Ұлттық банкінің құрылымы, басқару органдары
Ұлттық банкінің құрылымы, басқару органдары. Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлтгық банкі туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат, бас аумақгық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар. Ұлттық банкінің 1996 жылғы құрылымы 6-сызбада көрсетілген.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық
банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына — Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламет пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:
— мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
• Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
— Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар
мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік
пішінін бекітеді;
• Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан
Республикасының бюджетімен операциялар бойынша
пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
— Қазақстан Республикасының валюталық айырбас баға-
мын анықтау тәртібін белгілейді;
• сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер
типтерін бекітеді;
• Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты қарастырады;
238 Ақша, несие, банктер
• ¥ëттық банк туралы Ережені, Ұлттық банк кұрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайыңдайды;
• банктер және олардың филиалдары үшін
экономикалық нормативтерін бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулыдары формасында жүзеге асырады. Басқарма мәжілісі қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектең тыс мәжіліртер Ұлттық банк төрағасының немесе баскарманың уш мұшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық баңк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралык және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірак, бұған басқармаға берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар қеңесінің қызметің басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жок кезде, онын қызметін орыңбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке еқі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол ІІрезиденттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы — Директорлар қеңесі (директорат),ол Ұлттык банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төрағаның және басқарма қараундағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат кұрамына — төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарында келесідей (1997жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-қассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу
жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.