Құстар туралы реферат
Құстар туралы реферат
Құстар жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұшуға бейімделген ерекше маманданған бұтағы деуге болады. Құстар генетикалық жағынан рептилилерге жақын, оның прогрессивті бұтағы.
Құстарды рептилилерден ажыратуға болатын белгілері: а) құстардың орталық нерв системалары жақсы жетілген, сондықтан олар әр түрлі жағдайларга бейімделіп, мінезқылықтарын өзгертеді. б) денесінде зат алмасу процесінің жылдамдығы мен дене жылуының реттелуінің дұрыс болуына байланысты температурасының жоғары және тұракты болуына әкеліп соққан. в) ауа кеңістігінде ұшу қабілеті көпшілігінің қозғалу, я өрмелеу қабілетін жоймаған. г) көбеюі біршама жетілген (жұ-мыртқаларын басуы және балапандарын қоректендіруі).
Құстардың көрсетілген прогрессивтік белгілері, кластың жастығына қарамай олардың жер шарының алуан түрлі тіршілік орталықтарына тарауына мүмкіндік туғызған. Қазіргі уақытта құстардың 31 отрядқа топтасатын 8000-нан аса түрі бар.) ал қазіргі кезде амфибилердің — 2800, рептилилердің — 5500 түрі ғана тіршілік ететіні белгілі.
Құстар морфологиялық жағынан денесінің қауырсынмен қапталуымен алдыңғы аяқтарының қанатқа айналғандығымен, сүйектерінің ішінде куыс болумен, ми сауытының шүйдесіндегі бұдырының болумен жүрегінің төрт камералы, оның оң жағында бір ғана аорта доғасының болуымен сипатталады. Құстардың тісі болмайды, олардың қызметін мүйізді тұмсықтары атқарады.
ҚҰСТАРДЫҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ
Тері жамылғысы және оның туындылары. Құстардың терісі жұқа, оның сыртқы эпидермисқкабаты нашар жетілген Тері қабатында ешқандай бездері және сүйекті туындылары болмайды, тек қана құйрық түбірінің үстіңгі жағында құймышақ безі болады. Оның шығарған секрет заттары қауырсындарды майлап, оған су жұқпайтын етеді. Құймышақ безі су құстарында жақсы дамыған, құрлықта тіршілік ететін кұстарда болмайды. Сүйекті туындыларының болмауына байланысты эпидермистің түрін өзгерткен түрлі мүйізденген туындылары тері бетінде көп кездеседі. Мысалы, жоғарғы және төменгі жақтарының үсті азды-көпті болсын мүйізденген қапшықпен қапталып, тұмсықты құрайды. Тырнақтары мен сирақтарының сыртын мүйізді қабыршақтар қаптаған. Құстардың көпшілік түрлерінің денесі бір тегіс қауырсынмен қапталып тұрмайды. Қауырсыны бар жерін птерилия, ал денесінің қауырсыны жоқ жерін, немесе сирек кездесетін жерін аптерия деп атайды
Құс қауырсындары құрылысына және атқаратын қызметіне қарай түрліше болады. Денесінің сыртын қалыпты (контурный) қауырсын жауып тұрады. Ол негізгі қаламнан және оның екі жағында симметриялы орналасқан азды-көпті пластинка опахаладан тұрады Қауырсынның теріге еніп тұратын бөлімін (очин) қалам қауырсын дейді. Қауырсын сабағының жоғарғы пәр бекіген бөлімі сабағы деп аталады. Пәр ұзын бірінші дәрежедегі мұртшалардан және оған орнаған кішкене екінші дәрежедегі мұртшалардан қалыптасады. Екінші дәрежедегі кіші мұртшалардың ұсақ, көптеген ілмешектері болады. Осы ілмешектер өз ара байланысып, бір серіппелі тақташа желпеуіш құрайды.
Қалыпты — контурлы қауырсын бүкіл денесін сыртынан жауып тұрады. Бұл қауырсындар құстың денесін сыртқы механикалық әрекеттерден және дене жылуының азаюынан сақтайды.Құстың қанаттары мен құйрығы осы қауырсындардан қалыптасады. Бұл қауырсындарды орналасу жерлеріне қарай бірнеше топтарға бөледі. Мысалы, екі қанатының артқы жиектеріне орналасқан ұзын қауырсындарды — қақпа (маховые) қауырсындар, кұйрығындағы ұзын қанаттарын бағыттаушы,(руль) қауырсындар, қанатының үстін жауып жататын кауырсындары — қанат үстін жабушы, құйрық үсті қауырсындар деп аталады.
Қалыпты қауырсындардың астыңғы жағында ұсақ малық, қауырсындар орналасады. Бұл кауырсындардың сабағы жіңішке, екінші дәрежедегі ұсақ мұртшалары жоқ, сондықтан олардан серіппелі тұтасқан пластинкалар калыптаспайды. Кейбір мамық қауырсындардьщ сабағы өте жіңішке болады, сондықтан мұртшалары сабақтың жоғарғы жағында бір шоқ болып орналасады. Мүндай мамық қауырсындарды — нағыз мамық қауырсын —деп атайды. Мамық және нағыз мамық қа-уырсындар су құстарында, әсіресе салқын жақта тіршілік ететш құстарда көбірек болады. Олардың негізгі қызметі — организмдегі жылуды жоғалтпайды. Мамық кауырсындардың арасында, мұртшалары жоқ жіпше тэрізді қауырсындар да кездеседі Көптеген құстардың езуіне орналасқан қылтандары да болады (ешкіемер, қарлығаш). Ауада үшып жүріп қорегін ұстайтын насеком жемділердің түрлерінде аузын ашқан кезде воронка сияқтанып насекомдарды қағып алу мүмкіндігін арттырады.
Қауырсындардың дамуы, олардың рептилилермен ата тегі жағынан тығыз байланысты екенін байқатады.
Қауырсындары үздіксіз түлеп отырады. Көпшілік құстар жылына 1—3-ке дейін түлейді. ‘
Ет системасы. Құстардың бұлшық еттері, олардың тіршілік әрекетіне байланысты бірнеше ерекшелігімен сипатталады. Біріншіден, балықтарға, амфибилерге және рептилилерге қарағанда құстардың бүлшық еттері біршама жіктеліп, барып күрделенген. Ол ұшу кезіндегі күрделі қозғалысқа, жүруге, өрмелеуге және тамағын табура мүмкіндік береді. Екіншіден, аяқтарын қозғауға икемделген көлемді бұлшық еттер дене скелетіне орналасып, екшші сіңір ұштарымен аяқтарға бекінген. Үшіншіден, негізгі қимылын қанаттары атқаратын болғандықтан, қанаттарын қозғалтатын ірі бұлшық еттер денесінің арқа жағына орналаспай, қанаттарды қозғайтындай болып көкірек бөліміне, төс сүйегінің екі жағына орналасқан. Әсіресе аяқтарының бұлшық еттері назар аударарлық. Төс сүйегінің қырына бекінген ірі төс еті құстың жалпы салмағының 20 процентіне жетеді де, қанаттарын төмен түсіруге қатысады. Оның астында жатқан бұғана асты еттері көлемі кіші болса да, қанатты жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Артқы аяқтарын қозғайтын 35-ке жуық күрделі бұлшық еттері болады. Бүлардың ішінде көбірек көзге түсетіні оралымды бұлшық ет. Бұл ет жамбастан басталып ортан жілік бойымен созылып келіп, тізенің үстінен сіңір сияқты, қатты тарамыс түрінде оралып өтіп, одан саусақтарды иіп тұратын тарамыстарға барып жалғасады. Құс бұтаққа келіп қонады, тізесі иіліп, оралымды ет созылады, соның салдарынан саусақтарын иіп тұратын сіңір созылады, саусақтары бүгілігі бұтақты бүреді. Құс неғұрлым төменірек басылып, орнықтырақ отырған сайын, оралымды бұлшық ет күштірек созыла түсе де, саусақтар бұтақты бүре түседі. Сондықтан да, бұтақта қонақтап, ұйқтап отырған құстар құлап кетпейді.
Құстардың басқа түрлерінде (торғай тәрізділерде) саусақтарының автоматты иілуі басқаша. Бұл өзгешелік саусақтар-дың қалыңырақ қабатта жатқан игіш бұлшық елің әрекетіне байланысты. Бұл еттің сіңірі саусақтардың ұшына барып бе-киді. Сіңірдің астыңғы жақ бетінде көптеген бұдыры болады, ол сіңір қынаптың ішімен өтеді. Қынаптың ішкі бетінде көлде-нең орналасқан қабырғалар бар. Құс бұтаққа қонып, саусақта-рымен бұтақты бүргенде, сіңірдің төменгі бетіндегі бұдырлары құстың салмағымен, қынап ішіндегі қабырғаның арасына кіре түседі де, тістеседі. Осының нәтижесінде, иілген саусақтар сол қалпында қалады, құс бұтаққа ешбір бұлшық еттің жәрдемінсіз-ақ бекиді. Енді құс көтерілгенде, сіңірдің бұдыр беттері, қынаптың қабырғаларынан алшақтап барып ашылғанда саусақтары жазылады.
Скелетінің ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, алдыңғы аяқтарының, иык, және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы; екіншіден, барлық скелетінің жеңіл, әрі мықты болуы. Сүйектерінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде куыстың болуынан, ал беріктігі — даму кезеңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйек-терінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстар-дан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес.
Омыртқа жотасы — мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құймышақ-кұйрык; бөлімдерінен калыптасады. Бел омыртқалары ересек құстарда күрделі құрылысты сегізкөз құрамына енеді. Бас күрделі қимылдар жасайтындықтан мойын омыртқалары ұзын және тез қозғала алады. Құстардың мойын омыртқаларын гетероцельдік омыртқалар деп атайды. Себебі, мойын омыртқалары бір-біріне ер сияқты жалғасады. Мұның өзі олардың тез кимыл жасауын да қамтамасыз етеді. Құстардың мойын омыртқаларының саны 11-ден 25-ке дейін болады. Бас сүйегімен жалғасатын алғашқы екі омыртқасы амниоттардың омыртқалыларының құрылысына ұқсас болып келеді, оларды атлант және эпистрофей деп атайды.
Кеуде омыртқалары (3-тен 10-ға дейін) бір-бірімен сегізкөз және кұймышақ омыртқаларымен бірігіп кеткен. Оларда бола-тын қабырғалар төс сүйегіне қозғалмалы болып бекіген. Қабырға көкірек және арқа бөлімдері болып екі бөліктен тұрады. Олардың қосылған жері, қозғалмалы бекініп, денесінің артына қарай сүйір бұрыш жасайды. Қабырғалардың мұндай құрылыста болуы арнаулы бұлшық еттерінін, жиырылуының нәтижесінде төс сүйегін омыртқа жотасына бірде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесінде көкірек көлемі өзгеріп отырады, мұның тыныс алу орындалуда маңызы зор.
Бел омыртқалары өз ара бір-бірімен, мықын сүйектерімен және сегізкөз омыртқаларымен тұтасып бірігіп кеткен. Құйрық омыртқаларының да бірқатары сегізкөз-құймышақ омыртқа-лармен қосылып кеткен. Соның нәтижесінде (10—22) тек қана кұстарға тән күрделі сегізкөз-құймышақ қалыптасады, жая омыртқалары құстарда рептилилердегідей екеу болады. Құстар жер бетімен жүргенде денесінің салмағы артқы екі аяғына түседі, сондықтан күрделі сегізкөз организмге тірек қызметін атқарады. Құстарда бос қозғалмалы құйрық омыртқалар 6—9 болады. Құйрық омыртқалары бірден құйыршық сүйегіне айналады — мұны құйрық сүйек немесе пигостиль деп атайды. Пигостиль біріккен бірнеше құйыршық омыртқаларынан тұрады. Құйыршық сүйектері құйрық қанаттары бекитін тірегі облып есептеледі. Құйрық сүйектері, құйрық қанаттарының бекуіне мүмкіндік береді.
Құстардың бас сүйегінің — құрылысы рептилилердің бас сүйегінің құрылысына ұқсас. Желке бөлімі төрт сүйектен құралады (негізгі, екі бүйір және жоғарғы шүйде сүйектері). Желке бұдыры рептилилердікі сияқты біреу ғана болады. Есіту капсуласы үш құлақ сүйегінен қалыптасады. Ересек кұстарда бұл сүйектер бірігіп кетеді. Бас сүйегінің түбі: негізгі сына тәрізді, алдыңғы сына тәрізді, тандай және қанат тәрізді сүйектерден қалыптасады. Бас сүйегін үстіңгі жағынан — қос танау, төбе, маңдай және кеуілжір сүйектер қаптап тұрады. Жоғарғы жағы — жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Жоғарғы жақ сүйегіне арт жағынан — бет және шаршы бет сүйектері жалғасады. Бұл соңғы екі сүйек шаршы сүйектермен қосылады. Соның нәтижесінде құстарға тән төменгі самай доғасын құрайды. Мұның өзі көз ұясы мен самай ұясын бөліп тұрады. Төменгі жағы рептилилердегі меккел шеміршегі сияқты —буынды сүйектен және тері тектес — тіс пластинкасы, бұрыш және жақтың имек өсінді сүйектерінен қалыптасады.
Тіл асты аппараты сүйекті ұзын пластинка тәрізді болады, ол желбезек доғасының бірінші парына сәйкес келеді.
Есіту сүйекшесі рептилилердікі сияқты бір сүйектен тұрады. Құстардың бас сүйегінін, рептилилердің бас сүйегіне ұқсас белгілерімен қатар өзінше көп өзгешеліктері де бар: құстардың миының көлемінің, әсіресе ми сыңарларының үлкен болуына байланысты ми сауыты да үлкен болады; көз алмасының үлкен болуына байланысты, көз ұясының да шұңқыры үлкен ‘болады құстардың көзі маңызды сезім мүшесі болып табылады. Жақ сүйектері бір-бірімен тұтасып, азықтық затты қармап алуға қолайлы күшті аппаратқа айналған; ми сауытының сүйектері жұқа және жіктері өте ұсақ, сондықтан да ми сауыты мықты және жеңіл болады.
Қанаттары және иық белдеуі — ұшуға бейімделуге байла-нысты ерекшеліктері болған. Иық белдеуі жауырыннан, кора-коидтан және бұғанадан құралады. Бұлардың жоғарғы жақ бастары түйісіп келіп тоқпан жілік бекитін ойықты қалыптас-тырады. Жауырынының тұрқы ұзын, түрі қылыш тәрізді иіліп келеді. Ол қабырғалардың үстінде жылжып қозғала алатындай болып орналасқан. Коракоид өте жақсы дамыған, оның бір ұшы төспен ұштасады да, екінші ұшы буын арқылы тоқпан жілікпен жалғасады. Құстардың оң және сол жақтағы бұғаналары бірігіп кетеді — мұны “айыр” сүйек деп атайды. Ол иық белдеуіне серпімділік қасиет береді.
Қанат скелеті бес саусақты жануарлардікі сияқты бірнеше сүйектерден құралады. Әйткенмен иық және бұғана сүйектері “өзгермеген, керісінше нашар дамыған.
Артқы аяқтар және оның белдеуі. Жүргенде құстардың барлық салмағы, артқы екі аяғына түсетін болғандықтан, олардың құрылысында бірқатар өзгешеліктердің бар екенін көреміз. Жамбас белдеуіне күрделі сегізкөз бен мықынның үлкен қалақша сүйектерінің ұзына бойына тұтасып барып орналасқандығы үлкен тірек болып саналады. Мықын сүйектерімен өте ірі шонданай сүйегі бірігіп кеткен. Шап сүйегі өте жіңішке шыбық тәрізді болады. Олар шонданай сүйегінін сырт жағына орналасқан. Жамбас сүйектерінің ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің ұршық басы бекитін ойықты құрайды, од және сол жамбас сү-йектерінін, құрсақ жағына қараған ұштары бір-біріне қосылмай сыртына қарай алшақтап тұрады. Мұндай жамбасты ашық жамбас деп атайды. Мұның өзі, сырты қатты қабықпен қапталған ірі жұмыртқа тууына байланысты болған.
Артқы аяқтары — ортан жілік, асықты жілік және сирақ пен саусақтардан тұрады. Бұл үш бөлімнің бірінші бөлімі — ортан жілік деген бір үлкен сүйектен, екінші бөлімі — асықты жілік және оның шыбығынан; үшіншісі — сирақ және саусақтардан тұрады. Асықты жіліктің төменгі басына сирақтың бас жағы ке-ліп жалғасады. Ересек құстардың сирақтары бір ғана сүйектен тұрады. Эмбриональдық даму кезінде осы жоғарыда көрсетіл-ген сүйек — табан сүйектердің және толарсақ сүйектердің бір-қатарының бірігуінен келіп қалыптасқаны байқалады.
Құстардың саусақтарының саны көпшілігінде төртеу, үшеу болуы сирек кездеседі, ал Африка түйеқұсында екеу болады.
Ас қорыту органдары. Осы заманда тіршілік ететін кұстардың тісі болмайды. Олардың қызметін қоректерін қармап ұс-тауға көмектесетін, сырты мүйізді затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбір құстардың қоректену тәсіліне және қабылдайтын азықтарының түріне қарай тұмсығының формасы да түрліше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иілген, тұмсығының көпшілік жері қалың мүйізді затпен қапталған. Дәнмен қоректенетін қүстардың тұмсығы дәнді шоқып, теріп жеуге икемделудің нәтижесінде біз тұмсық-ты болып келеді. Қаздардың тұмсығы жалпақ, сырты мүйізді пластинкамен қапталған. Бірқазандардың тұмсығының астыңғы бөлімінде ұстаған балықтарын салатын тері “қалтасы” бо-лады.
Құстардың ауыз қуысының түп жағына тілі бекиді. Оның формасы алуан түрлі болып келеді. Мысалы, жыртқыш құстардың тілі кысқа, әрі қатты болса, қаздардың тілі — етті, жалпақ, тоқылдақтардың тілі — өте ұзын, жіңішке болады. Оның үстіндегі желім тәрізді заты қоректік заттарын тез жабыстырып алады.
Сілекей бездері түрлі құстарда түрліше дамыған. Кейбір құстардың сілекей бездері жоқтың қасында (мысалы, ешкі-емерде). Сұр қарлығаш өздерінің сілекей бездерінен шықкан сілекейінен ұя жасайды. Оны жұрт “қарлығаштың ұясы” деп дұрыс атамайды. Жыртқыш кұстардың сілекейлері, қоректік заттарын жұмсатып оның шыланған кесегі өңешінен кептелмей, бөгетсіз жылжуына себепкер болады.
Кейбір құстардың (тауықтардың, көгершіндердің т. б.) өңешінде азықтық заттарын уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын (қуыс) кеңістік болады, оны — жемсау деп атайды.
Көгершіндер балапандарын шығарған кезде, жемсауының ішкі қабатынан “сүт” деп аталатын майлы бөртбе тәрізді зат шығады, онымен олар балапандарын қоректендіреді.
Өңеш қабырғасы жұқа, безді қарынға барып жалғасады. Безді қарынның ішінде қоректік заттарды корытатын ас корыту шырыны болады. Бұл ас қорыту шырынын қарын бездері жасап шығарады. Безді қарыннан қоректік заттар қабырғасы қалың етті қарынға барып түседі. Бұл қарынның ішкі беті мүйізді қабыршақпен қапталған. Бұл қарында қоректік ірі заттар үгіледі. Ірі қоректік заттарды үгуге, біріншіден — етті қарынның қабыршағы себепші болса, екіншіден — құстың жұтқан ұсақ тастарының да әсері тиеді. Қарынның дамуы да түрлі құстарда қоректік заттың түріне сәйкес түрліше болады. Мысалы, насеком жемді және жыртқыш құстардың ет қарыны нашар дамыған. Дәнмен қоректенетін құстарда ол жақсы жетілген. Өсімдіктердің ірі, жас бөліктерімен қоректенетін тауық тұқымдас кұстардың қарыны басқалармен салыстыр-ғанда соншалықты жақсы дамыған. Құстардың аш ішегі едәуір ұзын болады. Он екі елі ішектің иінінде ұйқы безі орналасқан. Тоқ ішек пен тік ішектің аралығы жіктелмеген, оларды бір-бірінен ажырату қиын. Көпшілік құстардың аш және тоқ ішектерінің артқы бөлімінің ұштасқан жерінде, екі кішкене тұйық өсінді болады, оны фабрициев қалтасы деп атайды. Бұл өсінділердің атқаратын жұмыстары әлі толық анықталмаған, ал кейбір мәліметтерге қарағанда, гормон шығаратын ішкі секреция бездерінің қызметін атқаруы мүмкін. Құстың жасы ұлғайған сайын бұл қалтаның көлемі кішірейе түседі.
Құстардың бауыры үлкен және екі бөлімнен кұралады. Өт көпшілік кұстарда болады, ал көгершіндердің өті болмайды. Өт жолы он екі елі ішекке келіп ашылады.
Қорыта келгенде, ас қорыту системасының мына ерекшелік-терін көрсетуге болады: 1. Тістерінің болмауы, тісінің қызметін бірқатарында қатты тұмсықтары, бірқатарында ет қарындары атқарады. 2. Ішектерінің қысқарақ болуы (егер шөп жейтін сүт қоректілердің ішектерінің ұзындығы денесінен 20 есе ұзын бо-лады десек, ал өсімдік тектес заттармен қоректенетін тауық тұқымдастарының ішегі өздерінің денесінен 4-ақ есе ғана ұзын болады). 3. Құстардың тісінің болмауы —ішегінің қысқа, қар-нының екіге бөлінуіне әкеліп сокқан. 4. Артқы ішектерінің, тоқ ішек және тік ішекке жіктелмеуі, денесін жеңілдетуге бейімде-лу деп қарау керек. Өйткені, тік ішектің негізгі қызметі коректік зат қалдығының уақытша тоқталып тұру және оның ішіндегі артық суды сіңіру болып саналады.
Тыныс органдарының — өзіндік ерекшелігі және ауада ұшуға ыңғайлылығы, басқа ішкі органдарға қарағанда анағұрлым күштірек және өте айқын көзге түседі.
Көмекей саңылауы кеңірдекпен жалғасады, оның жоғарғы бөлімін көмекей деп атайды. Көмекей бір оймақ тәрізді және екі ожау тәрізді шеміршектен тұрады. Бұл жоғаргы көмекейдің дыбыс шығаруға ешбір қатысы болмайды.
Дыбыс шығару қызметін төменгі көмекейдің атқаруы тек дана құстарға тән ерекшелік. Төменгі көмекей кеңірдектің екі өкпеге тарамдалатын жеріне орналасады, оған тірек болатын сүйек тектес сақина бар.
Көмекей қуысына, оның сыртқы жағынан келетін сыртқы дыбыс жарғақтары болады, ал осы жерде кеңірдектің төменгі тарамдалған жерінен ішкі дыбыс жарғақтары да келіп түйіседі Дыбыс жарғақтары бекіген, арнаулы еттердің жиырылуынан, яғни тітіркенуінен олардың формалары және қалыптасуы өзге-реді де, дыбысы түрліше құбылып шығады.
Құстардың өкпесі амфибилердің және кейбір рептилилердің өкпесі сияқты қуыс қапшық емес, тығыз көпіршікті дене тәрізді болып, көкірек қуысының арқа жақ қабырғасына бекиді. Бронхылары өкпе ішіне еніп, бірнеше ұсақ тарамдарға бөліне-ді. Олардың кейбір салалары өкпені тесіп өтіп, ауа қапшықша-лармен жалғасады. Бронхылардың тарамдары өз ара нәзік тү-тіктер — парабронхалар, арқылы қосылады. Олардан бірнеше тұйық бітетін түтіктер тарайды, оны бронхиолдар деп атайды. Бронхиолдардың айналасына қан капиллярлары шоғырлана-ды.
Жоғарыда айтылғандай, бронхылардың тарамдары жұқа қабы бар, ауа қапшықтарын құрайды. Мұндай ауа капшық-тарының көлемі, өкпенің көлемінен бірнеше есе үлкен болады. Ауа қапшықтары түрлі ішкі органдардың аралығына орналасады. Олардың түтіктері бұлшық еттердің араларынан өтіп, тері астын қуалап орналасады және сүйектердің қуыстарына да енеді. Құстардың денесінде болатын ауа қапшықтары мойын бөлімінде екеу, бұғана аралығында біреу, кеудеде 2—3 пар және құрсағында үлкен 1 пар болады.
Ауа қапшықтарының ең басты маңызынын, бірі құстар ұш-қанда, олардың тыныс алу механизмін реттейді.
Жерде отырғанда құстарда кеуде қуыстарының үлкейіп жә-не кішіреюі арқылы тыныс алады. Құстар ұшқанда кеуде етте-рі керіліп тұрады, сондықтан көкірек бөлімінің көлемі үлкейіп немесе кішіреймейді. Міне, осы кезде құстар ауа қапшықта-рындағы ауалармен және солардың әрекетімен тыныс алады. Құстар қанаттарын көтергенде, ауа қапшықтарының көлемі үлкейіп, ішіне өкпе арқылы ауа толады, ал қанаттарын төмен түсіргенде ауа қапшықтарының көлемі кішірейіп, ауа өкпе ар-қылы сыртқа шығады. Ауа қапшықтарының ішінде ешбір газ алмасу болмайды. Анығырақ айтканда, құстар денесіне ауа ендіргенде де және шығарғанда да қанда ұдайы тотығу процесі болып отырады. Бұл құбылыс қос тыныс деп атала-ды. Мұндай жағдай құстардың ұшу кездерінде, денесінің тез қимыл жасауына байланысты, газ алмасу процесін тездетеді. Ұшқанда кұстардың тыныс алуы олардың қанатының қимылы-ның шапшаңдығына байланысты. Неғұрлым құс қанатын тез сермеп, тез ұшатын болса, соғұрлым тыныс алуы күшейеді. Сондықтан да құс жоғарылай ұшқанда тұншықпайды. Қан айналу органдары. Құстардың жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Оның жоғарғы екеуін жүрекше, ал төменгі екі бөлімін қарыншасы дейді. Өкпеде тотыққан қан өкпе денасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға құйылады. Сол қарыншадан жалғыз оң жақ қолқа шығып, өз тарапынан екі атсыз артерияға тарамдалады, ал қолқаның негізгі бөлімі оң жақтағы бронханы айналып, дененің арқа бөліміне қарай созылып барып, одан ішкі органдардағы артерияларра тарамдалады да омыртқа жотасының астыңғы жарын қуалай отырып, арқа қол-қасына айналды. Сегізкөз тұсына барғанда арқа қолқасынан сан және шат қос артериялары тарамдалып шығады да, қолқаның өзі кішкене құйрық артериясына айналады және ол құйрықтың ұшына барып бітеді. Диаметрі қолқадан кеңірек болып келетін, өте үлкен атсыз артериялар, бас бөліміне қан апарушы — ұйқы артериясына (күре тамыр) алдыңғы аяқтарына (қанатына) баратын бұғана асты артериясына және өте үлкен кеуде еттеріне баратын көкірек артериясыяа тарайды. Жүректің оы, жақ қарыншасынан бір ғана сабақпен басталатын қолқа келешекте екі өкпе артериясына тарамдалады.
Құйрық венасы екі бүйрек қақпа веналарына жіктеледі. Бі-рақ бүйрек қақпа жүйесінің капиллярына қанның барлығы түтас енбейді. Қанның біразы бүйрек денесіндегі арнаулы тү-тіктермен өте шығады. Бүйректен шыққан қан тамырлары сан веналарымен қосылып мықынның қос веналарын құрайды. Бұл екі қан тамыры қосылып, дененін, артқы бөлімінін, негізгі вена сабағына — артқы қуыс венаға айналады. Ішкі органдардан жиналған вена қандары құйрық — шарбы венасына әкеліп құ-йылады. (V. соссуgео — теsепtегіса), ал дененін. құрсақ бөлімінің—ішкі жақ қабырғасынан қан ішек — үсті венасына (V. еріgаstгіса) келіп құйылады. Бұл екі веналар бауырдын, қақпа венасына қосылады. Бауырдан шыкқан қан бауыр вена-ларымен (V. һеріtiса ағып артқы қуыс венаға келіп құйылады. Сонымен денесінің артқы бөлімінен жиналып келген вена қаны артқы қуыс вена арқьпы жүректің оң жүрекшесіне келіп құйылады.
Шықшыт веналары бұғана асты веналарымен қосылып ал-дыңғы қос қуыс венаға айналады. Бас жақтан жиналған қан осы веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады.
Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жіктелуінің нәтижесінде барлық органдары артерия қанымен қамтамасыз етіліп отырады. Осы жағдайға сәйкес және қан ағысының тездігіне, ал онымен бірге зат алмасуының жеделді-гіне байланысты құстардың денесшің температурасы жоғары болады (42°).
Нерв системасы. Рептилилермен салыстырғанда құстардың орталық нерв системасы біршама күрделі. Бұл құстардың тіршілік еткен ортаеымен қарым-қатынасының күрделігіне байланысты. Миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңары басқа ми бөлімдерінен айрықша үлкен. Бірақ, рептилилердікі сияқты алдыңғы миының көпшілік бөлімі жолақ денеден құралған. Ми сыңарының үстіңгі бөлімі (крыша) сүт қоректілердікіне қарағанда нашар дамыған, ол негізінде бірінші реттегі даму дәрежесінде болған алғашқы күмбез (агсһіраІІіит) деп аталатын түрінде сақталран. Бас миынын, көру бөлімі және мишығы соншалықты үлкен, керісінше иіс бөлімі өте кішкене болады. Аралық миы мен эпифизі нашар дамыран, гипофиздің жігі жақсы көрініп тұрады. Мишықтың үлкендігінен ортаңғы мидың көру бөлімі бір бүйіріне таман ауысып орналасқан. Мишық үстіңгі жағынан алдыңғы ми сыңарларымен түйіседі де, арт жарынан сопақша миды бүркеп жауып жатады. Мишықтың ортаңғы бөлімі негізінен құртша (үегтез) деп аталатын, көлденең орналасқан сайлары бар түбір бөлімнен тұрады. Құстардың бас нервтері он екі пар болады.
Жұлыны иық және бел маңайында, рептилилердегі сияқты жалпақ болады.
Сезім органдары. Құстардың есіту органдары рептилилердікі сияқты ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады. Бірақ, құстар-дың кұлақ қуысы рептилилердікінен гөрі күрделі. Евстахиев түтігі жұтқыншақ қуысына жалпы бір тесікпен келіп жалға-сады. Есіту сүйегі біреу болады, дабыл жарғағы тері жамылғы- сының астында, сыртқы құлаққа ұқсас ояздау жерге орналас-қан. Қейбір түн құстарында (үкілерде) бұл ояз жердің қуысы үлкен, оның айналасында дыбысты күшейтуге бейімделген жұқа тері қабаты болады. Жалпы алғанда, құстар жақсы естиді. Құстардың кұлағы, көзімен бірге негізгі сезім органдары болып саналады. Құстар өздеріне төнген кауіп-қатерді ен, алдымен құлақтары арқылы сезеді.
Құстардың көру органы да жақсы дамыған: әсіресе, түн құс-тарының және қыран кұстардың көз алмалары үлкен. Көзі кір-пік еттерінің әсерімен көз хрусталигінің формасын өзгерту ар-қылы және көз алмасымен оны қоршап түрған белокты қабы-ғының формасын өзгертетін сақиналы бұлшық еттердің әрекетінен (хрусталикпен тор қабықтың арасының қашықтап және жақындауына байланысты) көретін болады. Құстарда тө-менгі және жоғарғы қабақтардың болуымен бірге, көздерінің алдыңғы ішкі бетінде бекіген, бүкіл көзін жауып тұратын үшін-ші қабағы да болады.
Құстардың кейбір түрлерінде ғана иіс органы жақсы дамы-ған, мысалы, Жаңа Зеландияның кивилар дейтін құсында; басқа құстармен салыстырғанда түтік тұмсықтылардың, үйректердің, тазқаралардың жылқышылардың иіс органдары жақсырақ дамыған.
Зәр шырару органдары. Құстардың ұрықтарында мезоне-прос-дене (теsеперһгоs) бүйрегі болса, ересектерінде мет-анепрос-мықын бүйрек деп аталатын бүйрегі (теtаперһгоs) болады. Әр бүйректен клоаканың орта бөліміне барып ашы-латын несеп түтігі шығады. Ересек кұстардың қуығы бол-майды; ал ұрықтарында, рептилилердің ұрығында болатын — аллонтоис сияқты қуық болса, тіпті кейбір құстарда бір жасқа дейін қуықтың жұрнақтары сақталады. Денесімен салыстыр-ғанда, кұстардың бүйрегінің көлемі, рептилилер мен сүт қоректілердің бүйрегінен де үлкен болады Құстар бүйрегінің үлкен болуы, олардың денесінде зат алмасу процесінің актив жүруіне байланысты.
Құстардың несебінде белокты заттың қалдығы көп болады және сүт қоректілердегідей мочевинадан тұрмай, негізінен несеп қышқылынан тұрады.
Несебі зәр шығару системасы арқылы тез ағып өтеді. Ол не-сеп қышқылының нашар еритіндігінде. Өйткені нәтижесінде пайда болған несеп тұздары несеп жолдарын бітеп тастауы мүмкін. Бұл құстарда қуықтың болмауына әкеліп соғуы ықти-мал. Құстарда зәрмен бөлінген судың мөлшері аса көп бол-майды. Себебі, клоакадан зәрдің құрамындағы су сүзіліп организмге қайтады. Бұл жағдай құстарда тері арқылы судың буға айналмауына байланысты, құстардың суды азғана мөлшерде қабылдауына әкеліп соғады. Жыртқыш құстардың көпшілігі және кейбір торғай тәрізділер тіпті су ішпейді.
Жыныс органдары. Аталық жыныс бездері бұршақ пішін-дес, екі бүйрегінің үстіңгі жағында шарбы майына ілініп түра-ды. Жыл маусымының өзгеруіне қарай, олардың көлемі де өз-гереді. Мысалы, көбею кезінде қара торғайдың жыныс безі ал-ғашқы көлемінен 1500 есе үлкейеді. Аталық жыныс безінің ішкі жағындағы жиегінде жетілмеген өсінді қосалқысы. (еріdіdутіs) болады, ол ұрықтың дене бүйрегінің алдыңғы бөліміне ұқсай-ды. Олардың әрқайсысынан тұқым түтігі шығады (vаз dеfе-гепs) да ол несеп ағармен қатарласа отырып, клоакаға барып енеді. Кейбір түрлерінде бұл түтіктер клоакаға құяр алдында аздап кеңейіп, тұқым қалтасы деп аталатын куысты құрайды.
Шағылыс органы кейбір құстарда ғана болады. Клоаканың жиегінің өсуінен пайда болған шағылыс органы қаз тәрізділер-де, тырналарда және түйе құстарда болады. Құтандарда, дегелектерде де, коқиқаздарда да және дуадахтарда шағылыс органының жұрнағы сақталады. Бұлар шағылысқанда еркегінің спермасы ұрғашысының клоакасының ішіне құйылады
Көптеген құстардың ұрғашысының жыныс органы сол жақ аналық безі мен сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады да асим-метриялы болып орналасады. Оң жақ аналық безі кейбір ғана құстарда: күндізгі жыртқыштарда, үкілерде, гагарларда, тоты-ларда, тауық тұқымдастарында ғана болады. Әсіресе, тотыларда жақсырақ дамыған. Бұл құстарда оң жақ жыныс безі қаншама жақсы жетілсе де, олар әрқашанда қызмет атқара бермейді. Оң жақ жыныс бездерінде жұмыртқа жетілгенімен, ол сол жақ жұмыртқа жолы арқылы сыртқа шығады.
Ұрғашыларының оң жақ аналық безінің нашар дамуы құс-тардың қатты қабықты, өте ірі жұмыртқа тууына байланысты болуы мүмкін. Тұқым жолымен жұмыртқа өте баяу қозғалады, яғни 1—2 тәулікке созылады.
Аналық безініц (оvагіа) басқа органдар сияқты белгілі дү-рыс пішіні болмайды. Жұмыртқа жолының (tиЬае иtегіпае) бір ұшы клоакаға келіп ашылды да, екінші ұшы воронка арқылы дене қуысына келіп ашылады. Жетілген жұмыртқа, дене қуы-сынан түтіктің воронкасына түседі де, оның бойымен қозғалады. Нағыз жұмыртқа жолы бірнеше бөлімдерден тұрады. Бірінші бөлімі (рагз аІЬumіпіfега)—ең ұзыны, ішкі қабырғасында белокты заттар шығаратын бездері болады, осы бөлімінде тауықтардың жұмыртқалары 3—6 сағат болады және -оның сырты қалың белокты қабатпен қапталады. Екінші жіңішке бөлімінде — жұмыртқа екі пергамент тәрізді белокты қабатпен скорлупа астындағы қабықпен қапталады. Үшінші бөлімі— кеңірек жұқа қабатты — жатын деп аталады. Мұның ішінде бездері көп болады. Ол бездердің шығарған заттарынан жұмыртқаның сырты известі, катты қабықпен қапталады да онда пигментті заттар болады. Жұмыртқаның түсі сол пигментке байланысты болады. Жатын ішінде жұмыртқа 12—20 сағат болады. Жұмыртқа жолының соңғы бөлімін — қынап деп атайды. Бұл бөлімнің бүлшық еттері жақсы жетілген. Осы бұлшық еттерінің жиырылу салдарынан жұмыртқа клоака арқылы сыртқа шығады. Тұқым жолымен жұмыртқаның қозғалу мерзімі тауықтарда бір тәулік болса, көгершіндерде 41 сағатқа дейін созылады.
Жұмыртқа. Қалыптасқан жұмыртқа күрделі дене болып саналады. Әдетте нағыз жүмыртқа деп оның ішіндегі сары уызын айтады. Жұмыртқаның басқа қосымша бөлімдері (мысалы белок) жүмыртқа безінде емес, жұмыртқа жолында пайда болған қабаттары деуге болады.
Құс жұмыртқасының сары уызы көп болады. Сары уыз бөлімінің бет жағында протоплазма және ядродан тұратын түйір деп аталатын заты болады, ол ұрықтанған жұмыртқада кішірек ұрық дискасына айналады. Сары уыздың басқа бөлімі ұсақ көпіршіктерден тұрады. Егерде көз тоқтатып қарасақ, олардың кабаттары сары немесе мөлдір түсті уыздың кезектесуінен құралады. Жұмыртқаның қатты қабығын сындырсақ, сары уызы дөп-дөңгелек болып түседі. Өйткені, сары уыздың сырты арнайы жұқа қабықпен қапталып тұрады. Сары уызда балапанның организміне керекті қоректік зат және денесін құрауға қажет заттар болады. Сары заттьщ ішінде май және су көп. Дамитын ұрық, өзіне керекті суды, жұмыртқаның осы сары уызынан алады. Оған қосымша жұмыртқаның құрамындағы май да, тотыққанда өзінен су тамшыларының бөліп шығарады, мысалы, тауық жұмыртқасының, сары уызынын, құрамында: су — 50%, май— 23%, протеиндер — 16%, липоидтер 11% болады. Қаздардың. жұмыртқасының сары уызының құрамында: су — 44%, май — 36%, протеиндер — 17%, басқа заттар — 3% болады.
Жұмыртқаның сары уызының сыртында мөлдір жартылай сұйық (белок) деп аталатын екінші жұмыртқа қабаты болады. Оның сырты екі жұқа пергаментті қабықпен қапталған. Жұ-мыртқаның мокал ұшында температура өзгерген кезде оның көлемі өзгеруіне мүмкіндік беретін айтылған екі қабаттың ара-сында ауа болады.
Жұмыртқаның сары уызына қарай кабыршақ қабығынак “белоктың” ортасында белоктың тығыз ширатылған жіп тәрізді халаза созылып жатады. Халаза сары ,уызды шайқалудан сақтайды.
Жұмыртқа “белогының” негізгі маңызы нағыз жұмыртқаны (сары уызды) механикалық әсерлерден қорғайды және ұрық-тың дамуы кезінде сумен қамтамасыз етеді. Мысалы, тауық жұмыртқасы белогының құрамы: 87% су, протеин — 12%, бас-қа заттар 1%.
Қатты кабық негізінен көмір қышқыл кальцийден (89—97%), аздап та болса басқа тұздар мен органикалық заттан тұрады. Қатты қабық негізінен жұмыртқаны механикалық әсерлерден сақтайды және жұмыртқаның газ алмасуын қамтамасыз етеді, әр түрлі бактериялардың енуіне бөгет болады. Ірі жұмыртқа туатын және жұмыртқасын ашық жерге салатын, құстардың жұмыртқасының қатты қабығы мықтырақ болады. Ұрық дамы-ған кезде, қатты қабықтың біразы ұрықтың скелетін қалыптастыруға жұмсалады. Қатты қабықтың сыртында майда тесікшелері болады. Бұл тесікшелер жұмыртқаның моқал жағында кө-бірек болады. Ұрықтың газ алмасуына осы тесікшелердің маңызы үлкен. Жұмыртқаның басылуы ұзарған сайын және газ алмасуының күшеюіне сәйкес тесікшелердің диаметрі үлкейе түседі.
kak mnogo =)
Ну да многа я почти все прочитал
Расымын де коп екен.Маган кызыкты малеметтер керек еди.Бул малеметтерди китаптардан да окуга болады
так многа
капец көп екен!!!!!!! А4 жетпейді гооййй!
это так много))но должен быть интересной)))
Ура ура ура ура
Ия өте көп екен бұл мәліметті кітаптан оқуға болад))Бірақ вроде нормально))