Ақтөбе губерниясы

Ақтөбе губерниясы 1920 жылдың ақырында Қазақ АКСР-і Кеңестері 1-Құрылтай съезінің (Орынбор, 4-12 қазан) шешіміне сәйкес бұрынғы Орынбор — Торғай губерниясының негізінде жаңадан құрылған үш губернияның бірі. Ақтөбе губерниясының құрамына Ақбұлақ (18 болыс), Ақтөбе (41 болыс), Можар (20 болыс), Темір (27 болыс), Ырғыз (17 болыс) аудандары кірді. Орталығы Ақтөбе қаласы болды. 1921 жылдың соңында Қарабұтақ пен Шалқар аудандары құрылды. 1921 ж. губерния аса ауыр қуаңшылықты басынан кешіріп, ашаршылыққа ұшырады. Мұнан кейінгі жылдары да губернияның халық шаруашылығы баяу дамып, елдің әл-ауқаты оңала қоймады. 1922 ж. 5 шілдеде аудандық бөлініс жойылып, 5 уез құрылды: Ақбұлақ (15 болыс), Ақтөбе (39 болыс), Ырғыз (8 болыс), Темір (20 болыс), Шалқар (6 болыс). 1928 ж. 17 қаңтарда Ақтөбе губерниясы Ақтөбе округі болып, ал 1932 ж. 20 ақпанда Ақтөбе облысы болып қайта құрылды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *