ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІКТЕР
Орфография (емле) бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы нормаларын белгілейді. Ал дұрыс жазудағы негізгі мақсат — ойды жазба түрде айқын етіп, дәл жеткізу. Сол үшін орфографиялық ережелер де жалпыға бірде олай, бірде былай екі түрлі жазылып жүруінеп көп зиян келеді.
Сондықтан смле ережелсрді түрақтандыру-сауатты жазудық бірден-бір кепілі деп танылады. Қазақ тілінің орфографиялық срежслсрі рсволюциядан бсргі кезеңде туып қалыптасты. Олар дүркін-дүркін өзгеріп, жаңарып отырды. Соның негізінде әр кезде ірілі-уақты “орфографиялық сөздіктер” жарық көріп огырды. Алгашқы сөадіктер негізінен мектеп көлсмінен аса алмады. Соңғы рет Қазақ ССР Жоғаргы Советінің Прсзндиумы 1957 жылғы 5 июньдс “Қазақ тілі орфографиясыньщ негізгі ережелерін” бекітті. Осыныц нсгізінде 1963 /кылы үлкен “Қазақ тіліиін. орфографиялық сөздігі” жарық көрді. Бұл сөздікте сөздердің жазылуы морфографиялық және фонетикалық деп аталатын скі түрлі принципке негізделді. Сөздіктің соңында қосымша ретінде кісі аттары мсн жер-су атаулары да ендірілді. Бұлардың берілуіндсгі мақсат есім мсн атауларды жазуда да бір ізділік сақтау сді.
Бұл сөздікті 1978 жылы сәл өңдеп екінші рет басып шығарды. Содан бергі өмір талабы мұны да місе тұтпай, ескірте бастады. Тіл білімі институты қазіргі кезде жаңа сөздікті баспаға дайындау әзірлігінде. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты мен Қазақ ССР Оқу министрлігі 1957 жылдан қолданылып келе жатқан орфографиялық ережелерге біраз толықтырулар мен түзетулер енгізіп, Қазақ емле ережелерінің жаңа редакциясын ұсынған еді. Оны Қазақ ССР Жоғарғы Со-ветінің Президиумы 1983 жылдың 25 авгусындағы Указымен бекітіп берді. Емле ережелері кодексі жазу мәдениетімізді әрі қарай жетілдіріп, жазуымыздың сауаттылығын недәуір арттыра түоетіндігі сөзсіз.
Орфографиялық сөздік — тіл мәдениеттілігінің басты бір белгісі деп қарасақ, мұны тек сөздерді белгілі ережелерге сай үйлестіріп, сауатты жазумен ғана шектеуге болмайды. Ең алдымен, бұл сөздік ана тілінің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін, әсі-ресе оның өзіне ғана тән бейнелі сөздерін (қос сөздер мен күрделі сөздерін) барынша камтып, көрсегуге тиісті. Тілдегі сөз байлығының қыр-сырын жан-жақты ашып беретін бірден-бір көрсеткіш — қолдан түспес сөздік құралын шығару екендігі ескерілуі керек. Сонымен қатар бұл құралмен алты жасар баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шұғылданатын ұмытпау керек. Сондықтан орфографиялық сөздіктің құрылым-құрылысына үлкен мән беріп, оны әлі де жетілдіре түсу шараларын шұғыл қолға алу қажет. Қазіргі орын алып, отырған сөздіктердің құрылым-құрылысындағы елеулі ала-құлалықтарды түгелдей жойып, сапасын неғұрлым арттыра түсуді ойластырмасқа болмайды. 1960 жылы Г. Жаркешеваның “Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі” басылып шықты. Бұл еңбектің кіріспе бөлімінде бірге жазылатын сөздер мен бөлек жазылатын сөздердің емле ережелері берілген. Қейбір кіріккен сөздердің түп-төркіні ашылған. Мұнда 5000-ға жуық біріккен және күрделі сөздердің тізімі көрсетілген. Тізімнің ішінде қазақтың
Төл сөздерімен қатар авиабаза, автоқалам, автомашина, автошана, агротехника тәрізді терминдер де қамтылған. Сонымен бірге екі сөзден құралған кейбір ән аттары (Ақ бақай, Ақ бидай, Ақдарига, Ақерке, Ақ қайың т. б.) да алынған. Азын-аулақ болса да ойын аттары (алтын сақа, әңгір таяқ, балтам тап т. б.), күй аты (Аксақ киік, Боз шолақ, Сары арқа, Көкей кесті т. б.) берілген. Р. Сыздықованың “Қазақ орфографиясы меь пунктуациясы жайында анықтағышы” 1960 және 1974 жылдары екі рет басылды. Бұл енбектің баспа қызметкерлері мен мұғалімдер үшін елеулі мәні болды. Демек, қазақ тіл мамандары орфографиялық сөздіктер шығарудан кенде емес. Алайда, мәселе сөздіктің санында емес; сапасында деп білсек, бүл салада істелуге тиісті қыруар жұмыстар бар екендігін авторлар коллективі әрдайым ұмытпағанын қалар едік.