Жайық казак-орыс әскері

Жайық казак-орыс әскері — Ресейдің оңтүстік аудандарынан қашып-пысқан босқындардан Жайық бойында 16 ғ-дың 2-жартысында қазақ жерін ашықтан-ашық отарлау үшін құралған құрамалар. Билік толығымен казак-орыс қолында болды. Казактар алғашқы кезде негізінен балық аулаумен, 18 ғ-дан бастап мал бағумен де айналысты. Бірақ, бойлары үйренгеннен кейін, яғни 19 ғ-дан бастап олар қорғансыз Жайық қазақтарының шұрайлы жайылымдық жерін, өрістегі малын тартып ала бастады, ауылдарға түтқиылдан шабуыл жасап, адамдарды қырды. 1919 ж. таратылды, қ. Орал казактары.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *