Валюталық нарық

Валюталық нарық. Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі бар-лық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құра-лының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар занды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операция-ларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар — сұраныс пен ұысыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
384 Ақша, несие, банктер
• шарушылық байланыстардың интернационалдануы не-
гізінде валюталық нарықтардың интернационалдануы-
ның күшеюі;
— байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
— әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз
операцияларды жасау;
• банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жаз-
баша түрде негізделетін валюталық операцияларды
жүргізу техникасын біртұтастандыру;
— коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстыр-
ғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық
мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және
пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қар-жы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі, Париждегі, Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарьқтарда белгілі бір кон-вертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Онын қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлға-лар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жү-зеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап,
Халықаралық валюталық қатынастар 385
Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 ж. операциялар көлемі USD — 1124735 мың, DЕМ — 11165 мыңды құрайды.
Валюталық операциялар айналымы
(күніне US $ млрд.)

Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтары-ның ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық на-рық «кара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарық-тың» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Институтциональдық көзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтығын білдіреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар өздерінің валю-талық операцияларын ірі коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында жүзеге асырады. Валюталық нарықтардағы
валюталық мәмілелердің 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетгі немесе девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон және т.б. байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тіке-лей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілде-рінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биражалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр кез-дерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет-юзерлер). Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы — 5 немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық де-партаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк
арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлім-шелері мен кеңсесі бар, бірақ та үш бөлімінде ғана (Франк-фурт -на-Майнеде, Дюсельдорфта және Гамбургте) халықа-ралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүр-гізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі — Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша, Дойче Банктің үш бөлімшесінің бірінің «Сименс» каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ дивер-сификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық опера-цияларға қызмет етеді және сол банкпен жүмыс жасайтын накты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында — валюта-ларды сатушы және сатып алушы банктер арасында делдал ролінде де жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20 АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибеде-гідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк-клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі, мәміле жасағандағы құпиялық және өз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда ғана мүмкін және ол тығыз өзара қатынас негізінде қалыптасады.
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиент-тердің есебінен де, сондай-ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.
Шетел валютасы халықаралық төлем айналымында әдет-те ақшалай белгілер түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында — шетел валюта-сына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.
Аударым — бұл басқа елдегі банк-корреспондентіне өзінің клиентінің өтініші бойынша және оның есебінен телеграф-тық немесе пошталық аударым (бұйрық) негізінде белгілі бір ақша сомасын шетелдік алушыға (бенефициарға) төлеу туралы банктің бұйрығы. Аударым барысында банк екі операцияны бір уақытта жүзеге асырады: өз клиентіне ұлт-тық валютаға шетел валютасын сатады және шетел валюта-сын шетелге аударады. Бұл жерде телеграфтық аударым жасау барысында есеп айрысуды жеделдетеді және арнайы код қолдану арқылы қорғауға кепіл береді.
Банктік чек — шетелдік банк-корреспондентке чекті ұс-таушының ағымдық шотынан белгілі бір ақша сомасын төлеу туралы банктің жазбаша бұйрығы. Экспортер, ондай чекті ала отырып, оны өзінің банкіне сатады.
Банктік вексель — осы елдің банкінің шетелдік банк-корреспондентке берген траттасы (аудармалы векселі). Им-портерлер өздерінің банктерінен бұл вексельді сатып алады және оны олардың экспортерлеріне (несие берушілеріне) жіберу арқылы өздерінің борыштық міндеттемесін өтейді. Ал осы елдің банкінің міндеттемесі мерзімі жеткенде вексельді төлеуді өзінің корреспондентінің шотын қажетті валюталық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады
Бұл жерде чектер мен тратталарды тек қана банктер емес, сондай-ақ сауда және өнеркәсіптік фирмалардың, жеке тұлғалардың бере алатынын да есте сақтау қажет.
Несиелік айналыс құралдары халықаралық төлем айналы-мынан алтын мен шетел валюталарын ығыстырып, әр түрлі елдердің банктері арасында корреспонденттік қатынастардың дамуына және шетел валютасында ағымдағы корреспонденттік шоттарды жүргізу тәжірибеле-рінің таралуына қатты ықпал етті.
Халыкаралық валюталық қатынастар 389
Бұл өз кезегінде операцияларды қолма-қолсыз түрде жүргізуге, есеп айырысуларды жеделдетуге және айналыс шығынын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Халықаралық есеп айырысулардың сызбалы механизмін былай беруге болады: тауарды (қызметті) экспорттаушы сатқан тауары (қызметі) үшін импорттаушыдан алған шетел валютасына жататын чек, аударым және басқа да төлем құжаттарын өз елінде коммерциялық банкіге сата отырып, оның орнына экспорттық өндіріс үшін қажетті ұлттық ва-лютаны алады. Коммерциялық банк өзінің шетелдегі банк-корреспондентіне бұл төлем қүжаттарды жібереді де төлеу-шілер мен борышқорлардан, жіберілген құжаттар бойынша валюталық қаражаттарды төлеуін талап етеді. Алынған шетел валютасындағы соманы шетел банкі экспортер банкінің корреспонденттік шотына түсіреді. Халықаралық есеп айырысулардың осындай механизмі қолма-қол ақшаны пайдаланусыз, қарама-қарсы талаптарды өзара есепке алу жолымен банк-корреспонденттер арқылы сыртқы экономикалық операциялары бойынша барлық есеп айырысуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *