Әдебиет — қондырма
Әдебиет — қондырма. Сөз өнері — қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі орасан маңызды саласы.
Ал қоғамдық сана (идеология) дегеніміз — белгілі бір таптың мақсаты мен мүддесіне сәйкес саяси, праволық, салттық, діни, көркемдік, философиялық көзқарастар жүйесі екені мәлім. Қоғамдықсананың басқа түрлері тәрізді әдебиет пеи өнёр де жалпы
ел «өмірінің ақиқат ағымы» (Маркс), яки материалдық (және соған негізделген рухани) тіршілік жағдайы болып табылатын әлеуметтік тұрмысына тәуелді Міне, дәл осы арадан келеді де көркем әдебиеттің қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылысына, яғни базиске негізделген қондырма екендігі айқындалады.
Дегенмен әдебиеттің қондырма екендігіне кезінде күмән келтірушілер де болды. Оны жасырудың қажеті жоқ. Қайта, олардың әдебиет қондырма емес дегендегі дәлелі не,— қондырма дегенге қарсылығы қандай,— оны да барлап байқаған артық болмайды.
Бірінші қарсылық. Қондырма базиспен бірге жоғалуға тиіс. Ал әдебиет ылғи олай бола бермейді. Айталық, өткен ғасырдағы феодалдық базис жоғалды, бірақ сол тұста туған Пушкин, Абай шығармалары әлі өмір сүріп келеді және өмір сүре бермек.
Екінші қарсылық. Қондырма базисті нығайтуға тиіс. Ал әдебиетте ылғи олай бола бермейді. Айталық, Пушкин, Абай шығармалары өз кезіндегі феодалдық базисті нығайтуға емес, әлсіретуге қызмет етті.
Үшінші қарсылық. Тіл жоқ жерде көркем әдебиет те жоқ. Ал тіл — кондырма емес.
Міне, осылар секілді толып жатқан дәлелдер арқылы әдебиеттің қондырма екендігін жоққа шығарушылар болғаны баршаға аян. Олар, тіпті, поэзияның ямб, хорей, дактиль, анапест, амфибрахий сияқты өлшемдері немесе жалпы силлабикалық, тоникалық жүйелері ғасырлар бойы барлық базистер тұсында бірдей жасап келе жатқандығын да әдебиеттің ешбір «экономикалық құрылысқа тәуелсіз» нәрсе екенше дәлел етіп ұсынған-ды
Бұл пікірлерге дау айтудан бүрын дәл осы қарсылықтардың қалай және неге байланысты туғанын білген жөн.
Мынадай қағида болғаны белгілі: «Базис қондырманы өзіне қызмет жасату үшін, өзінің қалыптасуы мен нығаюына белсенді көмектесу үшін, күні өткен көне базисті көне қондырмасымен қоса жоқ ету жолында күресу үшін туғызады>.
И. В. Гуторов өзінің «Советтік әдебиет тану ғылымының негіздері» деген кітабында жеке баска табыну кезінде философтарды, әдебиет және тіл зерттеушілерін тұйыққа тіреп, адастырып әкеткен осы қағида деп түйеді.
Әрине, әдебиетті қондырма емес деушілердің бұл қағиданы соқырдың қолындағы таяқтай ұстанғаны мәлім. Бірақ олардың мұнысы әріпшілдік екенін өз алдына қойғанда, марксшілдер қондырманың базиске тәуелді екенін, қондырманы базис тудыратынын айтумен қатар, қондырма нығайып, белсенді құрал дәрежесіне көтерілгеннен кейін, өзі өзгертуші күшке айналып, базиске әсер ете бастайтынын да ашық айтқан болатын. Сөйтіп, қондырманың бір бөлегі бұры’нғы базиспен бірге құрыса, бірқатары келешекте де мәнін сақтайтынын, енді бір алуаны, тіпті, келешек қондырмаға негіз боп қалатынын да атап көрсеткен-ді. Жоғарыда айтылған қағидаға жабыса кететін әріпшілдер осынау соңғы пікірлерді неге ұмыт қалдырған?
Ал Карл Маркске келетін болсақ, әдебиет пен өнердің базис пен қондырмаға қарым-қатысы туралы мәселені әлгідей буалдыр бұлтаққа салмастан, ап-анық, нақ-ты тарихи жағдайға байланысты затты шешкен болатын. Өзінің «Қосымша құн теорияларында» Маркс буржуазиялық-антогонистік коғамдағы өндіргіш күштер мен көркем творчествоның өз ара қарым-қатынастары жайлы мәселеге метафизикалық, буржуазиялық объективтік көзқарастарды сынай келіп, былай деген-ді: «Материал-дық өнім саласындағы антагонизм идеологиялық сословиенің қондырмасын қажет етеді, оның қызметі,— жақсы болсын яки жаман болсын,— жақсы, себебі қажет»*.
Маркстің осынау нағыз ғылми ойларына сүйенсек, өндірістік қарым-қатынастағы антагонизмге негізделген базис атаулының қандайы болмасын бір тұтас емес, бір-неше таптық антагонистік идеологиялық қондырма яки қоғамның әр тарап саяси, праволық, философиялық, діни, көркемдік көзқарастарын туғызып, соларға лайық антагонистік қоғамның өзі секілді таптық қайшылықтарға толы идеологиялық мекемелер мен ұйымдар құратынын түсіну қиын емес.
Әдебиет — қондырма емес деушілердің пікіріне біз, міне, дәл осы тұрғыдан дау айтамыз да, олармен айтысқа түсеміз.
Б і р і н ш і д е н, қондырма базиспен бірге жоғалуға тиіс, ал Пушкин, Абай шығармалары неге ұзақ жасайды дейтіндер Пушкиннің тұстастары Греч, Булгарин, Кукольник, Сеньковский шығармаларының немесе Абайдың тұстастары Мұрат, Әубәкір, Байтоқ, Жанұзақ шығармаларының феодалдық базиспен бірге тозып бітке-нін жоққа шығара ала ма? Әрине, жоққа шығара алмайды. Олай болса, Греч пен Булгарин, Мұрат пен Әубәкір шығармалары қондырма да, Пушкин мен Абай шығармалары қондырма болмағаны ма? Логика қайда? Маркстік-лениндік дүние танымның бутіндігі қайда?
Е к і н ш і д е н, қондырма базисті нығайтуға тиіс, ал Пушкин, Абай шығармалары оны неге әлсіретуге қызмет еткен дейтіндер — базис пен қондырманың диалектикалық қарым-қатынасын түсінбейтіндер немесе түсінгісі келмейтіндер. Әйтпесе, қай кездегі қандай базис болмасын, оны нығайтуға қызмет ететін идеология да, әлсіретуге қызмет ететін идеология да болатынын тусінбеу мүмкін емес. Оның үстіне, жоғарыда айтқанымыздай, қондырма базиске бейтарап емес екенін түсінбеу тағы мүмкіи емес. Ақыр-аяғында, жалпы қоғамдық даму сырын, белгілі дәуірдегі қоғамның хал-күйін, ортаны, уақытты, кеңістікті есепке алмау — тек жаттампаз догматиктерге ғана тән мінез.
Ү ш і н ш і д е н, тіл жоқ жерде көркем әдебиет те жоқ, ал тіл — қондырма емес деушілер тіл жоқ жерде философия да жоқ екенін жоққа шығара ала ма? Әрине, жоққа шығара алмайды. Олай болса, философияның қондырма екенін мойындайтындар әдебиеттің де қондырма екенін мойындамай тура алмаса керек-ті. Демек, әдебиет — қондырма.
Неге?
Алдымен әдебиет қоғамдық сананың түрі ретінде әр дәуірдің өз базисімен бірге туады: феодализм өз әдебиетін, капитализм өз әдебиетін, социализм өз әдебиетін туғызғандығын дәлелдеу артық.
Тіл олай емес, дәуірге де, дәуірлік базиске де тәуелсіз.
Әдебиет өзінің әлеуметтік табиғатында базиске, тап тағдырына, қоғамдық құрылыс тағдырына енжар қарай алмайды, оларды я жақтайды, я даттайды; олардың я дамуына ықпал жасайды, я құлдырауына әсер етеді.
Тіл олай емес, олардың бәріне бірдей ортақ және бейтарап.
Әдебиетті, тіл сияқты, қоғамдағы барлық тап бірге жасамайды, әр тап белгілі тарихи жағдайға сай өз әдебиетін туғызады. Әрбір ұлттык мәдениетте екІ ұлттық мәдениет болатыны туралы лениндік қағида да онын осынау таптық сипатына куә Қысқасы, социализмге де-йінгі әдебиет ешқашан бүкіл халықтық әдебиет болған жоқ және болуы мүмкін емес. Бұлай болмаған жағдай-да әдебиет таптық, демек, қондырмалық сипатынан айырылар еді.
Әр дәуірдің әдебиетінде өз дәуірінің ізі сайрап жатады, әрбір әдеби туынды тек өз дәуіріне ғана тән. Демек, әдебиет,— тіл сияқты, бірнеше дәуірдің жемісі емес, бір ғана дәуірдің жемісі. Бұл да әдебиеттің қондырмалық сипатын дәлелдеген үстіне дәлелдей түседі.
Әдебиет — мәдениеттің бір бөлегі. Ал мәдениет — қондырма. Тіл олай емес екені мәлім.
Әдебиет қоғамдық сананың түрі ретінде адамдардың өндірістік қызметін тура емес, жанама түрде, тек базис арқылы ғана суреттеп көрсете алады. Ал тілдің қондырмадан өзгешелігінің бірі адамдардың өндірістік қызметімен тікелей байланысында жататынын, өйткені қондырма адамдардың өндірістік қызметімен тікелей байланыса алмайтынын дәлелдеп жату тағы да артық.