Поганкалар

Поганкалар гагарларға туыстық жағынан жақын. Олардан мөлшері жағынан кішірек әрбір саусақтарының айналасында жарғақтары болады.

Бұлардың ішінде үлкен поганка немесе чомга кең тараған (Роdіісерs сгіsіаtиs).
1 Поганкалар негізінен су насекомдарымен және оларды личинкаларымен, кейде шаяндармен, моллюскалармен және ұсақ балыктармен қоректенеді. Қоректерін іздеп, судың 7 метрдей тереңдігіне сүңгиді. Поганкалардьщ ұясы түрлі шөптесін заттардан жасалып, су бетінде қалқып жүреді, оншама терең болмайды, 2—7 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын атасы мен анасы кезектесіп басады. Өздері ұядан кеткенде, ұяның бетін шөптің қалдықтарымен жауып кетеді.
Поганкалар өмірінің барлығын дерлік суда өткізеді. Дем алу үшін ғана судан қайырларға шығады. Олар ұшар алдынан жүгіріп барып көтеріліп шапшаң ұшады.
Поганкалардың еті қатты және дәмсіз, әрі оның етінен балықтың дәмі шығып тұрады. Бұлардың терісі әйелдердің көй-лектерін әсемдеуге, бас киімдер, муфтылар, жағалар және пальтолар тігуге пайдаланылады. Олардың ‘терісінен жасалған киімдер әсем, төзімді және жауынға, қарға шыдамды болады. Бізде поганка, гагарлар аз ауланады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *