Экологиялық тәрбие
Экологиялық тәрбие — ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Экологиялық тәрбие мақсаты – оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру.
Экологиялық тербиенің міндеттері:
— жас ұрпақ пен барлық тұрғындардың жоғарғы экологиялық мәдениетін бірізді дамыту;
— табиғатқа қоғам дамуының материалды және рухани күштердің қайнар көзі ретінде карап, оның тағдыры үшін жауапкершілікті сезіну;
— адамдардың санасы мен іс-әрекеттерінде табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып, оларды сақтау кағидаларын бекіту;
— қоршаған ортаға зиян келтірмей кейбір шаруашылық-экономикалық мәселелерді шешетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудың маңызды және көп ғасырлар тәжірибесінен тексеріліп өткен қағидасы тәрбиенің бастамасы еңбекке баулу екені анық. Еңбек, адам іс-әрекеттерінің негізгі түрі бола тұра, жеке тұлғаны дамыту факторы, және әлемді шығармашылық тұрғысынан меңгеру тәсілі ретінде қарастырылады.