Олар моно- және дисахаридтерді сүт қышқылына дейін ыдыратады. Оларды сүт қышқылы бактериялары деп атайды. Бұл бактериялардың енеркә-сіп пен ауыл шаруашылығында зор маңызы бар. Бұл тұкымдаста игар және таяқша тәрізді бактериялар кездеседі. Оған стрептокок-кус пен лактобактериум туысы жатады.Осы тұқымдасқа тым жақын жатқан пропионибактерияция тұқымдасындағы бактериялардың сырларды жасауда зор маңызы бар. Олар Грам әдісімен боялатын таяқша тәрізді, спора түзбейтін, қозғалмайтын бактериялар.
Азотобактерияция және ризобияция тұқымдастарына атмосфера азотын сіңіруші бактериялар жатады. Соңғы тұқымдастарға бұршақ тұкымдастар тамырында тіршілік ететін түйнек бактериялары жатады. Бұл микроорганизмдердің ауыл шаруашылығында зор маңызы бар.
Бұл қатарға жататын тұқымдастардың біраз өкілдері түрлі ауру қоздырғыштар болып ееептеледі.
5. Қариофаналес қатары. Балдырларға ұқсағаң ұзын, көп клеткалы жіптер түзеді, ұзындығы 4-тен 40 мк-ға дейін барады. Клетка ядролары айқын жекеленген, клетка сыртында капсуласы болмайды. Аса қозғалғыш, споралары бар организмдер. Олар көңде, сүт қоректілердің сілекей қабықтарында, шіріп жатқан органикалық қалдықтарда көптеп кездеседі, олар негізінен сапрофиттер.
6. Бегиатоалес қатары. Бұлар бұтақталмайтын, көп клеткалы,ұзын жіпшелерден түрады. Ал бір клеткалы топтарында клетка пішіні жұмыртқа тәрізді болып келеді. Клеткалары қақ ортасынан бөліну арқылы көбейеді. Күкірт сутегін күкіртке дейін, одан әрі күкірт қышқылына дейін тотықтыратын хемоавтотрофты организмцер. Клеткаларының ішінде күкірт тамшы түрінде жиналады. Бұған бегиоттация тұқымдасы жатады. Оның көп тараған түрі бегиотта альба және тиотрикс туысы.
7. Миксобактериалес қатарына шырыш бактериялары жатады. Бөліну арқылы көбейеді. Клетка мөлшері 0,7—10 мк, пішіні үршық тәрізді. Сыртқы қабығы жұмсақ, қозғалған кезде иіліп түрады. Жекеленген ядросы бар, сапрофиттер. Олар топыракта, көңде, шіріген өсімдік қалдықтарында кездеседі. Көпшілігі хитин, клетчатка және басқа да әсімдіктер мен жануарлар тектес қалдықтарды ыдыратады.
Бұған миксококкация тұқымдасы жатады. Оның миксококкус деген туысы бар. Ал сорандиация түқымдасына сорангум туысы, полиандиация тұқымдасына полангум туысы, цитофагация тұқымдасына цитофага түрі жатады.
8. Спирохеталес қатары. Спираль тәрізді ирек клеткалары бар.Оның сырты жұмсақ қабықпен қапталған клеткасы шиыршықталу жолымен қозғалады. Жекеленген ядросы жоқ. Бұған екі тұқымдас жатады: 1) спирохетация және 2) трепонемация. Сапрофиттер. Ал трепонемация түқымдасына сифилис ауруын коздыратын спирохета жатады.
9. Микоплазмоталес қатары. Сыртында қатты қабығы бар. Клеткалары сопақша келеді, бактериялық сүзгілерден оңай өтіп кетеді, қозғалмайды, спора түзбейді. Бүлардың ішінде сапрофиттері де бар. Ал патоген түрлерінен мүйізді ірі қарада плевропневмония ауруын қоздырушылары бар.
10. Актиномицеттер қатары. Бұған бір клеткалы проактиноми цеттер және актиномицеттер деп аталатын екі түқымдас жатады.Бірінші тұқымдасқа таяқша тәрізді, бұтақтануға бейім бактериялар жатады. Мицелийлерінің бір ұшы ортаға бекиді де, екінші ұшы ауада бос қалады.
Актиномицеттер табиғатта кең тараған, олар топырақта, суда және өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарында тіршілік етеді. Олар топырақтағы қарашірікті ыдыратып, гумус түзуге қатысады. Актиномицеттер өз денесінен түрлі-түсті бояулар (пигменттер) бөледі. Кейбіреулері адам мен жануарларда болатын актиномикоз ауруларын қоздырады. Олар құрғақшылыққа төзімді, кейде құрғақ топырақта он жылдан астам уақытқа дейін тіршілігін сақтай алады және олардың саны жыл маусымына байланысты өзгеріп отырады. Жалпы микроорганизмдер санына шаққанда олар көктемде 20%-тей, күзде 30%-тей болады. Топырақтың терең қабаттарында өте сирек кездеседі.
Актиномицеттердің біразы басқа микробтарды қүртып жіберетін ерекше заттар — антибиотиктерді бөледі. Олар түрлі ауру қозды-рушы микробтарға қарсы қолданылады.
ү Б. Микротатобиотес класы. Бұл класқа тірі организмде тіршілік ететін паразиттік организмдер жатады. Ол екі отрядқа бөлінеді. Біріншісі ■^рмшшхисиіор, екіңшісі — виралес.
Риккетсиалес отрядына жататын организмді 1909 жылы Америка ғалымы Г. Т. Риккетс ашты. Олардың клеФкалары өте ұсақ, 0,1-ден 5 жк-ға дейіи барады. Бөліну арқылы көбейеді, клетка пішіні сопақша, кейде ұынша жіпше құрайды, қозғалмайды. Спора түзбейді. Ауру қоздырғыштар. Олардың көп қасиеттері вирустар мен бактерияларға тым ұқсас. Риккетсиялардын, көпшілігі ыасекомдармен бірлесіп тіршілік етеді. Іш сүзегін қоздырушы кәдімгі риккетсий биттермен бірлесіп тіршілік етеді.
Виралес отрядына — вирустар мен фагтар жатады. Негізінен вирустар есімдіктерде, жануарларда және адамдарда қауіпті ауруды қоздырады, ал фагтар — микроорганизмдердін, паразиттері.