Қазақстандағы жоспарлар жүйесі

Қазақстандағы жоспарлар жүйесі
Қазақстанда мемлекеттік реттеу процесінде маңызды роль атқаратын жоспар жүйесі. Халық шаруашылығының басқарылу деңгейлері бойынша келесідей бөлінеді:
1) ҚР-ның әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспары
2) Аймақтардың, облыстардың индикативтік жоспары
3) Экономика салаларының индикативтік жоспарлары

1)1-ші жоспар келесілерді анықтайды:
1) жалпы ұлттық мемлекеттік мақсаттарды, олардан туындайтын міндеттерді
2) мемлекеттің экономикалық саясаттының негізгі бағыттары
3) Үкіметтік экономикалық саясатты іске асырудағы шараларын
2) Аймақтық деңгейдегі индикативті жоспар – аймақтық экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады
3) саладағы жоспарлар – саланың экономикалық даму саясатын және саланың маңызды, өзекті мәселелерін шешу жолындағы ұйымдық-техникалық, экономикалық шаралардың негізгі бағыттарын анықтайды
Жоспар жүйесіндегі маңыздысы әлеуметтік – экономикалық дамудың концепциясы. Мемлекет экономикасының даму концепциясы дегеніміз – экономиканың даму мақсаттарын және басым бағыттарын көрсететін инвестициялық және құрылымдық саясаттың, ғылыми – техникалық прогресстің, әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын анықтау құжаты. Концепция 10 жылға арналған, басым бағыттар 10 жылдық уақыт аралығындағы әлеуметтік — демографиялық және экономикалық болжамдарға негізделеді. Концепция мен басым бағыттар 5 жылдықтарға бөлінеді. Алғашқы 5 жылдық концепция негізінде аймақтардың әлеуметтік – экономикалық концепциялары және мемлекеттің 5 жылдық әлеуметтік – экономикалық даму жоспары жасалады. Мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық басым бағыттары мен даму концепциясы негізінде мақсатқа жету жолындағы шаруашылық жүргізу механизмін жетілдіру қажеттіліктері мен жолдары, ынталандыру жүйелері анықталады.
Индикативтік жоспар.
Мемлекеттің даму жоспары 2 түрде болуы мүмкін, яғни дерективті (әміршілік сипатта) және индикативті. Әміршілік сипаттағы жоспарлар – бұрынғы Кеңес Одағы экономикасына тән болдыы. Сонымен бірге, Жапон, Франция сияқты индустриалды дамыған елдердің соғыстан кейінгі экономиканы көз қалпына келтіру істерінде басты құралы болды. Әлеуметтік тәжірибеде мұндай жоспарларды ұзақ уақыт пайдалану әлеуметтік – экономикалық дамуды дағдарысқа әкелетіндігін көрсетті. Қазіргі нарықтық аралас экономика талаптарына индикативтік жоспарлар тән. Қазақстанда осы индикативтік жоспар қабылданып жатыр. Бұл индикативтік жоспарлаудың өзіндік белгілеріне тоқталайық:
1) индикативтікжоспарлау нарықтық экономика субъектілері болып, өз өнімдеріне, түсімдеріне өздері қосымша еркін меншік иелері есептеленеді – деген ұғымға негізделеді.
2) Жоспарлы құжаттар көрсеткіштері нұсқаушылық, бағыт берушілік сипатта болады.
3) Жоспарлы көрсеткіштердің қосымша келісім шарттармен толықтыру мүмкіндігінің болуы
Индикативтік жоспарлардың мақсаттары:
1) мемлекеттің экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ету, дағдарысты құбылыстардың алдын алу, барлық шаруашылық субъектілерін жалпы ұлттық, әлеуметтік – экономикалық міндеттемелерді орындауға бағыттау
2) әлемдік және ішкі нарық коньюктуралары,бюджеттік қаржыларды мемлекеттің пайдалану бағыттары туралы шаруашылық субъектілеріне мәліметтер жүйесін қалыптастыру.
3) Нарық субъектілеріне оларды қызықтыра алатын және мемлекеттік Ұлттық бағарламалар негізін құрайтын көрсеткіштер жүйесін ұсыну
4) Тауар өндірушілердің жаңа техника, технология және озық тәжірибелерді пайдалануға бағыттау.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *