Жыландар

Жыландар шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалуға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жануарлар.

Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болмайды. Сол сияқты жыландардың иық белдеуі де болмайды.
Жыландардың бірқатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі — бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Тек қана айдаһарларда ғана артқы аяқтың қалдығы, мықын сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы сақталған. Соқыр (ТурһІорidае) жыланында да жамбас сүйегінің қалдығы болады.
Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Сарбас жыланның кейбір түрлерінде ғана тері безі болады. Басқа түрлерінде тері безі болмайды. Түлеген кезде алдымен терінің үстіңгі қабатының жаққа бекіген жері ажырайды да, дененің артқы бөліміне қарай қолғап сияқты сыпырылып түсіп қалады. Бұл кезде көздерінің үстін жауып тұрған қабыршақ-тары да түсіп, бұрынғысынан да мөлдір болып көрінеді.
Қозғалу ерекшеліктеріне байланысты жыландардың омыртқа жотасы біркелкі, көптеген (200—450) омыртқадан тұрады. Омыртқаларында әдетте болатын өсінділерінен басқа жоғарғы доғаның ортасында кішкене өсіндісі болады. Омыртқаның мұндай құрылысы, омыртқа тізбегіне ерекше мықтылық беріп, ирелеңдеп қозғалғанда, оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді.
Жақ аппараттарының сүйектері және онымен байланысатын тандай, қанат тәрізді және бұдыр бетті сүйектер бірімен-бірі қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелік ірі жануарларды түгелімен жұтып қоюына мүмкіндік береді. Ірі қоректерін жұту механизмі төменгі жағының оң және сол бөлімінің кезектесіп қозғалуы арқылы орындалады. Осындай ірі заттардың жұтылуын сілекей безінен бөлінетін сөл жеңілдетіп отырады. Жыландардың көпшілігі улы болмайды, сондықтан олар жануарларды тістелеп немесе оны денесімен орап алып, қысып өлтіреді. Улы жыландардың алдыңғы бірнеше тістері ірі болады да онда у құйылатын сайша немесе канал болады.
Оң жақ өкпесі жақсы жетілген, сол жақ бөлімі болса рудимент түрінде ғана болады. Қуығы болмайды. Бүйректері мен гонадылары күшті созылған. Жыныс бездері бүйректерінің алдыңғы жарында орналасқан.
Жыландардың қазір 2300—2500-ге жуық түрі белгілі. Олар жер бөліктерінің барлығына тараған, әсіресе ыстық жерлерде көптеп кездеседі. Солтүстікте полярлық шеңберге дейін еніп жатады. Оңтүстікте — Оңтүстік Америкаға дейін тараған. Отты жерде, Жаңа Зеландияда және Полинезияның көптеген аралында жыландар болмайды. Жыландар ағашты, далалы, таулы жерлерге, кейбір түрлері суда, жер астында тіршілік етеді.
Олар жұмыртқа немесе тірі жұмыртқа салып көбейеді. Тек қана жануар тектес заттармен қоректенеді. Жыландар ұсақ насекомдар мен кемірушілерден бастап, бұғының бұзауына дейінгі әр түрлі организмдермен қоректенеді. Жануарларды сескендіріп барып, тез шабуыл жасап, ұстайды. Бұған қосымша улы жылан адамды тек қана мазалағанда шағатынын айтуға болады.
Жыландарды бірнеше систематикалық топтарға бөлуге болады.
Соқырлар (Турһlоріdае) тұқымдасына жер астында тіршілік ететін, жер құрттарына ұқсас, залалсыз ұсақ жыландардың 150-ге тарта түрі жатады. Денесі цилиндр пішінді, басымен құйрығы денесінен бөлінбеген және денесі балық қабыршақ-тарына ұқсас тегіс қабыршақпен қапталған организм. Көзі әдетте терісінің астына орналасқан. Ауыз аппараты кең ашылмайды. Жамбас белдерінің. қалдығы ғана сақталмаған.
Бұлар негізінде Африканың, Азияның және Австралияның тропикалық бөлімдеріне тараған. Бізде Закавказьеде, Түрікме-нияның оңтүстігінде, Өзбекстанда, Тәжікстанның онтүстік батысында бір ғана түрі (Турһіорs vегmісиlагіs) тараған. Олар бақшақ, жүзім еккен жерлерде мекендейді. Насекомдармен қоректенеді, Ересегінін. ұзындығы 30 см болады.
Айдаһарлар, немесе жалған аяқтылар (Воіdае). Бұл тұқымдасқа ең ірі түрлері жатады. Сонымен катар ұзындығы 1 м болатын ұсақ түрлері де кездеседі. Айдаһарлардың бас бөлімін, басқа жыландарға қарағанда, мойнынан айқын ажыратуға болады. Клоаканың екі жағында екі өсінді түрінде орналасқан, артқы аяқтарының нұсқасы болады. Түсі көбінесе шұбар болады. Айдаһарлардың барлығы дерлік шығыс және батыс жарты шардың тропикалық облыстарында кездеседі. Біраз ғана түрлері Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанда кездеседі. Тропиктік өзені мен көлі көп дымқыл ормандңрды мекендейді. Әсіресе ашық жерлерде тіршілік ететіндері, түнде активті әрекет етеді. Қалың орманда тіршілік ететіндері күндіз де қорегін аулай береді. Жануарларды өте баяу, сақтықпен жасырынып келіп,, жақын жерден атылып барып ұстайды. Ұстаған жануарының денесіне бірнеше оралып, қысып, тұншықтырып өлтіреді.
Бұлардың ішіндегі өте белгілі түрлері: торлы питон (Руtһоп геtисиlаtиs) ұзындығы 5—6 метрден 10 метрге дейін жетеді. Олар Азияның оңтүстігіне және Үнді-Малай архипелагасына тараған. Кәдімгі айдаһар (Воа сопstrісtог) үзындығы 5—6 метрге жетеді. Оңтүстік Американы мекендейді. Бізде Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанда бұл тұқымдастың ең кіші түрі — дала айдаһары (Егух jасиlиs) кездеседі. Денесінің ұзындығы 1 метрден аспайды. Бұл құмды шөлдерді, далалы жерлерді ме-кендейді. Түнде тіршілік етеді. Күндіз кемірушілердің ініне, не-месе құмға еніп жасырынып жатады. Ұсақ рептилилермен, саршұнақтармен, қосаяқтармен қоректенеді.
Сарыбас жылан(СаІиЬгіdае) тұқымдасына жыландардың 1000-ға жуық түрі жатады. Бұлардың ішін-де залалсыздары да, өте улы түрлері де болады. Бұл тұқымдастың сұр жыландардан ерекшелігі улы тістері және оның каналы болмайды, улы тісінің алдыңғы жақ бетіндегі сайшалар арқылы құйылады.
Көбірек тараған түріне кәдімгі сарбас жылан (Nаtгіх паtгіх) жатады. Түсі қоңыр, тіпті қара деуге де болады. Самайының арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылт жолағы бо-лады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолақ болмайды. СССР-дің Европалық бөліміне Сибирьге, шығыста Забайкальеге дейін және Орта Азияның кейбір жерлеріне тараған. Батпақтың, өзеннің және тоспанын, жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса насекомдармен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жүмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасына салады (21-сурет).
Біздің елдің оңтүстігінде су сарбас жыланы (N. tеssеlаta) мекендейді. Кәдімгі сарбас жыланнан айырмашылығы түсі ашық сүр, қара дақты болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Балықтармен қоректенеді.
Полоздар (СоІиЬег, Еіарһе) сарбас жыландарға жақын, үзындыры 2 м болатын жыландар. Улы тістері болмайды. Егер адам қуса қарсыласып, тістуге ұмтылады, өте қатты тістейді.
Медянка (Согопеllа аиstridса) ұсақ, ұзындығы 75 сантиметр-дей болатын жыландар. Түсі қызыл бурыл денесінде қара сұр дақтары болады. СССР-дің Европалық бөлімінің орталык және оңтүстік бөлігінде кездеседі. Ағашты немесе бұталы жерлерді мекендейді. Дымқыл жерлерде болмайды, уы жоқ. Негізінен кесірткелермен қоректенеді.
Орта Азияның шөл далаларында оқ жыландар (Тарһгоmеtороп linеоlаtиm) көп кездеседі. Денесі жіңішке, ұзындығы 1 метр ден аспайды. Түсі сары, сұр түсті, денесінің ұзына бойына со-зылған бірнеше дағы, немесе жолағы болады. Өте тез қозғалады. Қауіп төнгенде мүмкіндік болса ағаштың бұтағына шығып, немесе бұтаның түбіне тығылып құтылады. Негізінен кесірткелермен қоректенеді. Қесірткені тістеп, денесімен орап, қысып өлтіреді.
Көзілдірікті сарбас жыландар тұқымдасына жалпы халыққа белгілі улы жыландар да жатады. Бізде Түрікменияның оң-түстігінде сұр кобра (Маjа охіапа) деген түрі кездеседі. Денері біркелкі сұр түсті, дағы болмайды. Аңғарларда және адам мекеніне жақын жерлерде тіршілік етеді. Шаққаны өте қауіпті. Қөзілдірікті жыланның (Маjа паjа) мойынының желке жағында көзілдірік сияқты екі дағы болады. Олар Оңтүстік Азияны ме-кендейді. Кобраларға тән бір ерекшелік айбат шеккен кезде мойын омыртқаларындағы қозғалмалы қабырраларының көмегімен мойынын кеңейте алады.
Сұр жыландар (Vірегidае) улы аппараттары жақсы дамыған улы жыландар. Улы тістерінің, ішінде каналдары болады. Үстіңгі жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тістері алға қарай бағытталады.
Кәдімгі сұр жылан (Vірега Ьегиs) біздің еліміздін, Европалық бөлігінде және Сибирьде тараған. Түсі сұр, қара жолақты, немесе мүлдем қара болады. Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ал батпақты жерлерден кездеспейді. Бұларды күндіз үйінділердің, ағаш түбірінін, үстінен, таулы жерлердің күңгей жағынан көруге болады, қорегін аулауға түнде шығады. Негізінен тышқандармен, дала тышқандарымен, сирек болса да құстармен, кесірткелермен, бақалармен және насекомдармен қоректенеді. Тірі жұмыртқа туып көбейеді. Қысқа қарай бірнешеуі бірігіп, ағаш тамырынын, астында, терең індерде қыстап шығады. Сұр жыланның шаққанынан денсаулығы нашар ауру адамдар, балалар өліп кетеді. Денсаулығы жақсы адамдар үшін аса қауіпті болмағанмен көп азап шегеді.
Орта Азия мен Кавказда сұр жыланға жақын қара жылан гюрза (Vірега ІеЬеtіпа) кездеседі. Оның ұзындығы 2 м болады. Олар шөл даланы және аласа таулы жерлерді мекендейді. Шаққаны өте қауіпті. Орта Азияның оңтүстік бөлігінде, Африкада және Аравияда қүм эфасы. (Есһіs сагіпаtиs) тараған. Оның ұзындығы 70 сантиметрдей болады, түсі жалпы сарғылт құм түсті. Бұлардың да шаққаны өте қауыпты. Қалқантұмсық (Апсіstгоdоп һаlуз) — улы жылан, өзіне тән ерекшеліктері — құйрығы қысқа. Көзі мен танау тесігінің ортасында шұндыры болады. Денесінің жалпы ұзындығы 75 сантиметрдей. Еділ өзенінін, бойынан Қазақстан арқылы Орта Азияға, оңтүстік Сибирьге, Қиыр Шығысқа дейін тараған және Закавказьеде де кездеседі.
Сұр жыландарға Американың сылдырмақты жыланы да (Сгоtаlиз һоггіdиз) жатады. Бұл жыландарды сылдырмақты жыландар деп атауының себебі, олардың құйрығында дыбыс шығаратын қозғалмалы байланысқан мүйізді бунақтардық бо-луына байланысты. Айбат шеккен кезде, құйрығын қозғалтып сылдырлаған дыбыс шығарады. Аса қауіпті улы жылан.

Читайте также:

комментариев 6

  1. елдос:

    спасибо гугл вы очень помогли)))))))))))))))))

  2. Касиет:

    Спасибо большое!!!

  3. akjarkin:

    үлкен рахмет мен5 алдым

  4. Нұрбибі:

    Рақмет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *