Себеп-салдар үстеу
Себеп-салдар үстеу
Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрактарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың т. б.