ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР
Белгілі бір тілдегі ғылымы мен техника саласындары арнаулы атаулар сөздігін терминологиялыщ сөздік деп атайды. Бұлар бәрі топталып бір сөздік түрінде де, әр ғылым саласының терминдері бойынша жеке-жеке кітап болып та шыға береді.
Мәселен, “Атаулар сөздігі” деген атпен 1931 жылы, “Қазақ тілшің тер-миндсрі” 1936 жылы, “Терминология сөздігі” деген атпен 1948 жоне 1950 жылдары екі кітап болып басылып шықты. Мұнда революциядан бергі кезеңде тілімізге енген термин сөздерді барынша жинақтап, жұртшылыққа ұсыну мақсаты көзделді.
Елуінші жылдардан бергі кезеңде экономика мен мәдениет-тің, техника мен гылымның шарықтап, кең қанат жайып дамуымен байланысты, орыс және интернациональдық терминдердің ссебінен, сонымен қатар өз ана тіліміздің жаңа сөз жасаудағы қабілеттілігі арқасында да, қазақ тілінің сөздік құрамы барынша байыды. Ендігі жерде әрбір ғылым саласының терминдерін әрқайсысын өз алдына жеке кітап етіп басып шығару мәселесі күн тәртібіне қойыла бастады. Осындай ұлы мақсаттың жаршысы ретінде 1952 жылы (1955 жылы екінші рет) С. Арзымбе-товтың “Орысша-қазақша ауыл шаріуашылық терминдерінін, сөздігі” жарық көрді. Содан бергі кезеңде ғылымның өзге салаларының терминдері де кезекпе-кезек басылып шыға бастады. Қазір елуден астам осындай үлкенді-кішілі терминологиялық сөздіктер жарық көріп отыр. Бұған мынадай ғылыми терминдер ендірілген: лингвистикалық терминдер, әдебиет тану терминдері, музыкалық сөздік, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі, физикалық, география, математика, физика, астрономия, геология, юриспруденция, педагогика, психология, медицина, іс жүргізу, экономика, философия, спорт, физкультура, құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника және топырақтану, теміржол қатынасы, биология, географиялық атаулар, химия, археология, механизм мен машиналардың терминдері, мал дәрігерлік терминдер, әлеуметтік-экономикалық терминдер, экономика термин-дері, анатомиялық терминдер, өсімдіктер фразеологиясы мен био-химиясы терминдері, қоғамдық-саяси терминдер, т. б.
Қазақ тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға республикамыздағы ең таңдаулы, өз ісіне жетік деген маман кадрлар қатыстырылды. Алайда жарық көрген ірілі-ұсақты терминологиялық сөздіктерде ана тілінің өзіне тән сөз тудыру тәсілдерін әрдайым сарқа пайдаланып келе жатыр деп үзілді-кесілді айтуға болмайды. Аудармашылар кей жағдайларда буквализмге бой ұрып журсе, енді бір реттерде трафаретке түсіп алғандығы жиі байқалады. Аудармашылар екі тілдің әрқайсысына тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді мұқият тексеріп, осыған дейінгі орын алып келген олқылықтар мен ала-құлалықтардан арылу жолын іздестіруде. Бұл салада олардың қол жеткен табыстары да аз емес.