Дуадақ

Дуадақ құсы. Пішіні тауықтарға ұқсас, ірі құстар. Бұлардың мойыны мен саусақтарының ұзындығы орташа. Үш саусақты, қысқа тұмсықты құстар.

Жер шарыньщ шығыс бөлімінің далалы және шөлді жерлерін мекен етеді. Құрғақ ортада тіршілік ететін болғандықтан, құймышақ безі болмайды. Еркектерінде жұтқыншарымен жалғасатын тері қалташығы болады, ол дыбысты күшейтіп шығаруға қатысады. Біздің фаунада үш түрі кездеседі. Көбірек тараған түрі дуадақ (Otis tагdа). Салмағы 16 кг-дай болатын ірі құс. Ашық даланы мекен етеді. Ұяларын бозды, түрлі шөпті далаға, кейде егіндікке де салады. Жазғытұрым қосарланып жүреді. Жұмыртқаларын тек қана ұрғашысы басады, Ұясында 2-6 жұмыртқа болады. Инкубация 30 күнге жетеді. Жұмыртқада шыққан балапандары ширақ келеді. Жұмыртқа салмайтын уйқытта топтанып жүреді. Жыл құстарын топтанып жүрген кезінде аулайды.
Жыртылмаған тың жерлерде үлкендігі тауықтай безгелдек (Оtіз tеtгах) деген дуадақтардың бір түрі мекендейді. Биологиясы жөнінен дуадақтарға жақын, бірақ жыртылған жерде кездеспейді. Закавказьеде, Индияда, Африкада қыстайды. Аз болғандықтан кәсіптік маңызы шамалы.

Читайте также:

комментария 2

  1. Мирхат:

    бозторғайдан үлкен

  2. Мирхат:

    мәтін

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *