Бидаш Құдабайқызы

Бидаш Құдабайқызы (Қоданқызы; 1850 — 1927), Ұлытау өңіріндегі ел билігіне араласқан, әй- елден шыққан белгілі қайраткер. Ибеске Мамай Дүтбай ауылының қызы. Ол ел арасындағы түрлі дау-тартыстарда билік құрып, өзінің әдептілігі, әділеттілігі, шешендігі мен батырлығы арқасында халық сүйіспеншілігіне бөленген ана. Бидаш есімі Қожабай ақынның «Ұсталып Бидаш кетті» атты дастанында кезігеді. Түрмеге жабылған Бидашты Бұзау болыс кепілдікке шығарып алады. Екінші деректе, орыстың Ташкент бекінісіндегі 150-ге тарта әскері Ұлытау жерін басып, Орынборға қарай өтпекші болғанда, Бидаш болыстың рұқсат бермегеніне қарамай, солдаттар баса-көктеп кіре береді. 400-ге тарта қазақ жігітінің басын біріктіріп, ұйқыда жатқан отрядка тұтқиылдан соққы беріп, жеңілген орыстарды ізімен Ташкентке кері қайтуға мәжбүр еткендігі туралы айтылады. Бұл жолы да, осы қылығы үшін түрмеге жабылған Бидашты босатып алуға Бұзау болыс араласады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *