Қос тынысты балықтар
Қос тынысты балықтар
Қазіргі қос тынысты балықтардың үш түрі ғана белгілі. Тұщы суларда тіршілік ететін өзіндік ерекшеліктері бар балықтар. Олар суда еріген оттегімен тыныс алумен қатар ауадағы оттегімен де тыныс ала алады. Әсіресе, олардың бір ерекшелігі — оттегіне тапшы суларда да тіршілік ете алатындығы. Дене мөлшері кейбір түрлерінде 2 метрдей болады. Денесі черепица тәрізді орналасқан циклоидты сүйекті қабыршақпен қапталған, Құйрық қанаттары дифицеркальды.
Хордалары бүкіл өмір бойы сақталады. Омыртқа желісі тіпті кетілмеген, сол сияқты жоғарғы және төменгі омыртқа доғаларыда нұсқа түрінде ғана болады. Бас сүйектері аутостикалы болып келеді. Бас сүйегінің жамылғы сүйектен басқасы шеміршектен тұрады. Жоғарғы жақ сүйектері болмайды. Жұп қанаттарының скелеті шеміршекті және буын арқылы байланысқан бір қатарлы базалия элементтерінен тұрады. Құрылысы осындай жұп қанаттарды — бисериальды деп атайды.
Қос тынысты балықтардың прогрессивті белгілеріне алдын-ғы миының күшті дамуы жатады. Оның, үстіңгі беті эпителиальды клеткалардан емес, нерв клеткаларынан тұрады. Зәр шығару-жыныс системасы бір жағынан — шеміршекті балықтардікіне, екінші жағынан — қос мекенділердікіне ұқсайды. Шеміршекті балықтардағыдай ішегінде спираль тәрізді қақпақшасы, жүрегінде жиырылып жазылатын артериальдық конусы болады. Торсылдағы болмайды. Желбезегімен қатар өкпе арқылы да тыныс алатын болғандықтан, сыртқы танау тесігі болу-мен қатар ішкі танау тесігі (хаоны) де болады.
Қан өкпеге алып кеткіш желбезек артериясының төртінші парынан кететін арнаулы қан тамырлары арқылы келеді. Ал өкпеден арнаулы кан тамырлары шығып, қанды жүрекке алып барады. Сондықтан өкпеге келетін қан тамыры — өкпе артериясына, өкпеден кететін — өкпе венасына сәйкес келеді. Жүрекшеде оны оң және сол жартыға бөліп тұратын кішкене перде болады. Сол жартысына өкпе венасынан, ал оң жартысына кювьеров ағысынан және артқы қуыс венадан келетін қан құйылады. Қуыс вена (көп қанаттылардан басқа) балықтар класс тармағында болмайтынын атап өтуге болады. Ол жер бетін мекендейтін омыртқалыларға тән. Қуыс вена кардинальдық венаның тарамдануынан пайда болған.
Қос тынысты балықтар девон дәуірінің орта кезінде, палеозойдың аяғында пайда болып, мезозойдын. бас кезінде кедінен таралған. Қазіргі кезде екі отрядқа жататын үш тұқымдас және үш туысы сақталған.