Көбеш Айтбайұлы
Көбеш Айтбайұлы (т. ж. б. – 1890, Моңғолия, Қобда өңірі) – батырдың әйгілі керей Жәнібек батырдың ұрпағы. Орта жүз керей ішінде жәнтекей руынан шыққан. Ол Қытайдағы Цинь үкіметі мен қазақ руларына шапқыншылық жасаған дүңгендерге қарсы бірнеше рет қол бастап, ел намысын қорғаған. Ру, тайпааралық қақтығыстарды бейбіт түрде шешкен. 1868 ж. алғашқылардың бірі болып інісі Елешпен бірге руластарын бастап Моңғолияға (Қобдаға) көшті. Осы жылдары қытайлар мен қазақтар арасындағы болған шайқаста Көбештің ұлы Қарымбек қаза болды. Тағы бір ұлы Асылбек пен немересі Жантайлақ Қытай үкіметі тарапынан өлім жазасына кесілген. Алтай, Қобда өңірлерінде Көбештің ерлік істері аңызға айналған. Жазушы С.Мағауия “Көбеш батыр” атты роман жазды. Ұрпақтары Қытайда, Моңғолияда және Қазақстанда өмір сүреді.