Бюджет қаржы ресурстарын және салық механизмдерін пайдалану
Бюджет қаржы ресурстарын және салық механизмдерін пайдалану.
Бюджет – қаржы ресурстарын және салық механизмдерін пайдалану құралдарының бірі болып есептелінеді. Дамыған елдер тәжірибесінде бұл механизмдерді тиімді, ұтымды пайдалану келесідей жағдайларға дәл жеткізгендігін көрсетеді:
1) Бюджеттік қаржылар есебінен қаржыландыру (субсидтер,көшермелер немесе әр түрлі салықтық –несиелік жеңілдіктер беру). Мысалы: Италия, Дания, Шведция т.б. елдерде ұлттық табыстың мемлекеттік бюджет арқылы бөлінуі 50 пайыз мөлшерден де көп, ал Германия, Австрия сияқты елдерде 50 пайыздық деңгейде
2) Ел экономикасында құрылымдық, инвестициялық саясатты іске асыруда маңызды роль салық салу қызметіне беріледі. Салық жүйесі әр меншіктегі кәсіпорынды күрделі қаржыны көп қажет қылатын өндіріс салаларының және бәсекелестегі жоғары тауарларды өндіруге мүмкіндік береді.
3) Әлеуметтік жүйенің дамуын әлсіретпеуге, оған деген қаржыны азайтпауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде үкімет атқару органдары – инфляцияны өсірмеу және бюджеттің баланстылығын сақтау принципін басшылыққа алады. Дамыған елдер экономикасында өрлеу моделінің маңызды элементтерінің бірі болып, ақша –несие құралдар жүйесі саналады. Ақша-қаржы саясатының негізгі мақсаты – инфляциясыз және толық еңбекпен қамту жағдайларымен сипатталады.