ҮЮДЫҢ ТҮРЛЕРІ


Тұрақтылық зонасының кезектесуі. Коллоидты ерітінділерге кейбір электролитті қосқанда тұрақты екі облыстың пайда болуы байқалады, олардың біреуі төменгі, ал екіншісі одан жоғары кон-центрацияға сәйкес келеді. Бүл құбылысты көбінесе “дұрыс емес қатарлар” деп атайды. Тұрақтылық зонасының кезектесуі ұйыту-шы иондары көпвалентті болып келетін элеткролиттерге тән. Тұ-рактылық зонасының кезектесу себебін түсіну үшін зольдердің тұ-рақтылығы, бөлшектегі зарядтың шамасы мен белгісін сипаттайтын электрофорез жылдамдығын салыстыру керек (62-сурет). Мұндағы С — электролит концентрациясы, оның мәні абсцисса осінде, — электрофорез жылдамдыгы ордината осінде өрнектеледі, 1-тұрақ


62-сурет тылык зоналары, 2-ұю облыстары (торланған). Осы суреттен байкалатындай, бөлшек зарядынын, абсолюттік шамасының азаюы ұюдың бірінші облысына тура келеді. Сонан сон, бөлшек қайтадан заряд ала бастайды, бірақ та оның мәні кері болғандықтан, оған екінші тұрақтылық зонасы сәйкес келеді. Электролит концентрациясын онан әрі жоғарылату бөлшектегі заряд шамасының кемуіне келеді және осы тұста золь де ұйиды. Тұрақтылық пен зарядты салыстыру “дұрыс емес қатарлар” құбылысының беткі қабаттың қайта зарядталуынан екенін көрсетеді.

Потенциал анықтаушы иондарды алмастыру нәтижесінде де беткі қабаттың заряды өзгеруі мүмкін. Мысалы, теріс зарядталған иодты күміс золіне аз мөлшермен азот қышқылды күміс ерітіндісін ақырын қосу арқылы, ондағы кристалл торына күміс катионын енгізуге болады; мұнда электролит концентрациясы жоғарылаған сайын бөлшектегі зарядтың абсолюттік шамасы кемиді екен; сонан соң кристалл торын толықтыратын күміс катионының енуі салда-рынан беткі қабат оң зарядталып, зарядтың нөлдік нүктесі арқылы өте,ДІ- Зонаның кезектесуіне екінші себеп — зарядталған беткі қа-батКа кері иондардың адсорбциялануы. Көпвалентті иондардың әсерін жан-жақты зерттеу көпвалентті металл иондары адсорбция-ланғанда беткі қабаттағы қайта зарядталу құбылысының жүрмей-тінін көрсетті.

Электролиттердің біріккен әсері. Зольге электролиттердің бірі-гіп әсер етуін тәжірибе кезінде зерттеп, оның нәтижесін 63-сурет-тегі график көмегімен сипаттауға болады. Ондағы екі координат-тыІС оське екі электролит концентрациясы орналасқан. Осы график-тегі әрбір нүкте өзіне сәйкес орналасқан осьтегі электролит конДентрациясы мәніне лайықты ұю табалдырығын көрсетеді. Сол және ү2 нүктелері екі электролиттін. әрқайсысын жеке таза күйінде алғандағы табалдырықты концентрациясын көр-І- Егер график түрі -\І және ү2 нүктелерін түзу арқылы қоса-й болса, онда мұндай түзу (1) осы екі электролиттің бірігіп

әсер етуін көрсетеді және оны адди-тивтілік немесе тепе-теңдік деп атай-ды. Мүндай тепе-теңдік қасиет әдетте бірдей валенттіліктегі және жалпы си-паты үқсас иондарға тән, оған мысал ретінде калий мен натрий, хлор мен бром, кальций мен магний сияқты үқ-сас иондарды келтіруге болады. Гра-фиктегі 2-қисық электролиттердің ан-тогонизмі деп аталатын қүбылысты кескіндейді. Кейде электролит антого-низмінің салдарынан злектролит қос-пасындағы әрбір электролит өзінің же-ке табалдырықты концентрациялары-нан асып кететіндей мөлшерде кездесуі де мүмкін. Антогонизм электролит-терді араластырғандағы иондардың

225

термодинамикалық активтілігшін өзгеруі, комплексті қосылыстар-дың түзілуі және адсорбциялық әсерлер салдарынан туындайды. Мысалы, антагонизм иодты күміс золін А1(МО3)з және К2$О4, ТҺ(NО3)4 және Nа2ЗО4 қоспаларымен ұйытқанда байқалады. Осы айтылған құбылыстармен қатар, қоспадағы электролиттің бірі, он-дағы екінші электролиттің ұйыту қабілетін күшейтетін құбылысты электролиттердің синергизмі (3-қисық) дейді. Электролиттердің біріккен әсері жайлы теориялық көзқарас физикалық теорияға сүйене дамуда.

Коллоидтардың өзара ұюы. Егер бір системада екі не одан да көп коллоидты ерітінді болса, онда кейбір коллоидты ерітінді бас-қаның әсерінен ұйиды екен, яғни коллоидты ерітінділер бірін-бірі ұйытады. Мұндай құбылысты зерттеу XIX ғасырдың аяғында бас-талды. Тәжірибе кезінде анықталған жайларға қарағанда колло-идты системадағы бөлшектер зарядының қосындысы заряд белгі-сімен қоса есептегенде нөлге тең болса, онда зольдер біріне-бірі барынша әсер етеді. Ондагы белшектердін, электрокинетикалық тартылысы зольдердің өзара уюындағы жалғыз себеп емес. Ионды атмосфера құрамы мен дисперстік фазаның табиғаты әр түрлі болатын аттас зарядталған зольдердің ұюы мүмкін, сондыктан бөлшектср арасында адсорбциялық және химиялық әрекеттесулер пайда болуы ықтимал

Сенсибилизация. Қоллоидты системаларды тұрақтандыру мақ-сатымен оларға жоғары молекулалық қосылыс ерітіндісін, олар-дың арасындагы активті белокты жиі қосады. Алайда коллоидты ерітіндіге қосылған жоғары молекулалық қосылыс мөлшері аз болса, онда кері құбылыс жүріп кетуі мүмкін, яғни коллоидты ерітінді тұрақсызданады немесе түрақтылығы төмендейді. Бұл құ-былысты Г. Фрейндлих сенсибилизация десе, Н. Песков астабилизация (турақсыздану) деп атады. Зольдегі белок бөлшектері мен макроиондары заряд белгісі әртүрлі болған жағдайда сенсибилизация өте айқын байқалады. Мүндайда бөлшектің беткі қабатына адсорбцияланған белок онын зарядын нейтралдап, ондағы ионды атмосфераның пайда болуына байланысты туындайтын тұрақты-лықты төмендетеді. Қоллоидты ерітіндідегі белоктың азғантай кон-центрациясы берік қорғаушы қабатты тудыра алмайды. Сондай-ак, сенсибилизация себебін белоктағы заряды бар ірі иондардың бірден өзімен аттас бірнеше белшектерге адсорбцияланатынымен де түсіндіреді. Мүндай адсорбция коллоидты бөлшектерді бірікті-ріп, желімдеп коятындай көрінеді.

Пептизация. Пептизация деп ұйыған коллоидты ерітіндінін қай-тадан зольге айналуын айтады. Пептизация ұю процесіне кері құ-былыс екен. Ендеше оны тұрақтандырушы ретінде де қарастыруға болады.

Пептизация тек коллоидты ерітінді ұйыған кезде, ондағы бөл-шектер құрылымын өзгертпейтін және олар бірігіп көбеймейтін жағдайда ғана жүруі мүмкін’ Үйыған коллоидты ерітіндіні пепти-зациялау үшін, әуелі оны ұйыткан электролитті жуу аркылы жо-йып, сосын оған тұрақтандыргыш қосады. Бөлшектердің беткі қа-

8* 227

аролық өлиіем

64-сурет

батында потенциал анық-таушы қызметін орындай алатындай иондары бар электролиттер жиірек тұрақ-тандырғыш ретінде қолда-нылады. Оларды пептиза-циялаушы электролиттер деп атайды. Жаңадан тұн-баға түскен темір гидрокси-дін хлорлы темір көмегімен пептизациялау нақтылы зерттелген.

Пептизация құбылысын түсіндіру мақсатымен, по-тенциал кисықтарын өрнек-

тейтін әдісті пайдалануға болады. П. Ребиндер зерттеулері көрсетіп отырғандай, дамыған сольватты немесе адсорбциялы қабаттағы бөлшекер әрекеттескендегі потенциалдың қисықтарында минимум болады (64-сурет). Мұнда дамыған сольватты қабаттағы бөлшек-тер әрекеттескен кездегі потенциалдық қисықтар келтірілген, яғни осы әеркеттесу энергиясының концентрациясының әр түрлі мәнде болғандағы өзгерісі көрсетілген. Ондағы минимумдардың пайда болуы, бөлшектер аралығы өте қысқарғанда туындайтын тебіліс күшіне байланысты. Сол секілді сольватты немесе адсорбциялық қабаттар сығылғанда да тебіліс күші пайда болады екен. Сонымен коллоидты ерітінді ұйыған кездегі бөлшектердің күйі суретте көр-сетілген потенциал шұңқыры (А) арқылы сипатталады.

Коллоидты ерітіндіні ұйытатын электролит концентрациясы оны жуу салдарынан өте төмендеп кетеді де диффузиялық қабат ке-ңейеді, ал бүл қосымша тебіліске әкеледі. Егер жылулық қозға-лыстың энергиясы бөлшектердің ара қашықтығына қарай өзгеретін потенциал тоскауылынан артық болса, онда осы аралық алыста-ған сайын бөлшектер тарала келіп, пептизация жүреді. Көбінесе, пептизацияны жақсы жүргізу үшін механикалық жолмен араластыру әдісін де жиі қолданады.

Читайте также: