Акула туралы реферат

Акула туралы реферат
Акулалардың денесінің ұзындығы бір метрден 15 метрге дейін (кейде оданда ұзын) болады. Осы кезде олардың он шақты тұқымдасы белгілі. Бұлар барлық мұхиттар мен теңіздерге тараған. Каспий теңізінде ғана болмайды

ЖАЛПАҚ ТҰМСЫҚТЫ АКУЛА ТҰҚЫМДАСЫ
Осы кезде тіршілік ететін бір-ақ түрі бар. Олардың дене тұрқы ұзын болады және 6 — 7 жұп желбезек саңылаулары бар. Рострумы жоқ, арқа қанаты біреу ғана болады. Жалпақ тұмсықтылар Атлантика мен Тынық мұхиттардың терен, жерлерін мекендейді. Кәдімгі акула тұқымдасына (сагсһагііdае) 60-қа жуық түрлері жатады. Бұлардың басты өкілдері Жерорта теңізінің көк акуласы мен кунья акуласы болып есептеледі. Ара тұмсықты акула (ргіstіорһогиs jаропісиs) рострумы ұзын және жалпақ келеді. Рострумдарының сыртқы жиектерінде араның тісі сияқты бұдырлары бар. Мұндай құрылысты тұмсықтарының маңызы үлкен: біріншіден, жауынан қорғануда қару есебінде пайдаланады; екіншіден, өздерінің қорегі болып саналатын балықтарды екпінімен барып соғып, өлтіріп немесе әлсіретіп ұстап жейді. Кейбіреулерінің қанаттары жалпақ, скаттарға ұқсайды. Денесінің ұзындығы 1—2 м болады. Ол Жапония мен Австралия жағалауларында көбірек кездеседі.
Теңіз періштесі (sqиаtіпіdіае sqиаtіпа) — акулалар мен скаттардың арасындағы аралық форма болып есептеледі. Денесі жалпақтау, көкірек және құрсақ қанаттары үлкен, құйрық қанаты кішірек болады. Бір ғана түрі Атлантика мен Тынық мұхиттың қоңыржай және тропикалық суларында мекендейді. Тіршілігінің көпшілігін судың түбінде өткізеді деуге болады. Судың беткі және терең қабатын мекендейтін акулалардың барлығы да жақсы жүзеді. Ұрланып келіп, яки қуып жетіп балықтарды ұстап жейді. Біразы ғана омыртқасыздармен қоректенеді. Негізінен олар теңіздерді мекендейді, бір аз ғана түрі өзендерге шығады. Көпшілігінің ұрықтануы ішінде орындалады. Майшабақ акулалардың бірқатары, ноготница деген түрі — Мурманскіде, Қара теңізде, Қиыр Шығыстың суында болатын түрлері кұрсақта жұмыртқадан шабақтар шығару арқылы көбейеді. Акулалардың жұмыртқалары көп болмайды. Жұмыртқаларының сырты қатты қабықпен қапталған және су түбіндегі заттарға бекінетін жіпшелері болады.
Тірі туатын түрлерінің жұмыртқасының сыртында қатты қабығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолында дамығанда, ұрықты анасының денесімен тығыз байланыстыратын “сары уыз плаценттері” болады.
Акулалардың экономикалық маңызы шамалы. Кейбір жерлерде акулаларды “балық шагрені” деген терісі және құрамында “Д” витамині болатын майын пайдалану үшін аулайды.

Читайте также:

комментария 2

  1. Айдос:

    оте коп комек берди

  2. Айдос:

    жаксы малимет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *