Болжалдық сан есімдердің сөзжасамы
Объективті өмірде зат, құбылыс атаутының барлык, уақытта саны, мөлшері анық бола бермелді, сөйлеушіге заттардың саны нақтылы болмағанда, оның шама, мөл-шерін болжалдап қана айту тілде кең орын алады. Осы-мсн байланысты тілде болжалдық сан есімдср қалыптасқан Тіліміздегі болжалдық сан заттың, нәрсенін, санын дәл, нақты білдірмейді, тек шамамен, болжалдап қана оның сан мөлшерін білдіреді. Мұнда болжалодық санның жасалуына негіз болған сандық ұғым нақтылы өз мағынасын сақтай алмайды, өйткені заттың саны болжалдық санға негіз болып тұрған есептік саннан аргық болуы да, кем болуы да мүмкін Мысалы: Құдасыныц аулына Ұлжан отыз шакты кісімен келген (М. Әуезоз). Бұл екеуінің елі жақын, отыз-қырық шақырымдай ғана жерде (С. Мұқанов). — Әрине, деді Мәлік, — со кезде ол үйде мың жарымдай жылқы, екі-үш мыңдай қойы бар екен (С. Мұқанов). Бір сиырдан бес-он литр сүт алғанша, жиырма-жиырма бес литр сүт алса, бір гектардан бес-он центнер астық алғанша, жиырма-жиырма бес центнер астық алса ішті жара ма? (Ғ. Мүстафин).
Келтірілген мысалдарда отыз шақты кісі дегенде кісінің нақты саны отызға жетпеуі де, отыздан артық болуы да мүмкін. Сонда отыз шашты дегендегі отыз дәл өзінің сандық мәнінде тұрған жоқ. Сол сияқты отыз-қырық дегенде де нақтылы сан отыз бір, отыз үш, отыз бес, отыз жеті, отыз тоғыз, қырық, қырық екі сияқгы осы сандар-дың маңындағы нақтылы бір сан екені сөзсіз. Бірақ оны сөйлеущі дәл білмейді. Сондықтан отыз-қырық дегендегі сандар осы мөлшерде дегенді ғана білдіреді. Мың жарымдай жылқы, екі үш мыңдай қой дегенде де олардың. саны осы сандардың. маңында, сондықтан мың жарым, екі-үш мьщ деген сандар сөйлемде дәл өз мағынасында тұрған жоқ Қалған мысалдардағы бес-он, жиырма-жиырма бес дегендерде де дәл жоғарыдағы жағдай.
Сөйтіп, болжалдық сан есімдерде нақты сан мөлшер ұғымы жоқ, абстракты сан мөлшер ұғымы бар, бұл оньщ есептік саннан негізгі мағына айырмашылығы.
Болжалдық сан есімдер тілімізде өте жиі қолданылады, оның жасалу жолы жағынан да мүмкіндігі өте мол. Олардьщ жасалу тәсілін екіге топтауға болады, болжалдық сан есімдер синтетикалық және аналитикалық тәсіл арқылы жасалады.
20-25 sentner astyk kalsa iwti jaradi