Абиссаль аймақ

Абиссаль аймақ (гр. түпсіз терең) — мұхиттар мен теңіздердің біршама терең аймақтары. Әдетте абиссаль шамамен 3000 м тереңдіктен басталады деп есептеледі. Мұндағы су полюстерден экваторға қарай өте баяу ағады, темпиратурасы 1-2С, полюстерде 0С-дан да төмен; тұзды, тығыздығы тұрақты және түбіне Күн сәулесі жетпейді. Соның әсерінен өзіне ғана тән жануарлар дүниесі болады. Әлемдік мұхит түбінің 90-ін әртүрлі микроорганизмдер мен жануарлар қалдықтарынан (органогенді), теңіз ағысы алып келген тау жыныстары мен минералдардан, жанартау атқылауынан кейінгі заттардан түзілген абиссаль шөгінділер жапқан.

Абиссаль (грек. абужоз — түпсіз), абиссальдық зона — мұхит түбінің (2500 метрден 6000 метрге дейінгі) тереңдік зонасы. Суының баяу қозғалысымен, температурасының ұдайы төмендігімен (0°С тан төмен). Күн сәулесінің жоқтығымен, жануарлар дүниесінің өзіндік өзгешелігімен (жануарлары соқыр немесе көздері үлкен болады) сипатталады.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *