Кемтар сәби көбейіп тұр

Кемтар сәби көбейіп тұр
Атырауда перзентхана дәрігерлерін жаратылысы алабөтен сәбидің дүниеге келуі таңдандырып отыр. Өйткені, бұл сәбидің шашы мен қасы, аяқ пен қол тырнақтары, құлақ қалқаны да тісі дамымай қалған. Ал, басының үлкендігі де орасан, аузы құдды балық аузына ұқсайды. Кірпігі жоқтықтан кезі жұмылмайды. Сол себептен, ұйықтағанда қарашығы жоғары көтеріліп, көзі ашық жатады. Оның ішкі құрылысында да кемшік түсетін тұстар байқалған. Жүрегінің дімкәстігі бар, бүйректері де әр түрлі.

Псрзентхананың бас акушер-гинекологы Л.Деминаның айтуына қараганда, жас нәрестенің ата-аналары ешқандай сырқатқа шалдықпаған. Және бұрын олардың бір сәбиі болған. Өкінішке орай, әзірге дәрігерлерге жаратылысы көңілге мұн ұялататын сәбидің не себепті кемтар болып туылғанын анықтау оңайға түсер емес. Мұндай құбылыстың неден екенін анықтайғын генетикалық лаборатория перзентханада жоқтығы қолды байлап түр.
Жалпы, соңғы екі айда ақыл-есі дамымай, кемтарлық күйін кешкен төрт сәби өмірге келіпті. Төртеуінің ата-аналары сәбилерін алудан бас тартқан. Енді мына сәбиді де ата-анасы алғысы келмейді. Бұл аймақ экологиясының бұзылуынан ба, әлде оның басқалай себебі бар ма? Асылы, Атыраудағы адамдар ағзасындағы тосын өзгерістердің жиі қайталануы ғалым-дәрігерлерді ойлантуы керек-ақ!
1999 жылы әскерге шақырылған жас өспірімдердің 40,7 пайызы әскери қызметке жарамсыз деп табылған. Балалардың бойы өспей қалған. Ондай балалардың саны 42,2-64,3% мөлшеріндей. Кейбір балалардың ақыл-ойы қалыптаспағандай болып жетілмеген. Олардың мөлшері 7,2% құрайды.
Осы келтірілген ғылыми деректер соңғы жылдары Орда ауданы (Батыс Қазақстан облысы) тұрғындарының арасында байқалған. Онда мүгедектер саны басқа жерлерге қарағанда, өте коп. Әсіресе I жәие II топтағы мүгедектер саны айтарлықтай. Олардың мөлшері 72,8%. Мүгедектердің саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Орда ауданының тұрғындарының арасынан бүйрек аурулары бар адамдар саны 60,6%, құлақ дерті 345 есе көбейіп кеткен. Неше түрлі қояншық аурулары жеткілікті. Мұның бәрін жіпке тізгендей етіп айта берсе адамның көңіл-күйі тым төмендеп кететіні белгілі.
Денсаулық сақтау адамзат баласының ең бір бағалы қасиеттерінің бірі. Денсаулығы нашар болса, кімге сен керексің. Жақының да керегің жоқ, үлкен қайғы ғой. Құдай сақтасын! Әрқашанда Алла Тағала сақтағанды сақтаймын депті ғой. Сондықтан да салауатты өмір сүру салтын көздің қарашығындай етіп сақтауымыз керек.
Қазіргі заманның көз қарасы бойынша, салауатты өмір сүру салты мына төмендс көрсетілген шарттармен сипатталынуы тиіс.
1) Зиянды дағдыдан аулақ болу. Зиянды дағдыларға жататындар: а) темекі шегу (тарту); б) ішімділік, ішу (арақ, шарап, коньяк, сыра және т.б.); в) наркотикалық заттар (анаша, марихуана, бонбонг, апиын және т.б.) мен әуестену; г) токсикалық қосылыстар (үй тұрмысына қолданыдатын улы қосылыстар, әсіресе таракандарға қарсы қолданылатын — дихлорофос, және т.б. улар;
2) оптималды қимыл жасамау (жаяу жүрмеу, жүгірмеу, спортпен айналыспау, дене тәрбиесімен шүғылданбау, шаңғы теппеу, суда жүзбеу, таза ауада дем алмау және т.б.);
3) жүйелі түрде тамақтанбау (теңестірілгсн азық-түлікті кеңінен пайдалану, биологиялық белсенді заттары бар азық-түлікті жеп-ішу, қажетті азық-түлікті шикілей жеу, ет жемеу т.с.с).
4) денені үнемі шынықтырмау қыс айларында қар үстінс 1-.2 минут жалаң аяқ тұрмау, мұздай суды үстіңе қүймау, қыс кезінде өзен-кол суларына шомылмау, күнге қыздырыну. Бір айта кететін жай күнге қыздырылғанда бір талай ережелерді сақтау керек. Өйткені атмосфералық ауада қисапсыз көп радиоактивті элементтердің иондары бар, олар Күн радиациясымен қосылып тері рагын тудыруы мүмкін. Бірақ аз мезгіл күннің қуатын пайдалануға бола ма деген болжам бар, не болса да күннің радиациясынан аулақ болған жөн. Өйткені күннің қауіпті энергиясын тұтып қалатын аспандағы озон деп аталатын қабат тым жұқарып кеткен, қалыңдығы небәрі 2-3 км, бұрынғы кезде оның (озон қабатының) қалындығы 90-100 км болған. Кейбір аймақтардың озон қабаты тесіліп кеткен. Тесіктердің диаметрі бұрын 2-3 км болса, қазіргі кезде оның диаметрі 2000 км жеткен. Міне, күнге қыздырынбау дегеніміз осы қағидалардан туындайды.
5) жеке бастың тазалығы тері, тіс, аяқ-қол, көз тазалықтары, олар қалай болу керек. (оларға төменде тоқталамыз).
6) Оң эмоциялар (үздіксіз қуаныш).
Қазіргі мектептердің көпшілігінде салауатты өмір сүру салты орындалып жатыр деп айта алмаймыз. Неге десеңіз? Көптеген адамдар темекі шегеді, арақ-шарап, басқадай ішімдіктер ішеді. Мұндай құбылыс мектеп оқушыларының арасынан да, азда болса кездесе береді. Ал біздің келешек мұғалімдер дайындайтын Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті студенттерінің арасынанда азда болса да кездесіп жатады. Әсіресс, темекі шегу мен қыз балалар көп айланысады. Қанша тартпаңыздар деп айтқанымызбен оларға әсер етпейді. Тек қарсылас сөздерді естідік. қазіргі жастар ақылды ғой. Тындамайды. Осы жайында қазақ елінің бір нақыл сезі бар — «күл болмасаң, бүл бол». Сол баланы мен айтпаяқ қояйын, ішің білсін әлуәй… осылардың бәрін егжей-тегжейлі айтып жатудың қажеті жоқ. Бұл кітап оқулық ғой. Егде адамдар темекі шегеді, кейбіреулер ішкілікпен айналысады, аз қимылдайды. Суық суға шомылу дегенді олар білмейді. Суық су десе зәресі ұшады. Суық судың пайдасын түсінбейді. Мұның бәрі зиянды дағды.
Бір қыз бала менімен (кітаптың авторы) әңгімелесіп отырып, бірнеше маған белгісіз жайларды айтып берді. Біздің ауылда деп бастады ол сөзін: (Балқаш ауданы, Бақанас аймағы болса керек, Алматы облысы). Біздің жақта жабайы қояндар қисапсыз көп болады. Оларды жергілікті халық аулайды. Бірақ барлық адамдар қоян аулаумен шұғылданбайды. Тек еңбек сүйгіш адамдар ғана қоян аулайды. Көпшілік адамдар жылы пештің жанында жатуды ұнатады. Рас деп — күліп қойды. Бұған сіз танданбаңыз. Бұл жалқаулықтың белгісі ғой деген ой маған орала түсті. Бұл қазақ халқына тән (тектік-гендік) қүбылыс. Өзгермейтін ұлттық белгі. Ол атадан балаға тарап, тұқым қуалайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *