АУДАРМА СӨЗДІҚТЕР
Қазақ халқының сөз байлығын ең алғаш жинап-теріп, жекі сөздік етіп шығару тәжірибесі өткен ғасырдың екінші жартысынан кейін ғана басталды. Орыстың атақты ғалымдары академик В. В. Радловтың “Түрік тілдерінің сөздігін жасаудағы тәжірибе” (1893—1911) атты төрт томдық сөздігі мен профессор Н. И. Ильминский-діқ “Қазақ тілін зерттеудегі материалдар” (1861) деген арнаулы еңбегі ана тіліміздегі сөздерді жинақтап, сөздік етіп шығарудың үлгілерін көрсетті. Революциядан бұрын барлығы отызға жуық екі тілдік (орысша-қазақша немесе қа-зақша-орысша) аударма шағын сөздіктер жарық көрді. Бұлардың азды-көпті тәжірибелері революциядан кейінгі сөздіктердін бел алып еркін дамуына белгілі дәрежеде себін тигізді.
Қазақ лексикографиясының шын мәнінде ғылыми түрғыдан тексеріліп, етек алып жан-жақты дамуы советтік дәуірде екі тілді аударма сөздіктерден басталды. Лениндік ұлт саясатының арқасында Совет Одағы халықтарының өз ана тілін емін-еркін дамытуға қолы жетті. Бұрынғы кенжелеп артта қалған көптеген ұсақ ұлттар хат танып, білім алып, социалистік мәдениеттін биік шыңына көтерілді.
Орыс тілі — озық мәдениет пен ғылымның, прогресшіл пі-кірдің тілі. Сондықтан да біздің елдердегі халықтар орыс тілін
124
үйрену өсу мен дамудың, аса қуатты қаруы деп білді. Ұлан-байтақ -Отанымыздагы ортақ экономикалық-мәдени мүддс мен қоғамдық жалпы мақсат баршамызға бірдей ортақ бір тілдің болуын қажет етті. Социалистік біртұтас семьядағы мүдделес әр түрлі халықтар бір-бірімен бүгінде орыс тілі арқылы пікірлесіп, өзара тіл табысады. Орыс тілі интернациональдық қарым-қатынастың ұлтаралық қүралына айналды. Демек, орыс тіліне деген құштарлықты күнделікті өмірдіқ өзі тудырды, халқымыздыц өскелең талабы мен талғамы қажет етті. Совет Одағындағы үлкенді-кішілі барлық халық революциядан кейінгі жылдардың өзінде-ақ, орыс тілін үйрену, білу мақсатымен ең әуелі орысша-ұлт тілдерінің сөздігін, соңынан ұлт тілдері мен орысша сөздіктерді жасауға жаппай жұмылды. Қазақстанда екі тілді сөздік жасау мәселесі кең жолға қойылды. 1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тілдік шағын сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ, 1946 жылы екі том “Орысша-қазақша сөздік”, 1954 жылы бір томдық үлкен “Орысша-қазақша сөздік”, ал 1978, 1981 жылдары “Орысша-қазақша сөздіктің” толықтырылған екі томы Ғ. Мұсабаевтың жетекшелігімен жарық көрді.
Аталған сөздіктер туысқан екі халық (орыс пен қазақ) бірінің тілін бірі оқып үйренуі, біріндегі сөз байлығы мен сөз шеберлігін меңгеріп алуы үшін баға жетпес үлкен құрал. Орыс мэдениеті, әсіресе оның бай сөздіктері біздің еліміздегі халық-тардың жалпы дамуына, ең алдымен, рухани-мәдени жағынан жетілуіне үнемі мінсіз қызмет атқарып келеді.
Жалпы біздің республикаларымызда ғана емес, бүкіл Одақ көлемінде екі тілді аударма сөздіктер шығаруда қыруар жұмыстар істелді. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы, мәселен, 1965 жылы шыққан профессор К. К. Юдахиннің “Қырғызша-орысша сөздігі” 1968 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Біз мұны үкімет пен партияның еліміздегі ұлт тілдерін мейлінше еркін түрде дамытуга ерекше қамқорлық жасап отырғандығыныи айғағы деп білеміз.
Қазақ тілінің сөз байлығы өзге тілдермен де салыстырып аударылды. Мәселен, шағын түрде болса да “Ағылшын-қазақ сөздігі” (1960), “Монғолша-қазақша сөздік”, (Монғолия, 1954), ^Арабша-қазақша түсіндірме сөздік” (1969), “Парсыша-қазақша тұсіндірме сөздік” (1974), “Қазақша-арылшынша сөйлесу” (1966), “Қазақша-немісше сөйлесу” (1968) шықты. Қазақ тілі-нің басқадай сөздіктерін мол тәжірибелері бірден-бір негіз болды.