Сабактың дидактикалық және психологиялық құрылымының арақатысы

Сабактың дидактикалық және психологиялық құрылымының арақатысы. Сабақтың қиындығы, оның көп мәселелігі оқушылардың танымдық іс-әрекетін жоғарлатуға әсер етеді.
Педагогтар бүтінгі күні ғылыми-практикалық тұрғыдан негізгі екі мәселені шешуде:
1. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасында сабақ құрылымын ұйымдастыруды жетілдіру.
2. Сабақта ұжымдық жұмыста әрбір оқушыға оптимальды жағдай туғызу, дәстүрлі оқыту мен сабақта фронтальды және жеке тәсілдермен оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетілдіру.

Қарама-қайшылықты оқушылардың жеке тапсырмасын максимальды түрде: сыныпты топтарға бөліп оқу үлгеріміне қарай оқыту. Бірақ бұл объективті себептерге байланысты тиімді болмады.
Сабақтың құрылымын жетілдіру екі бағытта дамыды:
— ең қажеттісі, сабақтың өзіне тән элементтері болуы;
— дегенменде сабақтың тұрақты құрылымынан бас тартып, мұғалімнің тәжірибе-интуициясына жол ашу. Әрине мұның қиындығы бір бағытты ұстанудың өзіндік қарама-қайшылығы кездеседі.
Сабақтың құрылымы объективті болжау, оның болашақ жолдарын терең түрде зерттеген Р.Г. Лемберг. Сабақтың құрылымында дидактика мен психологияның байланысы, оқушылардың жұмыс қабілетін ескеру. Көптеген сабаққа талдау жасау мынадай қорытындыға әкелді.
1. Оқушылардың жұмыс қабілеті ескерілмей, балалар шаршап, нерв клеткаларының жұмыс қабілеті шамадан тыс болуы.
2. Мұғалім аталған жағдайларды ескеріп, сабақтың құрылымында, оның барысында дидактика мен психологияның үйлесімдігін қадағалау қажет.
3. Бұл оқу материалын дұрыс бөліп және сабақта қарым-қатынасты ұйымдастырып оқушылардың жұмыс қабілетін біркелкі реттеп отыру (оқушылардың жұмыс қабілеті 10-35 минут). Мұнымен қатар, әртүрлі дидактикалық ойындар, сабақтың басы мен аяқ кезінде оқу іс-әрекетінің белсенді түрін (жұмыс қабілет зонасына) пайдалану. Мүмкін, әр сабақта бес дидактикалық міндетті орындау дұрыс болмас, оның есебіне рациональды түрде жетекшісіне бөліп қарау. Оның есебіне сабақтың тақырыбы, бөлімдерінде, бүкіл дидактикалық міндеттерді қолдана білу. Бұл қиын болғанмен, мұғалім тақырыптық жоспар жасағанда соның негізінде жеке
сабаққа жоспар жасайды. Тақырыптық жоспар мұғалімнен білім, білік, дағдыны талап етеді, сондықтан тәжірибелі мұғалімдерге әдістемелік бірлестікте тапсыру керек. Тақырыптық жоспарларды жасауда көптеген ұсыныс схемалар кездеседі, оның ішінде (мысалы, М.И.Махмутовтың схемасы (тәжірибелі — шебер мұғалімдер әрқашанда жоспарға өзінше қарап, қосымша енгізе алады. Тақырыптық жоспар әрқашанда:
— сабақтың мақсаты мен міндеті;
— сабақтың құрылымы мен мазмұнында іс-әрекет көрсетілуі (оқушылардың іс-әрекетіне басшылық);
— сабақта оқушылардың іс-қимылының жүйесі, кезеңдері;
— технологияны кері алу үшін талдау жасау.
Тақырыптық жоспардың үлгі құрылымы
1. Сабақтың құрылымы.
2. Сабақтың мақсаты.
3. Негізгі дидактикалық міндеттер.»
4. Қосымша дидактикалық міндеттер.
5. Мұғалімнің әдістемелік жұмысы.
6. Оқушылармен жүргізетін әдістемелік жұмыстар.
7. Мұғалімге арналған әдебиеттер.
8. Оқушыларға арналған әдебиеттер.
9. Қайталау.
10. Оқушылармен кері байланыс жасаудың формасы және олардың жұмысын бағалау.
11. Сабақты жабдықтау, дидактикалық материалдар.
12. Ескертпе.
Сабақта оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың астарында күрделі талап — мұғалімнің шығармашылығы оны ғылыми негізге бағыттау:
1. Сабақтың тұтас педагогикалық процестің логикалық құрылымына кіруі;
2. Сабақта оқыту процесінің оқулық, тәжірибелік, дамытушылық функциясын жүзеге асыру.
3. Сабақта оқыту процесінің комплексті принциптерін (мақсаттылық, жүйелілік, ғылымилык, теория мен практиканың бірлестігі, еркіндік, педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы т.б.)
4. Әр сабақтың өткен және кейінгі сабақтардың тақырыбы, бөлімдері мен логикалық байланысы.
5. Сабақтың кезеңдерінің логикалық байланысы.
6. Сабақтың құрылымының дидактикалық және психологиялық үйлесімділігі.
7. Күн талабына сай мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын ұйымдастыруда комплексті әдістер мен тәсілдерді іріктеу.
8. Оқу материалын игеруде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыруда, сабақта шығармашылық жұмыс істету.
9. Сабақта оқыту технологиясының,дәстүрлі және жаңа түрлерін үйлестіру.
10. Сабақта оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің тәсілі оның мақсаты, міндеті, мазмұнына үйлесімді болуы.
11.Сабақта мұғалімнің оқу материалын игеруде информацияның негізінде коррекциялық жұмыстар жүргізуі.
12. Мұғалім мен оқушының еңбегін педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың ғылыми талаптарына сәйкес болуы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *