Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы

Банктің функционалдық бөлімшелерінің құрылымы. Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты көптеген факторларға байланысты болады және экономикалық біртұтастығымен анықталады.

Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден, мысалы: ауыл шаруашылық ауданындағы банк — өндіріс ауданындағы банкіден, сол сияқты бөлімшелері бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.
Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау -жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгіпері — банктің орындайтың операциясының көлемі мең экономикалық мазмұны болып табылады.
Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі қызмет турін көрсетуге маманданады, алдына әр турлі мақсаттар қояды, осыған сәйкес оның ұйымдастырушылық құрылымыда алуан түрлі болады. Ұйымдастырушылық құрылымның барлық түрінің өзіндік артықшылыктары мен кемшіліктері бар. Сондықтан ұйымдастырудың лайықты тәсілін таңдау процесінде бұлар міндетті түрде ескерілуі тиіс. Әр түрлі банктер өзінің фунқционалдық құрылымына, банктің алдына қойган міндеттерін орындауға септігін тигізу үшін үнемі түрлі өзгерістер енгізіп отырады.
Банктік іс-тәжірибеде банктің ұйымдастырушылық құры-лымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.
Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көр-сетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы басқалар жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты қосымша шағын бөлімшелер құрылуы мүмкін.
Функционалдық құрылым негізіңде қандай да бір қызмет түрін көрсетуге мамандандырылған және шаруашылықты басқаруға, тағы басқа нарық жағдайына тәуелсіз әрекет етуге қабілетті шағын банктерде қолданылады, басқаша айтқаңда тұрақтылық жағдайында. Бірақ мұндай идеалды шарттар іс жүзінде өте сирек кездеседі, сондықтан банктер ұйымдастырушылық құрылымының басқа типтерің қолданады.
Дивизионалдық ұйымдастырушылық кұрылымы үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында, несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің өсуі жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда баңк бөлімшелері функционалдық белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдеріңің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер деген ұғымға әр түрлі құрылымдық бірліктер — басқару бөлімдері, қызметтер, секторлар кіреді.
Банкі өңімінің әр түрлі түрлерін көрсетуге бейімделген құрылымдар да, өз клиенттеріне қызметтің жеке түрлерін үлкен көлемде көрсететін банктер де жиі кездеседі.
Операциялардың нақты түрін көрсетуге маманданған бөлімшелердің жетекшілері жоғары білікті, осы салада үлкен тәжірибесі бар оның мамандары, оны жоғары бәсекелес қабілетті етеді. Өнімдерінің белгісі бойынша ұйымдастырылған банктер, осыған орай, қызмет көрсетудің сапасын әлемдік стандартқа жеткізуде, сонымен бірге банктің өнімдерінің жаңа түрлерін дамытуда қосымша артықшылыктарға ие.
Бұндай банктердің құрылымында келесідей басқармалар болуы мүмкін. Қысқа мерзімді несиелендіру, ұзақ мерзімді несиелендіру, бағалы қағаздар, трасталық, қаржылық қызметтер және басқалары. Әрбір басқарманың тізімінде біраз маманданған бөлімдер болуы мүмкін. (Мысалы, қысқа мерзімді несиелендіру басқармасында — кәсіпорындарды, тұрғындарды, шағын кәсіпорындарды несиелендіру бөлімдері; ал қаржылық қызмет көрсету басқармасында — лизинг, факторинг және т.б. бөлімдер болады).
Шағын банктерде басқарманың орнына тек маманданған бөлімдер құрылады.
Тұтынушылардын, әр түрлі топтарына бейімделген құрылымы. Мұндай принциптер бойынша құрылған банктер өзінің басты назарын клиенттердің белгілі бір тобына бөледі, басқаша айтқанда белгілі бір тұтынушылардың сегментіне көңіл бөледі. Ірі банктердің құрылымында: корпорацияларға қызмет көрсету басқармасы, несиелендіру бөлімі, инвестициялық қызмет көрсету, трасталық операция; тиісті бөлімдері бар тұрғындарға қызмет көрсету басқармасы бар.
Аймақтық ұйымдастырушылық кұрылымы. Банктер үлкен географиялық ауданды қамтып іс-әрекет еткен кезде оның ұйымдастырылу негізінде іс-әрекет ететін бөлімдердің торабы арқылы құруды болжайтын, әр түрлі аумақтарда өз қызметін ұсынатын аймақтың ұйымдастырушылық құрылымы принципі жатуы мүмкін. Мұндай облыс, аудан шегінде клиенттерге кызмет көрсетуге бағытталған құрылым жергілікті жағдайларды дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің сан алуан түрін көрсетуге, әр түрлі клиенттер топтарымен жұмыс жасауға, сонымен бірге, аймақгың жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген коммерциялық банктердің дивизиондық құрылымы құрылған.
Банктің ұйымдастырушылық құрылымының кез келген сызбасында банк операцияларын орындайтын негізгі бөлімшелерге, жоғары кәсіби маманданған банктің мамавдары жұмыс істейтін бөлімдер жатады.
Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын және штабтық функцияларды орындайтын бөлімдер.
Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен айналысады: салымдық, несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату-сатып алу және т.б.
Штабтық бөлімдер — желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады. Яғни инфрақұрылым оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл жоспарлау, кадрлар, заң, статистикалық және т.б. бөлімдері. Банктің ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және басқару бөлімдері (орта және шағын банктердегі) құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Несиелік ресурстарды шоғырландыру және жұмылдыру бойынша банк операцияларын, яғни пассивтік операцияларды депозиттік операция басқармасы орындайды да, осы есеп-қарыздық операцияларды, яғни активті операцияларды — несиелік басқарма орындайды. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына (факторингтік, лизингтік, кеңес берушілік, ақпараттық және т.б.) үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер құрылады.
Банктің қызметін болжау басқармасы банктің қызметінің негізгі қағидаларын: өтімділік, пайдалылық және сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында банктің басқарушылық қызметін жүзеге асыру үшін құрылған. Сәйкесінше, оның құрылымы 3 бөлімнен тұрады.
Өтімділік бөлімі банктің өтімділігін анықгау бойынша сұрақтар кешенімен айналысады. Шаруашылық есеп бөлімі банктің кіріс және шығысын болжау, нақты кірістер мен шығыстарды талдау және пайдалылықты анықтаумен айналысады. Коммерциялык қызметтің негізін жасайтын бөлім несиелік потенциалды анықтаумен, банк іскерлік саясатының актісін жасаумен айналысады.
Депозиттік операцияларды басқару банктің меншікті капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдаумен айналысады. Ол әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады, екіншісі — банктің меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.
Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді несиелендіру, банкаралық операция және тағы басқа бөлімдерден тұрады.
Банктің филиалдарын басқару филиалдардың қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен, банк филиалдарына іс-тәжірибелік әдістемелік көмек көрсетумен айналысады.
Есеп-кассалық операциялар басқармасы — клиенттерге шот ашумен, кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен айналысады.
Валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған.
Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық ақпа-раттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетумен айналысады.
Коммерциялық банктер көлеміне байланысты басқада қызмет түрлері болуы мүмкін: кадрлар бөлімі, заң бөлімі, шаруашылық, ревизиялық, ЭЕМ пайдалану және енгізу, т.б. бөлімдер.
Банк құрылымының бірнеше сызбасы бар екендігі белгілі, олардың әрқайсысы несиелік нарықтың анықтайтын түріне бейімделген. Банктің құрылымының неғұрлым қарапайым түрі — пирамида тәрізді. Бұл клиенттермен шектелген, басқа несиелік мекемелердің болмауы және банк негізінен ауылдық жерде орналасқан жағдайлардағы несиелік нарыққа лайықты.
Мұндай сызбаға тігінен шекті қарапайым байланыстар, банк жетекшілігіне бөлімдердің тікелей және бағыныштылығы тән келеді.
Банктерде бұл типтес 6-8 бөлім бар: несиелік, инвестициялық, кассалық және депозиттік операциялар, трасталық, ревизиялық және әкімшілік бөлімдері.
Ірі әмбебап банктер бөлімшелерімен (ТұранӘлемБанк, Қазкоммерцбанк, Халық банкі) аймақтық құрылымға ие. Бұл құрылымның өкілеттілігінің көп бөлігі басқарудың орталық органымен төменгі деңгейге өтеді — бөлімдер мен филиалдарға осыған байланысты олардың арасында аралық буындар пайда болады — ТұранӘлемБанк, Халық банкі, Қазкоммерц-банк — филиалдар мен бөлімдердің басқармасы.
АҚШ-тың коммерциялық банкінің функционалдық бөлім-шелерінің ұйымдастырушылық құрылымы оперативті және штабтық қызметтер жүргізеді. Біріншісі, банкінің алдына қойған мақсатына тікелей байланысты функциялар — бұл қызметтердің келесі түрлерін: несиелендіру, инвестициялау, сенімділік операциялар, халықаралық есеп айырысуды жүзеге асыру, депозиттік қабылдауды қамтиды. Штабтық бөлімінің қызметі орындаушыларға маркетинг, бухгалтерлік есеп және талдау, әдістемелік жұмыс сол сияқтылар бойынша кеңес беруден көрінеді.
Несиелеу, есеп-қарыздық операциялар, халықаралық опе-рациялар, инвестициялар мен бағалы қағаздар бөлімдері және т.б. бөлімдер банкті басқарудың негізгі функционалдық құрылымдары болып табылады. Штабтық бөлімдер, бұл -олардың инфрақұрылымы болып табылады. Сонымен қатар, штабтық бөлімдер негізгі бөлімшелердің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайларды туғызып отырады.
Бөлімдер желісі бар банктердің ұйымдастырушылық құрылымы филиалсыз банктерге қарағанда өзгеше, бірақ олармен атқарылатын функциялар жалпы бірдей болады. Негізгі айырмашылық бас кеңседегі жоғары басқарушы тұлғаларға берілген функциялар мен бөлімдерді басқаруға қатысты. Бөлімдер торабы бар банктердің ұйымдастырушылық құрылымы, сонымен қатар, өз құрамына оперативті кызмет желілері мен функционалдық бөлімшелерді қосады, бірақ функциоңалдық бөлімшелердің салмағы жоғарылау болады.
Коммерциялық банктер 295 АҚШ коммерциялық банктерінің, сондай-ақ шектелген клиент пен локальды нарық жағдайындағы филиалсыз орташа ұсақтандыру банктердің ұйымдастырушылық құрылымдарында банкті құрудың пирамидалық сызбасы орын алады. Барлық бөлімшелер президентке тек вице-президент арқылы бағынады.
Клиенттердің көп бөлігіне қызмет көрсететін бөлімшелері мен филиалдары бар ірі әмбебап коммерциялық банқтер әр аймақта банкті құрудың географиялық сызбасына ие болуы мүмкін. Мұндай сызбада бүкіл өкіметтік орталық басқару органдарынан төменгі ранг басшыларына ауысады, жоғары басшылар мен төменгі құрылымдар арасында аралық буындар пайда болады (мысалы, президент — батыс аудан мен оңтүстік ауданның атқарушы вице-президенті — бөлімше -бөлімдер.
Мұндай ірі аумақтық банктерде банкті құрудың функционалдық сызбасы болуы мүмкін.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *