Қарслықты салалас құрмалас сөйлем

Қарслықты салалас құрмалас сөйлем
Бұл Қарслықты салалас құрмалас сөйлем Құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде айтылған ой екіншісіндегі ойға карсы мәнді білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дейміз.

Қарсылықты салаластың кұрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар (бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де, сөйткенмен) арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Осыған қарап оны жалғаулықты қарсылықты салалас және жалғаулықсыз қарсылықты салалас деп екіге бөлеміз. Жалғаулықсыз қарсылыкты салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына үтір және сызықша қойылады. Мысалы, Жоғары қарай өсе алмады, сонда да бұтақтары көп (Б. Полевой). Біз бұл кезде жер бетінде қанша тұрғын адам болғанын да білмейміз, бірақ халық неғұрлым жиі мекендеген кейбір жерлерде адамдар тамақтың үнемі жетімсіздігін сезіне бастауы ықтимал (В. В. Дежкин). Әрі түртінектеді, бері түртінектеді,— түк таппады (Қ. Найманбаев) дегендегі бірінші және екінші салаластар — жалғаулықты қарсылықты салалас, олардың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен сонда да және бірақ деген жалғаулық шылаулар арқылы байланысқан да, үшінші кұрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз, іргелес тұрып байланысқан. Қайткен күнде де әр салаласта бірінші жай сөйлемде айтылған ойга екінші жай сөйлемдегі ой қарсы мәнде келіп отырады. Бірінші салаласта бірінші жай сөйлемдегі ой жоғары қарай өсе алмауы болса, екінші жай сөйлемде солай бола тұрса да, бұтақтарының көп екендігі айтылады. Екінші салаласта бірінші жай сөйлемдегі ой жер бетіндегі тұрғын адамның санын білмеу болса, екінші жай сөйлемде соган қарама-қарсы халық жиі мекендеген кейбір жерлерде адамдар тамақтың жетімсіздігін сезіне бастауы ықтимал екендігі айтылады. Үшінші салаласта бірінші жай сөйлемдегі әрекет (әрі түртінектеді, бері түртінектеді) екінші жай сөйлемде ешбір нәтиже бермегендігі (түк таппады) көрсетілген.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *